Жексенбi, 22 Қыркүйек 2019 г. 10:27

Жұмыспен қамту 2020

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдар аралығындағы бағдарламаның 2018 жылы атқарылған жұмысы туралы ақпарат

Бағдарламаның бірінші бағыты 2018 жылы қысқа мерзімдік кәсіптік оқуға барлығы 60 адамға 7186,0 мың теңге жоспарланған. Оның ішінде Республикалық бюджеттен 35 адамға 4934,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 25 адамға 2252,0 мың теңге бөлінген. Мамандықтарға сұраныс болмауына байланыста 25 адамды оқытуға бөлінген 2252,0 мың теңге қаражат жергілікті бюджетке қайтарылды.
Республикалық бюджеттен бөлінген 4934,0 мың теңге қаражатты игеру мақсатында 35 адам қысқа мерзімдік оқытуға жолданды. 2018 жылдың 9 - тамызы күні Күршім ауылындағы «Күршім білім беру мекемесінің кәсіби – техникалық оқу орталығы» ЖШС – і арқылы 17 адам, олар: «Жүргізуші В санатты» мамандығына 10 адам, «Ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторшы машинисті» мамандығына 7 адам қысқа мерзімдік оқуға жолданды.
Күршім ауданының Марқакөл ауылындағы «Күршім колледжі» КММ-сі арқылы 18 адам қысқа мерзімдік оқуға жолданды, олар: «Шаштараз» мамандығына 9 адам, «Компьютерлік сауаттылық» мамандығына 9 адам оқуға жолданды. Алайда, «Компьютерлік сауаттылық» мамандығы бойынша оқуға жолданған 2 адам оқуға себепсіз келмеуіне байланысты оқудан шығарылды.
Ағымдағы жылдың 18 қыркүйегі күні 16 адам, 6 қазан күні 7 адам оқуларын аяқтады. Қалған 10 адам «Жүргізуші В санатты» мамандығын аяқтап, ағымдағы жылдың 29 қарашасы күні жүргізуші куәліктерін қолдарына алды.
Қысқа мерзімдік кәсіптік оқуды аяқтаған 33 адамның бүгінгі күні 31-і жұмысқа орналасты. 2 адам қысқа мерзімдік оқуды аяқтағаннан кейін білімін көтеру мақсатында Марқакөл ауылындағы «Күршім колледжі» КММ-сінде 10 айлық ветеринария курсын оқуда.
Бағдарламаның екінші бағыты аясында 2018 жылға Күршім ауданына Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының екінші бағыты бойынша барлығы 23 адамға 76,5 млн.теңге несие қаржысының берілуі қарастырылды. Олар: «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы арқылы 18 адамға 45,8 млн.теңге, «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы арқылы  5 адамға 30,7 млн.теңге.
Бүгінгі күнге барлығы 46 адамға 185,4 млн.теңге шағын несие берілді. Жоспар 241 пайызға орындалды. Соның ішінде: «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамына арқылы 36 адамға ірі қара мал шаруашылығы жобасына 83,4 млн. теңге, ал «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы «Сартау несие» серіктестігі арқылы 10 адамға мал шаруашылығын дамытуға 101,9 млн.теңге несие қаржысы берілді.
 «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша:
2018 жылға аудан бойынша кәсіпкерлік негіздерінде «Бастау Бизнес» бағдарламасы арқылы 6 лекпен 180 адамды оқыту жоспарланды. Бүгінгі күнге барлығы 241 адам оқытылды. Жоспар 133,8 пайызға орындалды.
Күршім ауданына 14 жобаға 3361,0 мың теңге гранттық қаржылары берілді.
Бағдарламаның үшінші бағыты жастар іс-тәжірибесіне барлығы 30 адамға 6603,0 мың теңге бөлінген. Оның ішінде: республикалық бюджеттен 10 адамға 3393,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 20 адамға 3210,0 мың теңге. Және де ағымдағы жылдың қазан айында облыстық бюджеттен 1870,0 мың теңге бөлінді.  Жоспардағы 30 адамның орнына 36 адамға жолдама берілді. Жастар іс-тәжірибесін аяқтағаннан кейін жұмысқа орналасқаны 31 адам немесе 86 пайыз. 2018 жылдың желтоқсан айын қоса, 12 айда республикалық бюджеттен 3393,0 мың.теңге (100%), жергілікті бюджеттен жоспар бойынша 12 айда 3210,0 мың теңге толық игеріліп, облыстық бюджеттен желтоқсан айын қоса 1770,3 мың теңге (100 %) игеріледі.
Әлеуметтік жұмыс орындарына барлығы 42 адамға 5523,0 мың теңге бөлінген. Оның ішінде: республикалық бюджеттен 20 адамға 4278,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 22 адамға 1245,0 мың теңге. Жоспардағы 42 адамның орнына 43 адамға жолдама берілді. Әлеуметтік жұмыс орнын аяқтағаннан кейінгі жұмысқа орналасқаны 26 адам немесе 60,4 пайыз. 2018 жылдың желтоқсан айын қоса, 12 айда республикалық бюджеттен жоспар бойынша 4277,5 мың теңге (100 %) игеріледі. Жергілікті бюджеттен жоспар бойынша 12 айда 1245,0 мың.тг (100 %) қаражат игеріледі.
Ақылы қоғамдық жұмысқа  барлығы 624 адамға 45067,0 мың теңге қаражат бөлінді. Соның ішінде жергілікті бюджеттен 540 адамға 42572,0 мың теңге, облыстық бюджеттен 84 адамға 2495,0 мың теңге. Бүгінгі күні 695 адамға ақылы қоғамдық жұмысқа жолдама берілді. Бөлінген қаражат толық игерілді.
Аудан көлемінде ерікті түрде қоныс аудару бойынша еңбек күші артық өңірден және оралмандар санатынан барлығы 40 отбасы құрамында 166 адамға жоспарланған. Соның ішінде еңбек күші артық өңірден 11 отбасы 72 адам, оралман санатынан 29 отбасы 94 адам. Бүгінгі күні еңбек күші артық өңірлерден 11 отбасы құрамында 24 адам, оралман санатынан 29 отбасы құрамында 94  адамға барлығы 40 отбасы 118 адамға өңірлік комиссияның шешімі шықты. Бұл мақсатқа жол ақы субсидиясына 6700,0 мың.теңге бөлініп, қаражат толық игерілді.
Жалға беру коммуналдық қызмет төлеу шығындарына барлығы 23700,0 мың.теңге бөлінген. Соның ішінде республикалық бюджеттен 7215,0 мың. теңге, облыстық бюджеттен 16500,0 мың.теңге. Бөлінген қаражат толық игерілді.

