Дұйсенбi , 18 Желтоқсан 2017 г. 11:11

Дипломмен ауылға

Жас мұғалімдер
Дәрігерлік мамандық иелері
   

2017 жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауылдық елді мекендерге келген мамандарға берілетін әлеуметтік қолдау шаралары туралы

Күршім ауданы бойынша 2009 жылдан бастап «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік  кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Бұл бағдарлама аясында тұрғын үй сатып алу үшін несие беріледі және көтерме жәрдемақы төленеді. Ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығына тұрғын үй сатып алуға  республикалық бюджеттен 11 маманға 34691,0 мың теңге бюджеттік кредиттер, 30 маманға  10250,0 мың теңге көтерме жәрдемақы төлеу жоспарланып отыр.

 

2016 жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауылдық елді мекендерге келген мамандарға берілетін әлеуметтік қолдау шаралары туралы

2016 жылы тұрғын үй сатып алуға 6  маманға 15905,5 мың теңге несие берілді (білім саласы бойынша 2 маманға-5444,0 мың теңгеге, денсаулық саласы бойынша  3 маманға – 7749,5 мың теңге, спорт саласы бойынша 1 маманға – 2712,0 мың теңге).
2016 жылы 25  маманға көтерме жәрдемақы төлеуге аудандық бюджеттен 3711,8 мың теңге қаражат бөлініп, бүгінгі күні 24 маманға  3563,3 мың теңге көтерме жәрдемақы төленді, оның ішінде білім саласы бойынша 17 маманға - 2523,9 мың теңге, денсаулық саласы бойынша 7 маманға – 1039,2 мың теңге берілді. Желтоқсан айында 1 маманға көтерме жәрдемақы төлеу  жоспарланған.

 

Парақтар өзгертілді: 19-07-2017