Сейсенбi, 17 Шілде 2018 г. 15:15

Атамекен

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2013 жылдың 9 қыркүйегінде ҚР Үкіметінің және «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП-ның бірлескен шешімімен құрылған. 2015 жылдың 27 наурызында Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы болып ресми түрде қайта тіркелді (2015 жылғы 27 қаңтардағы ҚР ҰКП-ның кезектен тыс ІІ Съезінің шешіміне сәйкес). 2013 ж 08 қазанында Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлік палатасы құрылды. Кәсіпкерлік Палатасының филиалы Күршім ауданында 10 ақпан 2014 жылдан жұмысын бастаған. Кәсіпкерлік палатасынын Күршім ауданы филиалының директоры болып Кудедаева Светлана Семеновна тағайындалды. Кәсіпкерлер палатасының мақсаты – кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғап, заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету, аймақтағы бизнес өкілдерін бір ортаға шоғырланған кәсіпкерлік қауымдастық құруға жұмылдыру. Өңірлік кәсіпкерлік палаталардың міндеті – еліміздің барлық аймағында кәсіпкерлік секторын дамыту, кәсіпкерлік саласына қатысты мемлекеттік саясатты құруда және жүзеге асыруда бизнес өкілдерінің мүдделерін ескеру үшін институтционалдық мүмкіндіктер жасау. Аймақтық бизнес өкілдері мен жергілікті әкімшіліктер арасындағы өзара тиімді байланыс тетіктерін жетілдіру. Кудедаева Светлана Семеновна, 1966 жылдың 22 қазанында Зайсан қаласында дүниеге келді. Алматы қаласындағы Халық шаруашылығы институтын бітіріп Күршім май зауытында есепші, экономист болым істеді. Май зауыты жабылған соң мемлекеттік қызмет атқарды, әр салада бас есепші болып істеді, несие серіктестігің басқарма төрағасы болды.

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша хабарландыру

Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы 2018 жылы «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша тегін оқытуға жинайды. Бағдарлама ауыл тұрғындарын кәсіпкерлік дағдыларына оқытуға бағытталған. Ауыл тұрғындарын ­– жұмыссыздар (жұмыспен қамту орталығына тіркеуге тұру қажет етілмейді) мен өзін өзі жұмыспен қамтығандарды, өз бизнесін ашқысы келетіндерді, сондай-ақ бизнесін кеңейткісі келетін кәсіпкерлерді (тіркелген уақыты 3 жылдан аспауы тиіс) оқуға шақырамыз.
Бағдарламаға қатысу үшін тестілеуден өту керек, соның қорытындысы бойынша топқа іріктеу жүргізіледі. Қызығушылық танытқандар Өңірлік кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалдарына/тұрғындарды жұмыспен қамту орталықтарына/ауылдық округ немесе елдімекен әкімдігіне жүгіне алады, сонымен бірге өтініш пен сауалнама толтырады. Өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, мекенжай анықтамасы, дербес кредиттік есеп қағазы болуы керек.
Оқу ұзақтығы – 1 ай. Бірінші кезең бойынша тестілеу 2018 жылғы 27 – 30 наурыз аралығында өтеді.   Оқу 2018 жылғы  02 – 28 сәуір аралығында жүргізіледі.
Бағдарламаға қатысушыларға шәкіртақы төленеді және курс бітірушілеріне сертификаттар беріледі.
Сұрақтар туындаған жағдайда http://atameken.kz/ сайтында немесе 87233921003 байланыс телефонына хабарласып, Күршім ауданы, Күршім ауылы, Бунтовских, 19, кеңес алуға болады. 

2017 жылғы Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурс жəне «Қазақстанның үздiк тауары» республикалық көрме-конкурсын өткізу туралы  хабарландыру

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тауарлар өндірумен және қызметтер көрсетумен айналысатын әртүрлі меншік нысанындағы ұйымдарға 2017 жылғы Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсты жəне «Қазақстанның үздiк тауары» республикалық көрме-конкурсын жариялау  туралы хабарлайды. 
Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурс жəне «Қазақстанның үздiк тауары» республикалық көрме-конкурсы туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 9 қазандағы №194 Жарлығына сәйкес конкурстар жыл сайын өткiзіледі.
Конкурстарға мемлекеттің қатысу үлесі 50 %-дан асатын ұйымдарды, сондай-ақ өздеріне қатысты белгіленген тәртіппен оңалту және банкроттық туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген рәсімдерді жүзеге асыру туралы шешімдер қабылданған ұйымдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар өндірумен (қару-жарақ пен әскери техника өндіруді қоспағанда), қызметтер көрсетумен айналысатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар (бұдан әрі – конкурсқа қатысушылар) қатыса алады.
Конкурстарға қатысуға ниет білдірген тұлғалар 2017 жылғы 1 маусымға дейін Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресiмдеудiң, ұсынудың және алдын ала бағалаудың Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiткен ережелерiне сәйкес өтінім мен материалдарды (есептерді) тапсырады. 
Конкурстар туралы толық ақпаратты www.altynsapa.kz сайтынан алуға  болады.
Конкурстарға қатысу сұрақтары бойынша 8 (7232) 70-29-54, сот. 8747 428 01 82 телефондары арқылы жүгінуге болады.

Парақтар өзгертілді: 05-03-2018