 

Халықты жұмыспен қамту
орталығының директоры Р. Нұрланұлы

 

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының іске асырылу барысы туралы

Бағдарламаның бірінші бағыты «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету»  бойынша техникалық және кәсіптік оқуға барлығы 52 адам жіберілді. Олар ауыл шаруашылық өндірісінің тракторшы машинисті мамандығына 24 адам, жөндеу жөніндегі электр монтері және электр жабдықтарына қызмет көрсетуші мамандығына 9 адам, модель-пішуші мамандығына 1 адам, кондитер мамандығына 1 адам, лаборант мамандығына 3 адам, слесарь жөндеуші мамандығына 4 адам, токарь мамандығына 5 адам, экскурсовод мамандығына 3 адам, тігінші мамандығына 1 адам, есепші мамандығына 1 адам.
Қысқа мерзімді курсқа 2017 жылы 141 адам оқыту жоспарланған. Оқуларын аяқтағандар саны 123, 70 адам оқуларын жалғастыруда. Соның ішінде: тракторшы- машинисті 15 адам, компьютерлік сауаттылыққа -18 адам, ветеринар санитар -43 адам, шаштараз мамандығына - 27 адам, аспаз -29 адам, тігінші 7 адам, электрик – 54 адам.
Бағдарламаның екінші бағыты  «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бойынша ауданға 56,8 млн.теңге несие берілуі қарастылды. Соның ішінде: «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы арқылы 26,3 млн.теңге, «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы арқылы 30,5 млн.теңгеге несиелендіру жоспарланды.
Бүгінгі күнге «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы арқылы 12 адамға 26,3 млн.теңге несие беріліп, жоспар толығымен орындалды.
«Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамының «Сартау» несие серіктестігі арқылы 6 шаруа қожалығына 30,5 млн. теңге несие берілуі қарастырылды. Бүгінгі күнге төрт жобаға 18,0 млн. теңге несие берілді. Қалған екі жобаның 12,8 млн.теңгесі қаралуда.
Бағдарламаның үшінші бағыты «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» 2017 жылдың 11 айында  жастар іс - тәжірибесіне 39 жас маман, әлеуметтік жұмыс орындарына 44 адам, ақылы қоғамдық жұмысқа 537 адам жолданды.  
Ауданда ерікті түрде қоныс аудару бойынша 20  отбасы құрамында 60 адамға жоспарланған. Бүгінгі күні 20 отбасы құрамында 72 адам бар оралман және еңбек күші артық өңірден 1 отбасына өңірлік комиссияның шешімі шығып, жол ақы субсидиясы, жалға беру коммуналдық қызметті төлеу шығындары төленді.

