Мәдениет

Кітапханалар

Абай ата- дара тұлға

Қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, классик ақын, композитор, аудармашы, философ, ағартушы, қоғам қайраткері – Абай (Ибраһим) Құнанбайұлына арналған аудандық кітапханада «Абай ата- дара тұлға» атты тақырыптық кешке  №3 мектеп гимназия 2 сынып оқушылары, педагогикалық уневирситеттің 4 - курс студенті  Омарова  Қазына Омарбекқызы қатысты. Кеште балалар Абайдың көптеген өлеңдерін оқыды. Кітапханашы Жаменкенова Г. Абайдың өмірбаянымен, шығармалары үш түрлі бағытта өрбігенін айтып өтті. Қолына кітап ұстаған қазақ баласы Абайдың шығармаларын айналып өте алмайды. Абай мұрасы өз алдына бір мұхит.
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы ерінбе
Адамдықты көздесең,
Жат тоқып ал көңілге, - деп Сұлтанмахмұт Торайғыров ағамыз айтқандай осы кеште Абайдың қара сөздерімен де таныстырылды.
Абай шығармаларында табиғат лирикасы үлкен орын алады. «Табиғат» тақырыбын шеберлікпен суреттеп, көркем көріністермен сан алуан құбылыстарды шынайы бере білген.
Абай қазақ поэзиясына өзі тыңнан жасаған өлең өлшемдеріне лайықты әндер де шығарған. Абайдың әндері халық арасына тез тарады. Осы кешімізде мәдениет үйінің әншісі Солтанғұлов Зейнұрдың орындауында Абайдың «Сегіз аяқ» ,«Көзімнің қарасы» әндері орындалды. Қазақты білімге шақырған өлеңдерінде Абай қазақ жастарына ғылымды үйренумен бірге әр нәрсенің түйінін өзің шеш деп ақыл- кеңес береді.
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ барды ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тіл орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.

Абай ата- дара тұлға Абай ата- дара тұлға

 

Жаменкенова Г.

«Көктем мерекесі – аналар мерекесі» ертеңгілігі

Аудандық кітапханада аналар мерекесіне арналып «Көктем мерекесі – аналар мерекесі» атты ертеңгілік өткізілді. Мерекеге №4 орта мектептің 2 «б» сынып оқушылары және №1 орта мектептің 4 «в» сынып оқушылары, сынып мұғалімі Қабдығалиева Нұргүл Әділханқызы және ата-аналар қатысты.

Ертеңгілікке  оқушылар  әзірлеген өлеңдерін, әндерін, әзіл әндерін орындады. Сонымен қатар жұмбақтар сайысы өтті және де қызықты ойындар ұйымдастырылды. Ертеңгілікке бәрі өте жақсы дайындықпен келді, әсіресе Аня, Дима, Саша, Дима, Денис, Әділжан, Ерғанат, Карина, Риза т.б.   

           
Кітапхана меңгерушісі Мұқанова Н.М құттықтап, балаларға денсаулық, оқуда озат, бақыт тіледі. Ата-ана Нурахметова Ляйля, Нұргүл Әділханқызы кітапханашылар Жаменкенова Г, Тырнақбаева Ж мерекемен құттықтап, жұмыстарына табыс тіледі.

Оқырмандар сайысы: «Кітаптың авторы кім?»

Оқырмандар сайысы: «Кітаптың авторы кім?»Аудандық кітапханада №1 Күршім орта мектебінің 8 сынып оқушылары, әдебиет пәні мұғалімі Ашманова Ғ қатысуымен  «Кітаптың авторы кім?» атты сайыс өтті. Жүргізуші кітапханашылар Райсова Н, Тырнақбаева Ж, кітаптың адам өмірінде алатын орны, рухани пайдасы жайлы айтып өтті. Үш кезеңнен тұратын сайыста оқырмандар екі топқа бөлініп, «Жас қыран» және «Достар» деп атады. «Классик жазушылар әдебиеттері», «Көркем әдебиеттер», «Өлеңдер» бөлімдерінен сұрақтар қойылды. Кітаптардан үзінді оқылып, авторы мен аты табылды. Сайыс қорытындысы бойынша «Жас қыран» командасы, капитаны Тұрсынбекова М жеңіп шықты. Оларға естелік сыйға кітап табыс етілді. Барлық қатысушыларға мықты денсаулық, жақсы оқу тілей отырып, сайыс мына өлең жолдарымен аяқталды.

