Дұйсенбi , 23 Қазан 2017 г. 02:44

Аудан әкімі

Чукаев Сейсенғазы Жұмағалиұлы –  Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының әкімі

1966 жылы 17 маусымда туған, қазақ, Семей облысы Үржар ауданы Ново-Троицк ауылының тумасы. Білімі жоғары, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметті талдау» мамандығы бойынша, Қазақ мемлекеттік заң академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Мемлекеттік қызметте 25 жыл жұмыс істейді.

Еңбек жолы:
1983-1990 жж. - Тасбұлақ совхозының № 3 фермасында жұмысшы
1984-1986 жж. - Кеңес Армиясы және Әскери-Теңіз флоты қатарында қызмет
1986-1990 жж. - Тасбұлақ совхозының № 3 фермасында жұмысшы
1990-1995 жж. - Үржар ауданы бойынша мемлекеттік салық инспекциясының салық инспекторы (уақытша), аға салық инспекторы, бөлім бастығы
1995-1997 жж. - Абралы ауданы бойынша салық инспекциясының бастығы
1997-2002 жж. - Жарма ауданы бойынша салық бөлімі бастығының міндетін атқарушы, Жарма ауданы бойынша салық комитетінің төрағасы
2002-2004 жж. - ШҚО бойынша салық комитетінің төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы, ШҚО бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары
2004 ж - Өскемен қаласы бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары
2004-2007 жж - Үржар ауданы бойынша салық комитетінің төрағасы
2007-2011жж. - Үржар ауданы әкімінің орынбасары
2011-2015 жж. - ШҚО бойынша тексеру комиссиясының мүшесі
2015 жылдың 5 тамызынан Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының әкімі болып тағайындалды.

Марапаттары:
«ҚР Конституциясына 10 жыл»,  «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен, «ҚР Салық қызметінің 20-жылдығы»,   «ҚР қаржы жүйесінің 90-жылдығы» кеуде белгілерімен, ҚР Президентінің алғыс хатымен, ҚР мемлекеттік кірістер Министрінің құрмет грамотасымен, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің, ШҚО Жарма ауданы әкімінің, Үржар ауданы әкімінің грамоталарымен наградталды.

Лауазымдыққызметі:
Аудан Әкімі аппаратына тікелей басшылық етеді, аудан мекемелерінің, комитеттердің, департаменттердің, ұйымдардың, кәсіпорындардың және ауылдық округ әкімдерінің ауданның экономикалық және әлеуметтік дамуында атқаратын жұмыстарын үйлестіреді. Аудан бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, аудандық әскери комиссариаттың, ішкі істер бөлімінің, аудандық қаржы бөлімінің, әділет бөлімінің, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі мәселелерін қарастырады.
Аудан бюджетінің орындалуы және қаржының пайдаланылуы сұрақтарын шешеді. Бөлім басшыларын, аудан Әкімі қызметкерлерін, ауылдық округ әкімдерін тағайындау және қызметтен босату, облыстық және республикалық бюджеттен қаржыландырылатын аудан органдарының басшыларының кандидатурасын келіседі. Құқық қорғау органдарының қызметін қадағалайды.

  Аудан әкімінің БЛОГЫ
  
  Қабылдау уақыты: Әр сәрсенбі сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін.
  Телефоны: 8-(72339)-2-14-00.
  Мекен-жайы: Күршім ауылы Ибежанова көшесі 23
  Email:  akimatkurchum@akimvko.gov.kz.

Парақтар өзгертілді: 07-12-2016