Бейсенбі, 19 Қазан 2017 г. 16:36

Аудан округтері

Боран ауылдық округі

Айтжанов Мейрамбек Кобенович Айтжанов Мейрамбек Көбенұлы - ШҚО Күршім ауданының  Боран ауылдық округінің әкімі
1969 жылы  8 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданы Шеңгелді ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1992 жылы Талғар ауыл шаруашылығы техникумын жерді үйлестіру, 2013 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін агрономия мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1986 жылы Қалжыр совхозының жұмысшысы болып бастады. 1987-1989 жылдары әскери борышын өтеді. 1992-1997 жылдары Қалжыр совхозының Черняевка бөлімшесінің жұмысшысы, бригадирдің есеп жөніндегі көмекшісі,  агроном, 1997 – 1998 жылдары “Қалжыр-М” шаруа қожалығының мүшесі, 1998-2004 жылдары “Жалғас-М” шаруа қожалығының басшысы болып еңбек етті. 2004-2006 жылдары Қалжыр ауылдық округі әкімі аппаратының жерді үйлестіруші маманы, ауыл шаруашылығы маманы, 2006-2015 жылдары Күршім аудандық жер қатынастары бөлімінің жетекші маманы, бас маманы қызметтерін атқарды. Сайлау нәтижесі бойынша 2015 жылдың 28 желтоқсанында Боран ауылдық округінің әкімі лауазымына тағайындалды.   
Отбасылы. 3 бала тәрбиелеп өсіруде.

Лауазымдық міндеттері: Ауылдық округ әкiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында тиiстi аудандық   әкiмдiктiң лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi. Азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi. Әкiм аппараты әкiмшiсi болып табылатын бюджеттiк бағдарламаларды әзiрлеп, тиiстi мәслихаттың бекiтуi үшiн жоғары тұрған әкiмдiктiң қарауына енгiзедi. Әкiм аппараты әкiмшiсi болып табылатын бюджеттiк бағдарламаны әзiрлеу кезiнде жергiлiктi қоғамдастық жиналысының талқылауына жергiлiктi маңызы бар мәселелердi Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан бюджетiнiң құрамында көзделген бағыттар бойынша қаржыландыру жөнiндегi ұсыныстарды шығарады. Азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актiлерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi. Өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады. Аудандық маңызы бар ауылдың, ауылдық округтiң коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ аудандық маңызы бар ауылдарда, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi. Шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi. Өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру  мәселелері жөніндегі, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi. Әдiлет органдары жоқ жерлерде ауылдық округтің әкімі Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады. Жұмыспен қамту органдары жоқ жерлердегі ауылдық округтің әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмыссыздарды белгілеп отырады. Тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады. Табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтiк көмек көрсету жөнiнде ұсыныс енгiзедi, жалғызiлiктi қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйiнде қызмет көрсетудi ұйымдастырады. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етедi және өзге де әлеуметтiк-құқықтық көмек көрсетедi. Мүгедектерге көмек көрсетудi ұйымдастырады. Қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастырады. Дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi органмен және мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады. Мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мәдени-бұқаралық және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады. Мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмек көрсетудi үйлестiредi. Халықтың әлеуметтiк жағынан әлсiз топтарына қайырымдылық көмек көрсетудi үйлестiредi. Ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседi. «Алтын алқа» алқасымен наградталған аналарға үй бөлуге жәрдемдеседі. Жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi. Қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады. Шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрiгерлiк көмек көрсететiн таяу жердегi денсаулық сақтау ұйымына дейiн жеткiзiп салуды ұйымдастырады. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды. Шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады. Жергiлiктi бюджеттi бекiту (нақтылау) кезiнде аудан  мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады. Мектепке дейiн тәрбие беретiн және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерiнiң қызметiн қамтамасыз етедi. Өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi. Елдi мекендердi абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады. Туысы жоқ адамдарды жерлеудi және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиiстi қалпында күтiп-ұстау жөнiндегi қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады. Кәсiпқой емес медиаторлардың тiзiлiмiн жүргiзедi. Жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша  және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды. Ауылдық  округ әкiмiнiң құзыретiне аудан орталығымен көлiк қатынасын ұйымдастыру жөнiнде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгiзу, сондай-ақ ауылдық жерде оқушыларды мектепке дейiн және кейiн қарай тегiн жеткiзiп салуды ұйымдастыру да жатады. Басқаруына берiлген аудандық коммуналдық мүлiктi жеке тұлғаларға және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға кейiннен сатып алу құқығынсыз мүлiктiк жалға (жалдауға) бередi. Берiлген коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындар қызметiнiң басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетiлетiн қызметтерiнiң) мiндеттi көлемдерiн айқындайды. Берiлген коммуналдық мүлiктiң сақталуын қамтамасыз етедi. Берiлген аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады. Жергiлiктi атқарушы органның шешiмiмен бекiтiлетiн, басқаруына берiлген аудандық коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорынның жылдық қаржылық есептiлiгiн келiседi. Басқаруына берiлген коммуналдық қазыналық кәсiпорындар өндiретiн және өткiзетiн тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) бағаларын белгiлейдi. Берiлген аудандық коммуналдық мемлекеттiк мекемелердiң жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылуының жеке жоспарларын бекiтедi. Кiрiс көздерiн қалыптастырады. Бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi органда әкiмдердiң жергiлiктi өзiн-өзi басқару функцияларын iске асыруына бағытталатын ақшаны есепке жатқызуға арналған, жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотының ашылуын қамтамасыз етедi. Бюджет қаражаттарын үнемдеудiң және (немесе) Қазақстан Республикасының жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы заңнамасында көзделген түсiмдердiң есебiнен еңбек шарты бойынша қызметкерлер қабылдайды. Жергiлiктi қоғамдастықтың жиналысында келiсiлгеннен кейiн жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың ақша түсiмдерi мен шығыстары жоспарын бекiтедi. Мемлекеттiк мекемелердiң өздерiнiң иелiгiнде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуiнен түсетiн ақша түсiмдерi мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекiтедi. Ауылдық округтің тұрғын үй қорын түгендеуді жүргізеді. Аудан әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша ауылдық округтің авариялық жағдайдағы үйлерін бұзуды ұйымдастырады. Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттары аясында ауыл халқына микрокредит беруге жәрдем көрсетеді. Бюджеттік өтінім, сметалық шығындарын жасап, бюджеттік бағдарламаларды дайындап бюджеттен бөлінген  қаржының мақсатты  пайдалануын жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің актілері мен тапсырмаларының, облыс әкімі, аудан әкімі мен облыстық және аудандық әкімдіктердің актілері мен тапсырмаларының, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың, аудан аумақтарын дамыту бағдарламасының іске асырылуының, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткіштерінің, мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Ауылдық округ әкiмiнiң құзырына Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге де мәселелердi шешу жатқызылуы мүмкiн. Ауылдық округ әкiмi өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өзiне жүктелген мiндеттердiң iске асырылуы үшiн жоғары тұрған әкiмнiң, аудандық мәслихаттың алдында жауап бередi.

 

  Мекен жайы: 071203 Боран ауылы Орталық көшесі 2
  Қабылдау күндері: сәрсенбі, бейсенбі сағ 10.00-12.00 дейін
  Тел.  8(72343) 22440

 

 

Парақтар өзгертілді: 29-06-2016