Дұйсенбi , 21 Тамыз 2017 г. 10:49

Мәдениет

Туризм

Күршім ауданы бойынша Шығыс Қазақстан облысында туризмді дамытудың 2009-2011 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы

Аудан туризмін дамыту және экологиялық  таза өнімдерді өндіру үшін жергілікті туристік қоғамдастықтар құруға ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен туристік объектілерге жақын тұратын жергілікті халықты тарту жөнінде шаралар қабылдау мақсатында 2009 жылдың 8 сәуірінде іс-шаралар жоспары бекітілген.

Күршім ауданы Шығыс Қазақстан облысының солтүстік шығысында орналасқан. Бір жағынан Қытай Халық Республикасымен шектесіп жатыр. Туристік маршруттарды ашуға табиғи Зайсан көлі, Ертіс өзені, ағынды Күршім, Қалжыр  тау өзендері, биік «Сарытау», «Алтай» таулары, Қылқан жапырақты орман, «Ашыбасы», «Қызыл керіш» шипалы емдік мекені, «Марқакөл» қорығы, өсімдік, аң-құс, жануарлар дүниесі мол өңір. Туризм мемлекеттер мен  аймақтарды, олардың мәдениеті мен дәстүрін танып білу мақсатымен белсенді тынығуды жүзеге асыру жүйесі, түрлері және соған байланысты тұрғылықты жерден тыс-қары жерге жол жүру болғандықтан, оған туристік қызмет көрсету, туристік және экскурсиялық жорықтар мен сапарлар ұйымдастыру болып табылады.

Бүгінгі күні іс-шараны іске асыру мақсатында ауданда туризмді дамытуға 11 жер телімі белгіленіп, аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 23 сәуірдегі №13-7 шешімімен анықталды. Шығыс Қазақстан облысы «Табиғи ресурстарды табиғатта пайдалануды реттеу басқармасы» ММ 10 жер телімі экологиялық сараптамадан өткізіп, орналастыру жобасы жасалынып, кейіннен сатуға аукцион өткізу туралы 2009 жылдың қазан айында хабарлама берілген. Атап айтқанда: «Жаңа айлақ», «Қызылжар», «Орақ пен балға», «Қиын керіш», «Сартау», «Қиынбұлақ», «Құлмырза»,  «Матабай», «Губа» және «Верхняя Еловка». Өкінішке орай аукционға қатысуға ниет білдірушілер болған жоқ.

Маралды округында 35 адамға арналған «Кенсу» туристік  базасы іске қосылды. Онда саятшылық, альпинизм, балық аулау (лицензия), аңшылық  (лицензия), фитотерапия, су  туризмі секілді қызмет түрлері көрсетіледі.
Туристік сапарлар жеке кәсіпкерлер мен адамдардың өз жоспарымен жүзеге асырылып келеді.  
Күршім ауданының географиялық орналасуы көрікті табиғаты, қойнауы қазынаға толы ауданның бірі ретінде туристерді тарта отырып, өлкені таныту. Бұған қоса табиғи құрылыс материалдары қорына бай. 

 

Парақтар өзгертілді: 09-06-2010