Жұмыспен қамту
орталығының директоры Р. Нұрланұлы

 

2015 жылы «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасының жарты жылдық орындалу барысы туралы ақпарат

«Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасының бірінші  бағыты аясында ауданда   2015 жылы 4 инфраструктуралых жоба іске асырылды. Бұл жұмыстарға республикалық бюджеттен 49, 953 млн теңге, жергілікті бюджеттен 9, 549 млн.теңге барлығы 59, 502 млн.теңге қаржы бөлінген. Жобаларды іске асыру барысында 11 адам жұмыспен қамтылды, Сарыөлең, Қалғұты, Ақбұлақ, Мөнекей орта мектептерінің ғимараттарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Бағдарламаның екінші бағыты бойынша 2015 жылы «СПК Ертіс» акционерлік қағамы арқылы 29 млн.теңге несие бөлінді.  Күршім ауылына сүт жинау орталығын ашу үшін 21 млн. тенге, Ақши ауылына мал сою аланың ашу үшін 3 млн. тенге, Қаратоғай ауылына қымыз өнімін өндіруге 5 млн. тенге несие берілді. Жобалардың іске асырылу барысында 9 адам жұмыспен қамтылатын болады. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы сүт бағытындағы асыл тұқымды ірі қара мал шаруашылығын дамыту үшін 12 млн.теңге несие бөлінді.
Бағдарламаның үшінші бағыты  бойынша  2015 жылы әлеуметтік жұмыс орындарына 8 адамға 1,0 млн.теңге республикалық бюджеттен бөлінді. Қазіргі уақытта 8 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді.
Жастар іс- тәжірибесіне 9 адамға 1,926 млн.теңге бөлінді. Бүгінгі күні 4 жас маман жастар іс-тәжірибесіне жіберілді. Қалған 5 адам ағымдағы жылдың жоспарына сәйкес тамыз айында жіберіледі.

Жұмыспен қамту
орталығының директоры Н.Потанина

Ауданда «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының» 2011-2014 жылдары аралығындағы орындалу барысы

Ауданда Қазақстан Республикасының Үкіметінің «Жұмыспен қамту 2020» пилоты бағдарламасы 2011 жылдын 19 маусымынан бастап іске асырала бастады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылы 19 маусымдағы
№ 636 қаулысымен «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бекітілді. Бағдарлама 3 бағыттан тұрады.
Бірінші бағыт «Инфрақұрылымды және тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамту .
Екінші бағыт «Ауылды жерде кәсіпкерліктің дамуына ықпал ету», Үшінші бағыт «Өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдарды оқыту және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу» және «Қоныс аударуды ұйымдастыру, оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету».
Күршім ауданы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» 3 бағыт бойынша жұмыс атқарады.
2012 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша 4 инфрақұрылым жобасы іске асырылды.Осы жобаларды іске асыру барысында Теректы ауылының су жүйесіне, Қалжыр, Сарыолен ауылдарының жолына ағымдағы жөндеу жұмыстары, Сарыолен ауылының мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді. Жобаларды орындау барысында 28 адам жұмыспен қамтылды.
 2013 жылы 15 жоба іске асырылды. 88 адам жұмыспен қамтылды. Жобаларды іске асыру нәтижесінде Теректы ауылындағы орта мектепке күрделі жөндеу, Боран ауылындағы мәдениет үйіне, Теректі ауылындағы мәдениет үйіне және Боран ауылының жолына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Күршім ауылындағы №4 мектептің ауласы, Теректі ауылындағы мәдениет үйінің ауласы абаттандырылды. Боран, Сарыөлен, Теректі, Күршім, Қалжыр ауылдарының көшелері жарықтандырылды. Теректі ауылындағы мәдениет үйінің шатыры ауыстырылды.
2014 жылы жоспардағы 8 жобаларды іске асыру барысында 36 адам жұмыспен қамтылады. Жоспарға Бурабай ауылына кіші аурухана салу, Теректі ауылындағы Абылайхан көшесінің жолына асфальт төсеу, Күршім ауылында орналасқан 3 мектепке, 1 бала бақшаға, Құйған ауылындағы орта мектебіне, Боран ауылындағы Құмаш Нурғалиев атындағы мектеп гимназияға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу кірді.
«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша
2011 жылы 17 жобаға, 2012 жылы 30 жобаларды іске асыруға ұсыныс берілген. Аудан халқының негізгі кәсібі мал шаруашылығы, қосымша егін және балық өнімдерін өндірумен айналысады. Осыған байланысты 2011-2012 жылдары « Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасы бойынша ауданға бөлінген несие ауыл шаруашылық өнімдерін өндеу цехтарын ашуға, ара шаруашылығын дамытуға берілді. Осы жобаларды іске асырғанда 138 жұмыс орны ашылу жоспарланған. Бүгінгі күні толығымен жобалар іске асырылып, жоспарланған жұмыс орындары толық ашылды.
2011- 2013 жылдары аралығында өз жобаларымен 265 адам қатысып, жобаларды іске асыру барысында жаңадан жұмыс орындары ашылып 384 адам жұмыспен қамтылды.
Бағдарламаны орындау кезіндегі атқарылған жұмыстардын нәтижесінде ауданда 10 наубайхана, 6 ағаш өндеу цехы, 5 балық өндеу цехы, 2 қасапхана, 1 техника жөндеу орталығы, 1 техниканы байқау орталығы, 17 омарта шаруашылығы, 8 құс фермасы, 1 пима шығару цехы, 1 май сығу цехы, 3 жүк тасымалдау көлігі, 4 жолаушы тасымалдау көлігі, 3 ұлттық киім тігіу цехы, 1 халыққа қызмет көрсету орталығы, 1 тоңазытқыш жөндеу орталығы, 81 мал шаруашылығы, 3 өсімдік шаруашылығы ашылды.

