Дұйсенбi , 18 Желтоқсан 2017 г. 11:07

Білім беру

Мектепке дейінгі мекемелер

Күршім ауданының мектепке дейінгі балалар мекемелеріне жолдану үшін кезекте тұрған балалардың тізімі *.xls 91 kB

 

Келешегіміз кемел, болашағымыз жарқын болсын!

Еліміздің болашағы- жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік-отбасы, ата-ана тәрбиесі болса, екінші бесік- білім беру мекемесі.Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Әсіресе, балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады. Заманға лайық тәрбие мен білім беру жұмысын кешенді ұйымдастыру жаңа техгологияларды, тың идеялар мен шығармашылық, иновациялық жаңашылдықты қажет етеді.
Балабақшада берілген тәрбие- барлық тәрбиенің бастамасы әрі жан-жақты тәрбиемен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын.Жас жеткіншектердің тәрбиелі де білімді болып, еліміздің мақтанышына айналуына, елдіктің асыл мұратындай «Балапан» бағдарламасының аясында  2012 жылы 1 қыркүйек айынан бастап өз жұмысын бастаған  Күршім ауданындағы «Болашақ» балалар бақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын алғашқы бүлдіршіндерін  қабылдады.
Мұндағы балалардың жас ерекшеліктеріне қарай «Балапан», «Ботақан», «Күншуақ», «Қарлығаш», «Айгөлек», «Жұлдыздар» топтарында 140 бала тәрбиеленіп білім алуда.
Балабақшаның материалдық-техникалық базасы жоғары деңгейде қамтамасыз етілген.
Балабақша ағымдағы жөндеу жұмыстарынан өткізілді.
Ғимараттың төбесі толық жөндеуден өтті және  жылу қазандығы электр қазандығына ауысты, канализация күрделі жөндеуден өтті.Барлық топтарда «Аристон»арқылы жылы су қосылды, теледидар, DVD сияқты құралдармен қамтамасыз етілді.Балалар ертеңгілік уақытта, ауа райының қолайсыз кездерінде мультфильмдер көреді.
Асхана қуыру шкафпен, электр еттартқышпен, ыдыс жуатын ваннамен қамтамасыз етілді.
Жалпы балабақшада балаларға барлық жағдай жасалған, олар:

  • спорттық және акт залы.
  • Асхана
  • Психолог, музыкант бөлмелері
  • әдіскер бөлмесі
  • дәрігер бөлмесі
  • 6 топ.

Топтарда: қабылдау бөлмесі, жуынатын, тамақтандыратын, оқу, жатын бөлмелерімен қамтамасыз етілген.
Мамандар жайында:
Данышпан, ойшыл ғалым Әбу Насыр әл-Фараби «Балаға білім беру үшін, алдымен оны тәрбиелеген жөн, тәрбиесіз берілген білім, ол ертең бір апатқа әкеліп соғады»-деген. Балабақша тәрбие-білім берудің алғашқы ошағы.Кішкентай балдырғандарға тәлім-тәрбие беру жолында арнаулы және жоғары білімді педагог мамандар қызмет етеді.
«Болашақ» балабақшасында 16 педагог, 1 дәрігер, 1 психолог қызмет етеді.Оның 11 тәрбиеші -жоғары білімді, 5 тәрбиеші- орта арнаулы білімді
10 тәрбиеші  -2 санатты
6 тәрбиеші – санаты жоқ жас маман.
Ұжымдағы оқу-тәрбие жұмысы негізінен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Жалпыға міндетті Білім Беру Стандарты,  «Алғашқы қадам», «Зерек бала» (3-5 жас ) «Біз мектепке барамыз» бағдарламасы бойынша  қазақ тілінде жүргізіледі, қосымша ағылшын тілін меңгеруде.
Тәрбиешілер портфолио арнап, оқу жылы барысында өткізген, өткізетін жұмыстарының материалдарын жинақтауда.
Балабақша ұжымы Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы даму стратегиясына баса назар аударып, жаңа педагогикалық технологияларды меңгеруге, озат тәжірибені кеңінен пайдалануға, қазақтың халықтық педагогика мұраларын балалардың бойына сіңіруге, педагогтың теориялық дайындығының жоғары болуына, жұмыс барысында әдістемелік тұрғыдан оқыту әдістерін саналылықпен меңгеруге ерекше көңіл бөлуде.
Балабақшада мемлекеттік және басқада мейрамдар балалармен өткізіліп тұрады. Мысалы: «Аяулы күз, алтын күз» ертеңгілігі өткізілді, алда   «Тәуелсіздік күні», «Жаңа жыл», ата-аналардың қатысуымен «8 наурыз аналар мейрамы», «Армысың, әз Наурыз», «Мен бір жасқа есейдім» ертеңгіліктері өткізілу жоспарлануда.