 

 

«Ауған соғысының жаңғырығы»

«Ауған соғысының жаңғырығы»15 ақпанда аудандық кітапханада «Аудан соғысының жаңғырығы» атты кеш өтті. Кешке аудан соғысының ардагерлері Қаматаев Дәулет Мұратұлы, Жанбакиров Алтай Шайзатұлы, Керносов Николай Иванович, Карменов Жанболат Ауданбекұлы шақырылды. Кеш Ауған соғысында қаза болғандарды еске алу үшін бір минут үнсіздікпен ашылды. Аудан соғысының ардагерлеріне сөз беріліп, олар өздерінің соғыста болғандарын тебіреніспен әңгімеледі.

№1 орта мектептің 7-8 сынып оқушылары ардагерлер құрметіне өлеңдер оқып, сұрақтар қойды, МҮ әртістері Солтанғұлов З, Масалиев Б Отан туралы әндер орындады. Кітапханашы Жаменкенова Г «Ауған ақиқаты» атты С.Қазақбаевтың кітабына шолу жасады. Кітапта Ауған соғысына қатысушысының 80-жылдардың басында өз көзімен көрген шынайы оқиғалар баяндалады. Автор тек қана өзінің бастан кешкендерін баяндап қоймай, соғыстың шығу себептерін ашуға тырысады. Сонымен қатар кітапта әскери училище түлегінің басынан кешкен оқиғалар да сипатталады. Кеш соңында №1 орта мектептің мұғалімі Қабдуалиева К, ішкі саясат бөлімінің маманы Аймухамбетова А ардагерлерді мерекемен құттықтап, денсаулық тіледі және кітапханашылар Жаменкенова Г, Сабырбаева Г-ға осындай патриоттық кеш ұйымдастырғаны үшін рахмет айтты.

Ауған соғысының барлық қатысушыларына олардың ерлігі, отансүйгіштігі және шыдамдылығы үшін алғысымыз шексіз. Өз борышын Ауған жерінде өтеген ардагер жерлестерімізді мақтан етеміз.  Олардың ерлігі Қазақстанның өсіп келе жатқан ұрпағына үлгі боларына сенімдіміз.

«Ауған соғысының жаңғырығы» «Ауған соғысының жаңғырығы»

 

***

Кітапханашылар Г.Жаменкенова, Ж.Тырнақбаева, Г.Сабырбаеваның ұйымдастыруымен «Қасымды тану- қазақты тану» әдеби-музыкалық кеш өтті. Кеш дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың 100- жылдық мерейтойына арналды. Кеште ақын өмірі, оның өлеңдерінің мазмұны ашылып, тәрбиелік мәніне баса назар аударылды. Мәдениет үйінің әншісі Есен Мәженев «Дариға сол қыз», «Өзім жайлы» әндерін орындады. Сонымен қатар оқушылар ақынның өлендерін оқыды.

Кітапханашы Гульнар Даутованың ұйымдастыруымен «Дарында адамдар нені білуі керек?» атты дөңгелек үстел өткізілді. Бұған №1 мектептің 8-9 сынып оқушылары, кітапханашылар және аудандық әділет басқармасының жетекші маманы С.Оралбаева қатысты. Қатысқандар қазіргі жаңа технология кезінде кітаптың қажеті барма және кітапқа берілетін авторлық құқық туралы әңгіме қозғады. Бұл сұрақтар бойынша кітапхана меңгерушісі Н. Мұқанова, Г.Даутова, С.Оралбаева жауап беріп отырды.