Ауданда жеңіл көліктердің жыл сайын көбеюіне байланысты жеңіл көліктердің техникалық тексеруден өтуіне қиындық туындаған. Осы қиындықты шешу мақсатында К.Ескендиров жұбайымен бірлесіп шағын несие алып автокөлік тексеру орталығын ашты. Өткен жылы 1200 автокөлікті тексеру орталығынан өткізді. Бұрынғы Маркакөл ауданының орталығы болған Теректі ауылы халық саны бойынша Күршім ауылынан кейінгі үлкен ауылдық мекендердің бірі. Аудан орталығынан алыс қашықтықта орналасқан халыққа қызмет көрсету орталықтары жетіспеуіне байланысты тұрмыстық техникаларды жөндеу шеберханасын ашуға осы ауылдың тұрғыны М.Бектенев 2012 жылы несие алып, осы жобаны іске асырды. 4 адамды жұмыспен қамтып, ауыл тұрғындарына қолайлы жағдай туғызды.
Теректі ауылының тұрғындары К.Байталов шағын несие алып, сүт өндеу цехын, С. Аманжолова ет өңдеу цехын ашқан. Бірақ бүгінгі күнге бұл цехтар толық өнім шығармай отыр. Осы ауылдың тұрғыны А. Жүнісова бұрынғы бос тұрған ғимаратты өз қаражатынан жөндеу жұмыстарын жүргізіп, қажетті құрал жабдыққа несие алып, дәмхана және қонақүй ашты. 2 адамды жұмыспен қамтыды.

