Жұма, 28 Шілде 2017 г. 08:30

Мәдениет

Кітапханалар

Тақырыптық кеш: «Асқақта елім, айбыным!»

Тақырыптық кеш: «Асқақта елім, айбыным!»Аудандық кітапханада аса маңызды белгілер – Рәміздер күніне орай осындай тақырыппен кеш өтті. Кешке№1 мектептің оқушылары, мұғалім Жандаралова Жанар, әділет басқармасының мамандары Тоқпаева Салтанат, Жандаралова Әсем қатысты. Кеш Қазақстан Республикасының Ән-ұранымен ашылды. Мемлекеттік рәміздер жайлы толық түсінік беріліп, слайдтар көрсетіліп, оқушылар рәміздер тақырыбында өлеңдер оқыды. «Рәміздер –елдігімнің белгісі» атты тақырыптық сөре ұйымдастырылып, шолу жасалды. Еліміздің Конституциясында рәміздер қалай құрметтеліп қорғалатыны туралы Әділет басқармасының маманы Тоқпаева Салтанат толық мағлұмат берді. Отан, туған ел, жер, батырлық, ерлік жайлы мақал-мәтелдер айтылып, «Тәуелсіздік» атты сөзжұмбақ шешу оқушылардың білімдерін көрсетуде оң нәтиже берді. Еліміздің болашақ патриоттарын қалыптастыруда өткен мәдени шараның маңызы зор. Кеш «Көк тудың желбірегені» әнімен аяқталды.

 

 

 

Дөнгелек үстел: «Зиянды әдеттерден сақтан»

Аудандық кітапханада өткен «Зиянды әдеттерден сақтан» атты дөнгелек үстелге №1 мектептің 9 «а», 9 «б», 9 «в» сынып оқушылары және сынып жетекшілері Айтмурзина А. А, Рахиева Қ. қатысты.
Бұл мәдени шараға Күршім аудандық мешітінің бас имамы Ерлан Мамайұлы, Күршім ауданының ішкі істер бөлімінің аға лейтинанты Тюребаев Әділет Айтанұлы, Күршім аудандық поликлиникасының меңгерушісі Темирғалиев Е.Қ., Күршім ауданының салауатты өмір салты профилактикалық орталығының дәрігері  Қадролдина Ж. А. шақырылды. Дөнгелек үстелде талқыланған мәселелер  қоғамымыздағы аса маңызды проблемалар нашақорлық, алкоголизм және темекі тарту туралы айтылды. Кітапханашылар Жаменкенова Г., Сабырбаева Г. алкогол ,темекінің шығу тарихын айта кетіп, осы тақырыпқа байланысты кітаптарға шолу жасалды.

Кітапханашы: Жаменкенова Г.

 

 

 

ХХІ  ғасыр көшбасшысы сайысы
«Білекті бірді, білімді мыңды жығар»

Аудандық кітапханада №1 мектептің 10 «б» қазақ сынып оқушыларымен дүниетанымын кеңейту, ой өрістерін дамыту, зерделілікке, ізденімпаздыққа, жан – жақты білімділікке баулу мақсатында ХХІ ғасыр көшбасшысы сайысын «Білекті бірді, білімді мыңды жығар» атты тақырыппен кітапханашылар Тырнақбаева Ж., Раисова Н. ұйымдастырып өткізді. Бес бөлімнен тұратын сайыста «Жорға, Ғажайып жетілік, Кім зерек, Тапқырлық (мақал-мәтел) құрастыру, Бәйге (логикалық ойлау есептері) бойынша жарысқа түсті.
«Ұшқыр» және «Қыран» командаларына бөлінген сынып оқушылары қойылған сұрақтарға 60 секунд ішінде нақты тез жауап беріп ұпай санын еселеді. Әділ қазылардың төрелігімен осы ойында «Қыран» командасы зерделіліктерімен, білімділіктерімен озып шығып жеңімпаз атанды. Сайыста білімділіктерімен көзге түскен жекелеген команда мүшелелері Төлеубай Қ. мадақтама қағазын, Болашақ Ш., Сәмет А.  естелік кітап табыс етілді. Надирова А., Қажығалиева Ж., Мусина Л. ойынға белсене қатысты.
ХХІ ғасыр білім сайысы. Еңсесі биік егеменді еліміздің алғыр ойлы азамат ұл- қыздарына саналы тәрбие, сапалы білім берген ұстаздарға алғыс айтылып, қатысқан оқушыларға білімдері терең, ойлары тиянақты  зеректіліктері басым болып, оқуда озат таңдаған мамандық иесі болып  халыққа  қызмет етер үлкен азамат болуларына тілектестік білдірді. Ұстаз Ашманова Ғ. өткен мәдени шара үшін кітапханашыларға алғыс айтып тағыда қатысатындықтарын білдірді.