Аудандық кітапханада «Жасыл ел» акциясы барысында №1, №3 Күршім орта мектептерінің 3-сынып оқушыларымен «Табиғатым- тағдырым» атты ертеңгілік өткізілді. Кітапханашы Жаменкенова Г. табиғатты қорғау-дүниежүзілік маңызы бар іс, оған әр адамның белсене араласу керек екенін, әр уақытта сенбіліктерге қатысып аулаңды, мектебінді, көшеңді ,ауыл, ауданыңды тазалықта ұстап көгалдандыруға қатысуымыз керек. Сонда ғана табиғат байлығын тиімді пайдаланып, рәсуа болудан сақтаймыз. Жеріміз ұлан – байтақ, байлығымыз ұшан -теңіз біз оны мақтан етеміз. Өз кезегінде балалар аңдардың, құстардың, гүлдердің бейнелерін киіп өлендер оқып, долана, итмұрын, меңдуана болып сыр шертті.Өнер мектебінің драмма үйірмесінің оқушылары «Түлкі неге жазаланды?» атты ертегі көрсетті. Кітапханашы Тырнақбаева Ж. «Табиғатым-тал бесігім» атты шолу өткізілді. Оған табиғат жайлы кітаптар топтастырылды. Табиғат жайлы жұмбақтар жасырылып, көптеген өлендер оқылды.

Кеш: «Жаса, жайна, гүлденген Қазақстан». Кеш тізгінін жүргізуші кітапханашылар Даутова Гульнар мен Орехова Татьяна алып, екі тілде Қазақстанның 20 жыл ішінде өткен қиындығы мен жетістіктеріне тоқталып, Қазақстан жерінде атқан тәуелсіздік таңы Алтай мен Атыраудың арасын алып жатқан осынау қазақ жерінің төсін қанымен, терімен суарған ата-бабаларымыздың қасиетті күресінің заңды жемісі, нақты нәтижесі деді. Осыдан кейін шығармашылық үйіндегі драма үйірмесінің жетекшісі Нұрғазиева Жанар Ленханқызы дайындаған «Тәуелсіздіктің шапағатымен бәйтеректің қайта жанған рәміздері» атты театрлы көрініс көрсетілді.

«Мұқағали рухымен сырласу» атты кеш

«Пай-пай, шіркін,
Неткен жыр, неткен ақын.
Періште боп өмірден өткен ақын
Қыр самалын
Күн нұрын төккен ақын

Өз отына өртеніп кеткен ақын» - деп жырлаған «ХХІ ғасырдың ақыны» аталған Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Мұқағали рухымен сырласу» атты әдеби-музыкалық кеш өтті.   Кеш жүргізушісі кітапхана әдіскері Гульнар Ақанқызы ақынның өмірбаянымен, шығармашылығымен таныстырып, ақынға арналған «Жырлайды жүрек» тақырыптық сөресімен таныстырып, шолу жасап өткен соң,  9 сынып  оқушылары  Т.Базылханов,  А.Айтқазин,  Г.Ерланова,  А Қыдырхановтар ақын жырларына кезек берді. Ю.А.Гагарин атындағы Күршім №1 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Раушан Құтпаева өз сөзінде: «Ақын поэзиясы қазақ халқының сезімін байытып, ол туралы естеліктер ақын жанымен байланыстырып, оқырмандарды ақыны рухымен құдіреттендіре түседі» - деп кешті жалғастырды.

Бұл кеште жыр сүйер қауым М.Жұмабаев, М Әуезов, Ж. Аймауытов т.б. қазақ әдебиетінің алыптары қатарындағы М.Мақатаевтың екінші өмірі, өлең жырларымен танысып, ұрпаққа ұран болып қалған жырларының естен шықпасының  тағы бір куәсі бола отырып, ақын сөзіне жазылған әндерді Мәдениет үйінің әншілерінің орындауында тыңдады.

 

 

Парақтар өзгертілді: 24-12-2015