  • қараша 2012жылы балабақшамызда алғаш рет аудандық жас мамандармен тәжірибе  алмасу семинар өткізілді.

Семинарға ауданның әр жерінен келген 25  тәрбиешілері мен білім бөлімінен әдіскерлер қатысты.
Тәрбиешілердің балалармен ашық оқу іс-әрекеттерін өткізіп тұрады. Атап айтақ ортаңғы «Жұлдыздар» тобында «Гүлдерді күтеміз» тақырыбында  экология  оқу іс-әрекеті өткізілді. Тәрбиеші М.З.Оспанова.
«Ботақан» тобында «Жол ережесін білесің бе? » тіл дамыту оқу іс-әрекеті өткізілді, тәрбиеші: А.Н.Ахметова.
«Күншуақ» тобының тәрбиешісі: М.Мужебаева көркем әдебиет  оқу іс-әрекеті бойынша «Ертегілер еліне саяхат» тақырыбында оқу іс-әрекеттер өткізілді.
Болашақ ұрпағымыздың білімді, тәрбиелі болып өсу жолында өз күшімізді, білімімізді аямаймыз!
Өйткені, жас ұрпақ- біздің болашағымыз.Олар Тәуелсіз еліміздің болашағы!

  • Келешегіміз кемел, болашағымыз жарқын болсын!
  • Келешегіміз кемел, болашағымыз жарқын болсын!
  • Келешегіміз кемел, болашағымыз жарқын болсын!
  • Келешегіміз кемел, болашағымыз жарқын болсын!
  • Келешегіміз кемел, болашағымыз жарқын болсын!
  • Келешегіміз кемел, болашағымыз жарқын болсын!
  • Келешегіміз кемел, болашағымыз жарқын болсын!
  • Келешегіміз кемел, болашағымыз жарқын болсын!

КМҚК «Күршім ауылының балалар бақшасы»

Күршім ауылының балалар бақшасы 2003 жылдан жас ұрпақты тәрбиелеуге өзіндік үлес қосып жатқан тәрбие орнынның бірі.
2003 жылда балабақшада 50 бала екі топқа бөлініп тәрбиеленді. 2014 жылдың қыркүйек айына дейін 125 бала 5 топқа бөлініп тәрбиеленген. Осы кезде  «Балапан» бағдарламасы бойынша тағы 15 балаға 1 топ ашылып,  қазіргі уақытта 2 жастан 6 жасқа дейін 140 бала жас мөлшеріне байланысты 6 топқа бөлініп білім-тәрбие алуда. Оның ішінде 1 топ 25 балаға әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған және көп балалы отбасыларына арнайы ашылған. 
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру жаңа стандартын басшылыққа ала отырып, «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта» білім беру салаларымен байланыста.
Балалардың жас ерекшеліктеріне сай оқу іс-әрекетін әр-бір педагог-тәрбиеші шығармашылық ізденіс негізінде жүзеге асыруда. Тәрбиешілер қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстар туралы білімдерін қалыптастыра отырып, балалардың интеллектуалдық қабылетін, ақыл-ой дағдыларын, таным мен қызығушылықтарын ойын арқылы іс-әрекетінде дамытуда.
Балалардың көркем шығармашылық дағдыларын дамыту мақсатында ертегілерді кейіпкерлендіру; ұлттық ойындарды ойната білу; өлең-тақпақтарды мәнерлеп оқу; сұраққа нақты, толық жауап беру; сурет арқылы әңгімелей білуде сөздік қорларын молайту; тіл мәдениетін жетілдіру жолында кешенді оқу өткізу арқылы жаңаша бағыттағы іс-әрекеттерді жүзеге асыруда.
Балалар бақшамызда мемлекеттік тілде дәріс беріледі, қосымша ағылшын, орыс тілдері де оқытылады.
Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу үрдісіндегі дәрістердің барлығы Еліміздің атаулы күндерімен пара-пар келіп жатады, салауатты өмір салтына байланысты баланың физиологиялық ерекшекліктерін ескере отырып қосымша қызықты шаралар ұйымдастырылады. Мысалы: білім күніне арналған салтанатты жиыннан басталған тәрбие шаралары «Қош келдің берекелі күз» атты ертеңгілікпен жалғасып, Республика күні, Тәуелсіздік күнін атап өту, Жаңа жылдық шырша мерекелеріне ұласады. «Бүлдіршін ару», «Көктем гүлі», «Жас Ұлан», «Айналайын ақ мамам» атты ата-аналармен өткізілген «Көгілдір от», «Наурыз думан», «Даярлықпен қоштасу» ертеңгілігі, сонымен қатар «Бірінші маусым-балалар күні» тәрбиелік шаралары өткізіліп тұрады.
Балабақшада ата-аналармен «Аталар сөзі – ақылдың көзі», дөңгелек үстел: «Педагогтар, ата-аналар және балалар» атты ата-аналар жиналыстары өтіп жатады; қоғамдық орындармен, жұртшылықпен, баспа жазылу жұмыстары жүргізүлүде.
Тәрбие орнының алға қойған басты мақсаты – мектепке дейінгі тәрбие бағдарламасы бойынша бүлдіршіндерге тиімді де  тиянақты білім беріп, жыл сайын мектепке балабақша ұясынан қанат қақтырып ұшырып отыру.