Кітапханашы  : Тырнақбаева Ж.

Мұрағат

Қалғұты ауылдық кітапханасы: Кітапханашы Раймханова Риза, Қызылорда педогогикалық институтын бітірген,  жоғарғы білімді кітапханашы. Өткізілген шаралар: « Дәстүрді бағалай білейік», «Аз тарпады қазағым, заманның зұлмат амалын» тақырыптық кештер. А.Алтайдың «Өр алтай мен қайтейін биігіңді» кітаптарына талдау өтіп, І.Есенберлиннің 95 жылдығына «Дара тұлға» атты шолу, Қ.Ысқақовтың 75 жылдығына,Т.Молдағалиевтың 75 жылдығына арналған тақырыптық сөрелер жасалынды , «Ұлы Жеңіске -65 жыл», «Аты аңызға айналған жеңімпаздар», «Майданды демеген қуатты күш» кітап көрмелері, соғыс ардагерлері «Ер есімі-ел есінде» кездесу кеші,  «Елін сақтап қалды ерлер»библиографиялық шолу, «Арулар отты жылдарда», «Батырлар жеңісі» әңгімелері өтті.

Сарыөлең ауылдық кітапханасы: Ктапханашы Амренова Гаухар, Семей қаласындағы мәдени-ағарту училищесі бітірген, арнаулы орта білімді.Сарыөлең ауылдық кітапханасында «Есірткіден сақтан» кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Дені сау адам- еліміздің ұлттық байлығы», «Адам ағзасының жинағы» тақырыбында әңгімелер өтті. 5-сынып оқушыларымен «Ақ үйдегі ақ сандықтан шыққан халықтың дәстүрлері», «Дәстүр- халық рухы» әңгімесі өтті. Әңгімеге 8-9 оқушылары қатысты «Ұлы Жеңіске-65 жыл» кітап көрмесі, «Ұлы Жеңіс» тақырыбымен кездесу кеші, «Отан неден басталады?» әңгімесі, «Олардың  есімдері  ұмытылмайды» пакеттері жасалынды. 

Алғабас ауылдық кітапханасы: Кітапханашы Мамырбаева Альмира, Өскемен қаласындағы  мәдени-ағарту училищесін бітірген. Білімі- арнаулы орта. Өткізген шаралар « Хош келдің жаңа жыл» ертеңгіліктері, « Ұлы Жеңіске-65 жыл» кітап көрмесі, пакеттер, «Ұлы Жеңіс» сахналық қойылым мәдениет үйімен бірге, 5-6 сыныптармен «Өшпес ерлік» әңгімесі, « Ағалар туралы аңыз» шолуы өткізілді. « Жаңа жолдау- басты бағдарда» кітап көрмесі ұйымдастырылып, әңгіме өткізілді. «Менен сәлем айта бар сұрағанға» тақырыбындағы  әдеби кеш  әйгілі ақиық ақын М.Мақатаевтың шығармашылығын насихаттап отыру  үшін өткізіліп,  «Жырлайды жүрек» кітап көрмесі ұйымдастырылды. « Дені саудың-жаны сау» тақырыптық сөресі ,«Ауған соғысының ерлері» атты газет-журналдардан жинақталған пакет  және буклет жасалды. «Ана- өмірдің нұры» ертеңгілігі ұйымдастырылды,

Боран ауылдық кітапханасы: Кітапханашы Айдарханова Кайнигуль,Өскемен қаласы, мәдени-ағарту училищесінің түлегі , мамндығы режиссер. Боран ауылдық кітапханасында композитор Нұрғиса Тілендиевтің  80 жылдығына орай «Сөйле менің домбырам» атты кеш өткізіліп, стенд жасалды. Ән падишасы Ш.Қалдаяқовтың 80 жылдғына орай « Ән әлемінің падишасы» тақырыбында сөре жасалынды. «Наурыз тойын тойлайық», «Наурыз –халықтық мейрам» пакеттері жасалып, тақырыптық сөре ұйымдастырылды
«Жеңіске мың тағзым» кітап көрмесі, «Ардақтаймыз ардагерлерді» пакеттері жасалып, тақырыптық сөре ұйымдастырылды. Соғыс ардагерлеріне арналған стенд, Б.Момышұлының 100 жылдығына орай  «Жауынгер тұлғасы» кітабынан «Қанмен жазылған кітап» повесінен оқушылардың қатысуымен көрініс өткізілді. «Ерлік елге мұра-ұрпаққа ұран» сөре жасалды.Халық мұғалімі Құмаш Нұрғалиев мектеп гимназиясында Ұлы Отан соғысынан және тыл ардагерлерімен кездесу өткізілді.

