Сейсенбi, 11 Желтоқсан 2018 г. 05:00

Білім беру

Мекеменіңvатауы: «Күршім балалар музыка мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын

Құрылған жылы: 1970
Мемлекеттік лицензиясы, серия № АА № 0008023
Берілген күні: 8 желтоқсан 2004 жыл
Мекенжайы: ШығысҚазақстан Облысы, Күршім ауданы, Күршім ауылы, 
Барақ батыр көшесі, 25 үй.
Байланыс телефоны: 3 - 16 - 35, 3 -16 - 32
Факс: 8 (72339) 3-16-35
Директор – Тойбаев Шакерхан Мамырханұлы

Мекеме туралы мағлұмат

Атауы Саны
1 Балалар саны 136
2 Мұғалімдер саны 11
3 Хореография залы, сахна залы, оркестр залы 3
4 Кабинеттердің саны 9

Мектептіңнегізгімақсаттары мен міндеттері:
- дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбек сүйгіш, іскер, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан Қазақстан Республикасының елжанды азаматын тәрбиелеу;
- оқушыларға жалпы музыкалық білім беру, балаларды өнерге баулу, эстетикалық талғамдарын ең тамаша ұлттық және классикалық музыкамен шыңдау;
- ерекше қабілетті балаларды оқу орындарына түсуіне дайындау;
 - музыкалық тәрбиенің тәсілгерлік орталығы болу және оқушылар арасында жүйелі түрде музыкалық мәдениетті насихаттау, тәсілдік және іс жүзінде мектептер мен ұжымдарда өнерпаздарды ұйымдастыруға көмектесу;
- оқушыларды оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдері мен технологиясы арқылы олардың өзіндік іс-әрекетін, дағдылары мен шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.

Мектепте 11 оқытушы жұмыс істейді. Олардың жетеуінің жоғары музыкалық педагогикалық білімі бар, төрт мұғалім музыкалық арнаулы орта білімді. 

2013 жылдың 3-7 қаңтар айында Алматы қаласында өткен Х-шы Халықаралық «Күншуақ» байқау-фестиваліне мектептің бес оқушысы қатысып, бір Гран При, екі бірінші жүлде, бір екінші жүлде, бір үшінші жүлдені иеленіп, барлықтары лауреат атанып қайтты.

2015 жылдың қаңтар айының 5-9-ы аралығында Алматы қаласында өткен «Зимняя сказка в Алматы – 2015» атты жас орындаушылардың байқауында Е.Мубараков, М.Бердіхан, Ә.Манарбекқызы домбыра тенор номинациясы бойынша жүлделі бірінші орындарды иеленіп, лауреат атанды. Ұстаздары Тойбаева Айман мен Құсайынова Жансая.Ақпан айында Өскемен қаласында өткен эстрадалық орындаушылардың облыстық «Жас қанат» байқауында мектептің тәрбиеленушісі Ерикова Азиза жоғары көрсеткішке қол жеткізіп, лауреат атанды. Ұстазы  Тойбаев Шакерхан Мамырханұлы.Наурыз айында Өскемен қаласында өткен 49-республикалық жас музыканттар фестиваль-конкурсында М.Бердіхан және Ә.Манарбекқызы арнайы сертификатқа ие болды. Ұстаздары  Тойбаева Айман, Құсайынова Жансая.

2015 жылдың қорытындысы бойынша Күршім балалар музыка мектебі ҚР Ұлттық бизнес-рейтингісінің шешімімен Ұлттық сертификатқа ие болып, «Үздік мекеме» атанды. Мектеп директоры Ш.Тойбаев «Кәсіби саладағы ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

2015 жылғы 22 қазан күні домбыра, қобыз мамандықтарының оқытушысы А.Тойбаева Өскемен қаласында өткен «Қосымша білім берудің үздік педагогі-2015» атты облыстық байқауға қатысып, арнайы дипломмен марапатталды.

2016 жылғы 26 қазан күні эстрадамен ән айту мамандығының оқушысы Е.Жеңісбек (Оқытушысы А.Баталова) Семей қаласы Шүлбі кентінде өткен «Алтын дауыс» атты облыстық жас вокалистер байқауына қатысып, дипломант атанып қайтты. 2016 жылғы 19 қараша күні аудандық мәдениет үйінде мектептің жанынан құрылған «Әлқисса» фольклорлық ансамблі «Туған ел – алтын бесігім» акциясы аясында көркемөнерпаздар байқауына қатысып, әділ-қазылар тарапынан жоғары бағаға ие болды

2016-2018 жылдар аралығында мектеп оқушылары Өскемен, Алматы, Астана қалаларында өткен түрлі деңгейдегі конкурстарға қатысып жүлделі орындарға ие болды.Мектеп түлектері Мамырханов Дастан, Доланбаев Қанат бүгінгі күні Астана қаласында Президент оркестрінің музыканттары, Халықаралық конкурстардың жеңімпаздары.2018 жылы мектеп түлегі Бірдіхан Марат Өскемен қаласындағы ағайынды Абдуллиндер атындағы музыка колледжінің грантына ие болып, студент атанды.2018 жылы мектептің ардагер ұстаздары К.Мақабаева мен А.Тойбаева «Мәңгілік елдің мәртебелі ұстазы» төсбелгісінің иегерлері атанды.

 

Парақтар өзгертілді: 01-11-2018