  • Детский сад с.Курчум
  • Детский сад с.Курчум
  • Детский сад с.Курчум
  • Детский сад с.Курчум
  • Детский сад с.Курчум
  • Детский сад с.Курчум
  • Детский сад с.Курчум
  • Детский сад с.Курчум

Кадрлар туралы мәлімет
Ұлы ақынымыз Мағжан Жумабаев: «Мен дәрігерден гөрі тәрбиешілердің көп болғанын қалаймын, себебі дәрігер денеңді сауықтырса, тәрбиеші өне бойынды сауықтырады» - деген екен.
Балалар бақшасында 16 педагог дәріс береді, 1 медбике. Оның:

  • 8 жоғары білімді
  • 8 арнайы орта ( 1 жоғары оқуын жалғастыруда)
  • 4 бірінші санатты
  • 5 екінші санатты
  • 2 жас маман

Материалдық-техникалық базасы туралы:
2003 жылы 1 қыркүйекте Күршім ауылының балалар бақшасы 1968 жылы салынған балабақша ғимаратында ашылды. Балабақшаның мекен жайы: Күршім ауданы, Күршім ауылы, Бунтовских көшесі, 14 үй. Ғимараттың баланс бағасы 536900 теңге.
Балабақша 7.30-дан 18.00-ге дейін жұмыс істеді.
Әр оқу жылы аяғында балабақша ғимараты ағымды жөндеу жұмыстарынан өткізіледі. 2007 жылында жылу қазандығы электр қазандығына ауысты.
2009 жылында өрт сигнализациясы орнатылды, балаларға аулада ойнайтын қосымша 3 топқа алаңдар жасалды және кір жуу бөлмесіндегі, асханадағы канализация күрделі жөндеуден өтті.
2014 жылы балабақша ғимаратының шатыры күрделі жөндеуден өтті.
2015 жылы жылу жүйесіне ағымды жөндеу жұмысы жүргізілді, бір топтың ұйықтау бөлмесіне аяқтау жұмыстары жүргізіліп іске қосылды.
Жалпы балаларға түгел жағдай қарастырылған:

  • арнайы жабдықталған акт-спорт залы
  • асхана
  • медицина бөлмесі (қабылдау, процедура, изолятор)
  • әдістемелік бөлме
  • 6 топ бөлмелері жұмыс істеуде.

Топтарда  қабылдау,    жуынатын,    ұйқы,    сабақ, ойын, тамақ ішу орны қарастырылған.
Дәрі-дәрмекпен, ойыншықтармен, оқу-құралдармен, дене шынықтыру сабақтарына арналған құралдармен, ыдысаяқпен, төсек жабдықтармен, музыкалық центр, теледидар, ДВД, музыкалық аспаптармен, компьютермен балабақша жалпы қамтылған.

Парақтар өзгертілді: 15-11-2017