Теректі кітапханасы: Кітапхана меңгерушісі Жадранова Роза, арнаулы орта білімді.Өскемен қаласы, мәдени- ағарту училищесі. Өткізілген шаралар: «Кітаппен теңес- білімдімен кеңес» тақырыбында диспут өтті. Қатысқандар 9-10 сынып оқырмандары , Сондай-ақ «Жаңа Жыл» ғажайыптар алаңы, «Ана- өмірдің нұры» ертеңгілігі ұйымдастырылды, «Салауаттылық -өмір салты» кітап көрмесі жасалып, 10 сынып оқушыларымен «Нашақорлық-қоғамдық дерт» әңгімесі өтті. 65 жылдыққа орай «Жеңіске мың тағзым» кітап көрмесі ұйымдастырылып «Шығыстың қос шынары» әңгімесі, Б.Момышұлының 100 жылыдығына орай «Адам қайраты» повесі бойынша конференция, 8-9 сынып оқушыларымен  «Ұлы Отан соғысы Қ.Қайсенов шығармасында»,  «Жау тылындағы бала» кітаптарына талдау, « Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы жылдарында» тақырыбына шолу жасалды.

Қалжыр ауылдық кітапханасы: Кітапханашы Ожекенова Багжан, Семей қаласы, мәдени-ағарту училищесін бітірген. Өткізілген шаралар: «Ана- өмірдің нұры» ертеңгілігі, Ш.Қалдаяқовтың 80 жылдғына орай « Ән әлемінің падишасы» тақырыбында сөре жасалды. «Ана- өмірдің нұры» ертеңгілігі өтті. Әлем чемпионы Малқайдаровпен «Мақтанышы ауылдың» атты кездесу кеші оқушылар арасында өтіп, «Елімнің туын желбіреткен әлемге» буклеті жасалынды. « Хош келдің жаңа жыл» ертеңгілігі ұйымдастырылды.
«Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» тақырыптық сөресі жасалып,  оқырмандар арасында Жолдау талқыланды. Қазақтың батыр қыздары Әлия мен Мәншүк, Хиуаз Доспановалардың ерлігі туралы « Халқымның батыр қыздары» тақырыбында әңгіме өтті. Күршімдік Кеңес Одағының Батырлары  туралы буклет жасалды. Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» романына шолу жасалып, 3-5 сыныптармен «Мың тағзым сізге, майдангер» атты ертеңгілік ұйымдастырылды.Сондай-ақ Отан соғысынан оралмаған майдангерлерге альбом жасалынды.

Тақыр ауылдық кітапханасы: кітапханашы Жакатаева Жадыра, орта білімді. Өткізілген шаралар:« Дені саудың-жаны сау» тақырыптық сөресі «Ауған соғысының ерлері» атты газет-журналдардан тақырыптық сөре жасалып, әңгіме тті. «Ұлы Жеңіске-65 жыл»буклеті жасалып, кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Ақсуат ауылдық кітапанасы: кітапханашы, Жунусова Жанар, білімі жоғары.Кітапханада «Жаңа жыл» ғажайып алаңы  өтті.Ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Аққудың қанатына жазылған жыр»» әдеби кештері «Жаңа жолдау- басты бағдарда» кітап көрмесі ұйымдастырылып, әңгіме өтті. «Наурыз тойын тойлайық», «Наурыз –халықтық мейрам» пакеттері жасалып, тақырыптық сөре ұйымдастырылды Жолдауға арналған «Жолдауды іке асырайық» кітап көрмелері, стенд ұйымдастырылды.«Ұлы Жеңіске -65жыл» кітап көрмесі, 8-9 сынып оқушыларымен «Ардагерлер осында отыр» кездесу кеші, Б.Момышұлының 100 жылдығына «Москва үшін шайқас» кітабына талдау өтті.

Құйған ауылдық кітапханасы: кітапханашы Тащанова Кенжегүл, орта білімді. Өткізілген шаралар «Жаңа жолдау- басты бағдарда» кітап көрмесі ұйымдастырылып, әңгіме өткізілді. «Ұзақ өмір сүруге қадам» атты дәрігерлермен , мектеп оқушыларымен дөңгелек үстел өтті. «Ана- өмірдің нұры» ертеңгілігі ұйымдастырылды. Жолдауға арналған,   «Жолдауды іке асырайық» стенд ұйымдастырылды. Жеңістің 65 жылдығына « Қазақтың ер қыздар» альбомы жасалып, «Отты жылдар елесің, кітаптан оқып білерсің» кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Қайыңды ауылдық кітапханасы: кітапханашы Мукаеева Гульнара, орта білімді.«Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» тақырыптық сөресі жасалып,  оқырмандар арасында Жолдау талқыланды Б.Момышұлының 100 жылдығына орай 8-9 сыныптармен « Мен бір жан өмірінің өзі дастан» атты әдеби, Момышұлының  патриоттық тәрбие беретін мақал –мәтелдеріне сайыс ұйымдастырылды. Қайыңда кітапханасында 9 сыныптармен «Мұқағалимен сырласу» атты әдеби кеші,  «Нашақорлық- ғасыр індеті» әңгімесі өткізілді.Сондай- ақ  «Ана- өмірдің нұры» ертеңгілігі ұйымдастырылды.Ұлы Жеңістің 65 жылдығына  «Жаса мәңгі, Жеңіс!» атты кітап көрмесі, «Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында» шолу, «Отты жылдар елесі» әңгіме жүргізілді «Сіздерге тағзым» атты соғыс ардагерлерімен кездесу кеші өтіп, дастархан жайылды.

