Жұма, 23 Маусым 2017 г. 11:13

 

Мәдениет

Тарихи ескерткіштер мен көрнекті жерлер

Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 65 жылдығына орай Барақ батыр ауылында В.В Бунтовскихтың ескерткішіне азагүлдері мен гүл шоқтары қойылып, Ұлы Отан соғысының құрбандарын еске алу рәсімі болып өтті.

Соңынан тыл ардагерлері мен Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған дастархан жайылып, түскі ас берілді. Мерекелік шеру өткізіліп, мерекелік дастархан жайылды. Концерттік бағдарлама қойылды.

Сарыөлең ауылынан 24 соток жер телімі Қытай Халық Республикасынан келген оралман - қандастарымызға берілді.

Олар осы жерге саябақ ашуды қолға алды. сенбілік ұйымдастырып, 200 ағаш көшеттері отырғызылды, ауылды көріктендіруге өз үлестерін қосуда. Саябақ ортасында спорт алаңын жасау жоспарланып отыр.

Күршім ауданы аумағындағы ескерткіштер туралы

Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі №1488-ХII «Тарихи- мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» заңының 18- бабына сәйкес, Күршім ауданы бойынша есепке алынған ескерткіштер саны -126. (Оның ішінде археологиялық-105, архитектуралық -1, жай ескерткіштер -20 соның ішінде ҰОС қаза тапқандарға арналған-8 ).

Жоғарыда көрсетілген заңды басшылыққа ала отырып аудан әкімінің 2001 жылдың 29- тамызындағы №1792 шешішімен әр ауылдық округ әкімі өз округ аумағында орналасқан ескерткіштерді есепке алуды, қорғауды және жөндеу жұмыстарын ұйымдастыруға міндеттелді, ескерткіштер жанында тәрбиелік мәні бар шаралар өткізіп, қамқорлық жасау сол аумақтағы мектептерге жүктелді.

Ескерткіштердің барлығы мемлекет меншігі болып табылады.Бүгінгі күні аудан аумағында орналасқан барлық тарихи- мәдени ескерткіштер қорғалып, сақталуда, архитектуралық және өнер ескерткіштерін жылда көктемде және күзде өздеріне бекітілген мекемелер жөндеу жұмыстарын жүргізіп, айналасын тазалап, үнемі қамқорлықта ұстайды, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі тарапынан қадағалау жасалып тұрады.

Осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және пайдалану туралы заңдарын бұзған жағдай аудан аумағында кездескен жоқ.

Жыл басында тақырыптық-экспозициялық жоспарға сай өлкетану материалдарын жинақтау, тарихи-мәдени мұраларды ғылыми-зерттеу, сақтау, насихаттау мәселелері бойынша іс-шаралар белгіленді. Мемлекеттік “Мәдени мұра” бағдарламасын жүзеге асыру барысында мұражайлық маңызы бар тәжірибелерді игеру бағытында, сараптамалар жасалынды.

Мұражай қорындағы бірқатар жәдігерлер қайта жаңартылды. Мемлекеттік “Мәдени мұра” бағдарламасын жүзеге асыру барысында мұражай қорына бірқатар тарихи- мәдени ескерткіштер сақтауға алынды. Жылытау ауылынан әкелінген көбе бұзар оқ, жебенің ұшы, әшекейлік бұйымдар, Құлыбай қорығынан табылған қола ұстаралар ерте көшпенділер дәуірінің тарихи маңызы мен рухани құндылықтарын зерделеп, насихаттауға мүмкіндік жасап, ғылыми танымдылығын арттыра түсті.

Мұражай қорында 4800 дана жәдігер сақталса, оның 2280 ғылыми негізгі қорды, 1570 ғылыми қосалқы қорды құрады. Жыл көлемінде қор 50 жәдігерге көбейді. (фотосуреттер, кітаптар, этнография).

 

Парақтар өзгертілді: 15-09-2015