Ауданымызда жаңа дамып келе жатқан ара шаруашылығын кеңейту мақсатында Маралды ауылдық округі бойынша 5 адам ара шаруашылығын дамытуға несие алып, 7 адамды жұмыспен қамтыды. Бұл жобалардың шығарған балдары ауданымыздағы мектептерді толық балмен қамтып отыр. Ауданда , облыс орталығында өтетін жәрмеңкелерге қатысып тұрақты өз өнімдерін саудалауда. Жыл сайын облыста өтетін бал фестивалына қатысып жүлделі орындарды алып жүр. Атап айтсақ осы ауылдың тұрғындары Е. Қаспаков, А.Рамазанов, Л.Какимова, Қ.Есимов алған қаражаттарын өз мақсатына пайдаланып, жоғары сапалы балды халыққа ұсынуда. Аудан халқының сұранысын қанағаттандыру үшін Күршім ауылының тұрғыны Қ.Белгубаев ағаш өндеу цехына несие алып жобаны іске асырды. 4 адамды жұмыспен қамтыды. Шығарған ағаш өнімдері ауылдарды абаттандыруға қолданылуда. Ауданымыздағы шешілмеген мәселелердің бірі халықты елді мекендер арасында және аудан орталығында тасымалдау. Осы мәселені шешу барысында Күршім ауылының тұрғыны А.Чегебаев несиеге автокөлік алып, Күршім- Өскемен бағытында халықты тасымалдауда. Аудан ішіндегі елді мекендерден жолаушыларды тасымалдауға Күршім ауылының тұрғыны Г.Орынбасарова, Ақбұлақ ауылының тұрғыны Қ.Қожанов алған несиесіне автокөлік сатып алып, аудан ішінде және Өскемен қаласына халықты тасымалдауда. Бұл мәселе ауданда толық шешілмегендіктен 2014 жылға Қалғұты, Теректі, Балықшы ауылдық округтеріне несие бөлініп, халықты тасымалдау жоспарлануда.
Аудан халқының қосымша пайда көзі балық шаруашылығын дамыту болып табылады. Құйған, Балықшы ауылдық округ халқының негізгі табыс көзі балық өнімдері өнімді өндеу цехтарының жоқтығынан балықты арзан бағаға сатуда. Осыған байланысты Құйған ауылының тұрғындары А.Слямов, Т.Сабырбаев, Г.Туғамбаева, Балықшы ауылдық округінен Ш. Рахымжанова, А. Адилбеков несие алып, балық өндеу цехтарын іске қосты. 6 адамды жұмыспен қамтыды. Шығарған өнімдері жұма сайын өтетін аудан орталығында және облыс орталығында Өскемен қаласында халыққа сатылуда.

Боран ауылдық округінің тұрғыны оралман ағайындар А.Есмурат 4 азаматпен бірлесіп егістік шаруашылығын дамыту мақсатында несие алып 400 га бидай, 250 га арпа, 170 га көп жылдық шөп егіп, жақсы түсім алды. Осы ауылдың тұрғыны Б.Омарқызы алған несиесіне 870 қаз балапандарын сатып алып, өнімін халыққа ұсынуда. Аудан орталығынан шалғайда орналасқан Урунхайка ауылының тұрғыны Г. Давлетова наубайхана ашып, 2 адамды жұмыспен қамтыды. Күніне 140 бөлке нан шығарып, тұрғындарды нан өнімдерімен қамтамасыз етуде. 2014 жылы 1 кезең арқылы Балықшы ауылдық округіне қарасты Ақсуат, Аманат, Жолнұсқау ауылдырының тұрғындарына (А. Кадыролдинов, Н. Кулетаев, Т. Молдагасымов ) наубайхана ашу жобасына несие бөлінді. Ауданның негізгі шаруашылықтарының бірі жылқы малын өсіру. Аудан әкімінің тапсырмасы бойынша жылқы малынан алынатын «қымыз» өнімін дамыту мақсатында Қалжыр ауылының тұрғыны Ш.Чапатов алынған несиесіне қымыз өнімін өндіруде. Бұл жобаны кеңірек дамыту үшін 2013 жылдың 2 кезеңінде Маралды ауылынан Р.Абдрахманов, Алғабас ауылының тұрғыны А.Қалдешов несие алып, 2014 жылы жобаны іске асырмақ.
Бағдарламаның үшінші бағытының бірінші компаненті бойынша;
2011-2014 жылдары аралығындағы кәсіптік оқуға ( колледж) 196 адам қатысып, бүгінгі күні оқуды аяқтағандар 126.
Қайта даярлау мен біліктілігін арттыруға 223 адам оқып, барлығы уақытша, тұрақты жұмысқа орналасты.
378 адам әлеуметтік жұмыс орнына, 73 жас маман жастар іс- тәжірибесіне жіберілді.
Бағдарламаның үшінші бағытынын екінші компанентінің аясында аудандағы потенциалы төмен елді мекендерден Зырян, Өскемен қалаларына 33 отбасы қоныс аударды. Сонын ішінде;
2012 жылы Зырян қаласына 7 отбасы қоныс аударды.
2013 жылы Өскемен қаласынын қасындағы Шығыс ауылына 26 отбасы қоныс аударды. Қоныс аударған отбасыларына осы ауылдан үш бөлмелі үй беріліп жұмысқа орналастырылды.
Жыл сайын әр сала бойынша шағын несие алушылар саны көбеюде. Біздің бөлімнің негізгі мақсаты Үкімет тарапынан бөлінген қаражатты тиімді пайдаланып, жұмыссыз отырған адамдарды жұмыспен қамту бағытында үнемі тұрақты жұмыс атқарып аудандағы жұмыссыздық деңгейін азайту.

Жұмыспен қамту орталығы
директорының у.м.а : Ж. Қарағызов

Парақтар өзгертілді: 25-04-2019