Маралды ауылдық кітапханасы: кітапханашы Әбілмажинова Гульнар, орта білімді. «Ағалар туралы аңыз» шолуы, «Ұлы Жеңіске -65 жыл» кітап көрмесі, «Елін сақтап қалды ерлер» тақырыбында библиографиялық шолу, «Арулар отты жылдарда», «Батырлар жеңісі» әңгімелері өткізілді.

Қайнарлы ауылдық кітапханасы: кітапханашы Қайсарова Қарлығаш, Білімі-арнаулы орта. «Ата салтым- асыл қазынам» тақырыптық кеші өтті. Кеште « Бесікке бөлеу», «Тұсау кесу»көріністері көрсетілді. Соғыс ардагерлерімен «Сұрапыл жылдар» кездесу кеші өтті. Бұған соғыс ардагері Ж.Алиев, тыл ардагері Н.Алпысов шақырылып, 9-10 сынып оқушылары қатысты.

Қарой ауылдық кітапханасы: Кітапханашы Жықбаев Ахметқали. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2010 жылғы халыққа жолдаған «Жаңа онжылдық- жаңа экономикалық өрлеу- Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы оқырмандар арасында талқыланды. « Жасасын Жеңіс!» кітап көрмесі,  «Олар Отан үшін шайқасты» кітаптарға шолу, «Шығыстың қос шынары» атты әңгіме 5-7 сыныптар арасында өткізілді.

Барақ Батыр ауылдық кітапханасы: кітапханашы Куренбаева Ләззәт.  «Өшпес ерлік» кітап көрмесі, Күршімдіктер Ұлы Отан соғысы жылдарында» пакеттері жасалып, Соғыс ардагерімен әңгіме өткізді.

Ақбұлақ ауылдық кітапханасы: Кітапханашы Комшанова Айнур, орта білімді.Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2010 жылғы халыққа жолдаған «Жаңа онжылдық- жаңа экономикалық өрлеу- Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» стенті жасалды. Жеңістің 65 жылдығына орай «Ұлы Отан соғысы Қ.Қайсенов шығармасында»  «Жау тылындағы бала» кітаптарына талдау, «Ұлы Отан соғысы жылдарында» шолу жасалды.

Бурабай ауылдық кітапханасы:кітапханашы Ромбаева Кульшат, орта білімді. « Жаңа жолдау- басты бағдарда» кітап көрмесі ұйымдастырылып, әңгіме өтті Жеңіске мың тағзым» кітап көрмесі, «Ардақтымыз ардагерлер» соғыс ардагерлеріне арналған стенд жасалды. «Наурыз тойын тойлайық», «Наурыз –халықтық мейрам» пакеттері жасалып, тақырыптық сөре ұйымдастырылды. Жолдауға арналған «Жолдауды іке асырайық» кітап көрмелері, стенд ұйымдастырылды.

Теректібұлақ ауылдық кітапханасы: кітапханашы Нурпейсова Галя, орта білімді. Өткізген шаралар. «Жаса Жеңіс!» кітап көрмесі, «Қазақстандықтар майдан даласында» библиографиялық шолу,  2-4 сыныптармен« Аталардың ерлігі» ертеңгілігі және т.б. бірнеше мәдени шаралар өтті.

Төсқайың ауылдық кітапханасы: кітапханашы Мейменбаева Дариягуль. Білімі – жоғары. Б.Момышұлының 100 жылдығына арналған
« Хас батыр Бауыржан» атты әңгіме, «Өшпес ерлік істер» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Қарабұлақ ауылдық кітапханасы: Кітапханашы Дюсенова Бағдат, Білімі: арнаулы-орта.Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» романына шолу жасалып, 3-5 сыныптармен «Мың тағзым сізге, майдангер» атты ертеңгілік ұйымдастырылды. Сондай-ақ мектеп оқушыларымен бірге ұйымдастырылған  «Естен мәңгі кетерме» тақырыптық конференция өтті. Бұған 4-8 сыныптар қатысып, Күршімдік жерлестеріміздің ерлік істері туралы айтылып, оқушылар соғыс, ерлік тақырыбында өлеңдер оқыды. «Арулар отты жылдарда» шолу жасалды.

 

 

Парақтар өзгертілді: 05-08-2016