Дұйсенбi , 23 Қазан 2017 г. 03:02

Мәдениет

Мұражайлар

Күршім аудандық тарихи-өлкетанумұражайы

Күршім аудандық тарихи-өлкетану мұражайы 1976 жылы қоғамдық негізде құрылған, ұйымдастырған әуесқой өлкетанушы Кушников Мстислав Анатольевич. Алғашқы жиналған экспонаттар саны 8 ( көне заттар, кітаптар, шіркеу бұйымдары) болған.
1987 жылы жаңа ғимарат салынып, мемлекеттік статус алды. Мұражай қоры бүгінде 4854 жәдігерден тұрады, оның 2284 негізгі қор, 2570 ғылыми қосалқы қор. Видео қор 135 кассетадан тұрады. Мұражайдың екінші ғимараты ағаштан салынған үй архитектуралық ескерткіш ХХ ғ. бас кезін қамтиды. 1939-1962 ж әскери комиссиарат болған. Осы үйдің қабырғасына соғыстан оралмаған боздақтардың құрметіне ескерткіш тақта орнатылған. Қазіргі күні мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі орналасқан.  Мұражай меңгерушісі - Нұрзаш Дүкенқызы Қалитова. 2008 жылы мұражай меңгерушісі Нұрзаш Дүкенқызы Қалитова «Мәдениет және өнер қайраткерлері» сыйлығының «Мұражай ісі» номинациясы бойынша облыс әкімінің жүлдесінің лауреаты болды.

Мұражайдың 1 залы ауданның фаунасы және флорасымен таныстырады.
Күршім ауданының табиғи байлықтары, аңдар мен құстар, өсімдіктер әлемі туралы терең мағлұмат берілген. Күршім жерінде өсетін емдік шөптер арша, жау шүмілдірік, мақсыр, эдельвейс бар. Ителгі, бүркіт сияқты құстар, арқар, таутеке сияқты аңдар туралы біле аласыз.

Екінші залда қазақ және орыс халықтарының этнографиясы көрсетілген.
Қазақ халқының тұрмысы-киіз үйде, орыс халқының тұрмысы-қоныс аударушылардың үй бұйымдары арқылы берілген.

Үшінші қызыл зал көрмелер арқылы әр кезеңнен мағлұмат береді
 «Күршім Ұлы Отан соғысы жылдарында», «Еліміздің рәміздері», «Ауданды басқарған адамдар», «Спорт әлемінде», «Күйшілер мен ақындар», «Ауыл ажары» көрмесі ауданның қазіргі тыныс-тіршілігін насихаттайды.
Мұражай қорында өте сирек кездесетін жәдігерлерден тас еңбек құралдарының ішінде тастан жасалған балға, Қазақстан Республикасындағы мұражайлардың ішінде бірден-бір ғана кездесетін жәдігер б.ғ.д. III-I ғғ. ғұн –сарматтардың тұрмыстық бұйымы қолдан жасалған қазан, Жылытау қорығынан табылған б.ғ.д.ХII-ХIII ғ.қоладан жасалған найзаның ұшы, Құйған ауылынан табылған қола айбалта (жауынгер балтасы) ХI-VIIғ. қамтиды.
Көне ескерткіштердің анықтамасын археология ғылымдарының кандидаты Арсланова Ф.Х. және археология ғылымдарының кандидаты Зейнолла Самашев жасаған. Жәдігерлер ішінде өте көне Құран кітап, қажының белбеуі ХIХ ғ аяғында бақсы қобызының сырғасы, әшекейлік бұйымдары. Қоныс аударушылардың тұрмыстық бұйымдарын, ХVII ғ. Көне баспа кітаптарды атап өтуге болады. Мұражай қорын толықтыруда жерлес ғалым Сәбетқазы Ақатай көп үлес қосты.
Мұражайда өлкеміздегі халық ағарту, мәдениет, денсаулық салаларының өркендеу тарихы туралы деректер, өлкеміздегі спорттың дамуы және дүние жүзілік деңгейдегі спортшы-жерлесіміз Екатерина Иванова туралы, Совет Одағының Батырлары В.В.Бунтовских, А.С.Крахмаль, Журба, Кукин, қазақтың тұңғыш әскери ұшқышы Жақыпбек Малдыбаев туралы деректер жинақталған.        Мұражай қорындағы деректі материалдар негізінде ШҚМУ-нің түлектері екі дипломдық жұмысты Күршім ауданының тарихына және экологиялық жағдайы туралы қорғады.
Күршім ауданының 80 жылдық мерейтой құрметіне орай мұражайда аудан өміріне байланысты «Көрікті Күршім-Марқа», «Бір сәт», «Ер атағы-елге қуаныш» атты фото-шежіре көрмелерін ұйымдастырды.Мұражай қоры жүз жылдық тарихы бар домбыра мен жайнамазбен толықтырылды.
ҚХР дан келген делегация өкілдері және мерейтой қонақтары мұражай ұжымына ризашылықтарын қолтаңбамен және аудандық газет беттерінде білдірді.

 

Парақтар өзгертілді: 04-06-2010