Дұйсенбi , 18 Желтоқсан 2017 г. 11:03

Ауыл шаруашылығы

Ауылшаруашылығы кооперативі

Ауылшаруашылығы кооперативі

Ауылшаруашылығы кооперативі

Кооперация – ауыл болашағы

Ауылшаруашылығы кооперативтерін құру,  Ауылшаруашылығы Министрлігі белгілеген кооперативтерді жабдықтау индикативтік көрсеткіштерін орындау, халықты нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламаның 2-ші бағытының қаражатын игеру туралы.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес облыстық ауылшаруашылық басқармасымен берілген жоспар тапсырма бойынша биылғы 2017 жылға біздің ауданда 860 жеке қосалқы шаруашылықты біріктіріп, 38 ауыл шаруашылық кооперативін құру тапсырылған.

2017 жылдың 7 қарашасына 893 жеке қосалқы шаруашылық пен шаруа қожалықтары біріктіріліп, 38 ауылшаруашылығы кооперативтері құрылып жоспар 103,8
2017 жылы «Нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті жаппай дамыту» бағдарламасының екінші бағыты бойынша Аграрлық несие корпорациясы арқылы несие алу үшін, 30,8 млн. теңгеге 6 жобаның құжаттары аграрлық несие корпорациясына 25 тамыз күні өткізілді. Құжаттары тексеріліп, 4 жоба иесіне 18 млн. теңгенің несиесі берілді. Атап айтқанда «Алтай» шаруа қожалығына 4 млн. теңге, «Тымбай» шаруа қожалығына 4 млн. теңге, «Алгул» шаруа қожалығына 6 млн. теңге, «Бес жұлдыз» шаруа қожалығына 4 млн. теңге несие берілді.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті жаппай дамыту» бағдарламасының екінші бағыты бойынша «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы филиалы арқылы 2017 жылға жоспарланған 26,3 млн. тенгенің 12 жобасы бойынша несие толық төленіп берілді.

«Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы құрылған кооперативтердің жарғылық капиталын нығайту мақсатында пилоттық жобаға енген «Сыр-Али» ауылшаруашылығы кооперативі (Бахтияров Әлібек)  ет өнімін тасымалдауға арнайы автокөлік алуға 7,0 млн.тенге несие игерді.

Кәсіпкерлік және
ауыл шаруашылығы
бөлімінің басшысы С. Ашманов

Парақтар өзгертілді: 07-12-2017