Жексенбi, 15 Қыркүйек 2019 г. 23:03

Білім беру

Күршім ауданы әкімдігінің «Балалар шығармашылық үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
Балалар шығармашылық үйі 2004 жылы бұрынғы «Пионерлер үйі» базасында құрылған. 2007-2008 оқу жылынан бастап материалдық дамуы қарқынала бастады.
Мектептен тыс мекемелерде оқушыларға эстетикалық және рухани – адамгершілік тәрбие берудің негізгі құралы өнер болып табылады. Өнерді үйрете отырып, оқушылардың жан дүниесін әдемілік пен әсемдіктің, адамгершілік пен әдептіліктің қасиетін дарыту, болашақ ұрпақтың жоғарғы мәдениетті болып өсуін қамтамасыз ету, жалпы мемлекеттік мәселе.   Балалар шығармашылық үйі оқушыларға қосымша білім беретін, шығармашылық ізденістерін жетілдіретін, жеке басының мәдениетін қалыптастыратын қоғамдық өмірге бейімділігін арттыра отырып, елжандылыққа тәрбиелейтін мектептен тыс мекеме.
Мекеме директоры –Наукенов Салий Қалиұлы, 1965 жылы туған, ұлты-қазақ, білімі жоғары, біліктілік  санаты-жоғары, еңбек өтілі – 32 жыл.
Балалар шығармашылық үйінде бес бағыт бойынша 184 бала дәріс алуда.Әр үйірме мүмкіндігімен балалардың жас ерекшеліктеріне қарай бірнеше топтарға бөлінген.
1)Хореография 
2)Қолөнер және тігін
3)Шешендік өнер
4) Жас техник  
5)Шахмат, дойбы
Мекен-жайы: ШҚО Күршім ауданы Күршім ауылыИсабеков к.19 үй.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы
КУӘЛІК № 122-1917-06-МК  22.07.2004ж

Хореография үйірмесі
«Жайна» халықтық бишілер ансамблінің тарихына көз жүгіртсек, 1987жылы Күршім №3 орта мектебінің жанынан «Балауса» бишілер ансамблі құрылады. Ансамбль мүшелерін негізінен 3-6 сынып оқушылары құрады. 1990 жылы ансамбль мүшелерінің жас ерекшеліктерін ескере отыра, ансамбль «Жайна» деген жаңа атқа ауыстырылды.Сол уақыттан бері ансамбль аудан көлемінде өтетін барлық мәдени шараларға қатыса отыра, облыстық республикалық  және халықаралық жарыстарда нәтижелі өнер көрсете білді. Соңғы жылдағы жетістіктер:
2016 жылы қазан айында өткен ХVII халықаралық «Көзге Иртыш мұңлары» татар өнер фестиваль-байқауында 14-16 жас категориялары бойынша І орын, 8-14 жас категориялары бойынша ІІ орын иеленді.
2017 жылы 20 наурыз күні өткен Латиф Хамиди  атындағы ІІ Халақаралық би конкурсында «Жайна» би ансамблі өнер көрсетіп, ІІ дәрежелі дипломмен  және арнайы жасалған медалмен, лауреаттарды дайындағаны үшін жетекші грамотамен  марапатталды.
2017 жылы сәуір айында «Жайна» үлгілі би ансамблінің 6 түлегі бірнеше дүркін халықаралық би жарысының лауреаттары «Өнердегі жетістіктері» үшін медаліне ұсынылып, марапатталды.
2017 жылы 19 мамыр күні Оралхан Көшеров атындағы «Оралхан көктемі» атты І халықаралық ән фестивалінде Семей филормониясы бишілерімен қосылып жоғары деңгейде өнер көрсеткені үшін «Жайна» үлгілі би ансамблі аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
2017 жылы қараша айында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Петропавловск қаласында өткізілген Республикалық «Өнерім-рухани қазынам» атты ХІІІ ұлттық жастар дельфий ойындарында жоғары шығармашылық қабілеті үшін «Жайна» би ансамблі арнайы дипломмен марапатталды.
2018 жыл 22 сәуір Өскемен қаласында «Дарындар шұғыласы» хореографиялық көркемөнерпаздар ұжымдарының облыстық ашық би байқауында «Жайна» үлгілі халықтықби ансамблі  15-17 жас категориясы бойынша «Бас жүлдеге» ие болды.

«Қолөнер және тігін» үйірмесі
2016 жылы қазан айында Республикалық «ЭКСПО-2017» интернет-байқауында 1 оқушы І дәрежелі дипломмен марапатталды.
2017 жылы ақпан айында өткен «Ұлт өнері-ұрпаққа мұра» атты республикалық қолөнер байқауына 9 сынып оқушысы М.Сарсембаева қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталды.
2017 жыл сәуір айында  Алматы қаласында  «Be CIever»  Халықаралық дамыту орталығы ұйымдастырған«Мой домашний любимец»  атты  конкурста  Тукпатолдаева Шырай І дәрежелі , Жумажанова Алина ІІ дәрежелі, Мензюк Света  ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталып, қатысқандары  үшін  арнайы сертификаттарға ие болды.
2017 жыл мамыр айында Өскемен қаласында  өткен  Халықаралық «Таланттар жәрмеңкесі» атты қонкурста Альшева Дарья екі жұмыспен екі Бас жүлде, Мензюк Светлана Бас жүлде, Сарсембаева Мадина екі жұмыспен екі І орын, Тонышева Анастасия І орын, Сарсембинова  Амина І орындарға ие болды.     
2017 жыл мамыр айында  Алматы қаласында  «Be CIever»  Халықаралық дамыту орталығы ұйымдастырған«Моя  любимая игрушка»  атты  конкурста  Тукпатолдаева Шырай І дәрежелі , Жумажанова Алина ІІ дәрежелі, Мензюк Света  ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
2017 жылы желтоқсан айында  «Қолөнер» үйірмесінің жетекшісі Шейдер И. «Алтын ұрпақ» өндірістік білім беру орталығы педагогтар арасында ұйымдастырған Республикалық «Мой лучший урок» конкурсына қатысып, жүлделі ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
2018 жыл ақпан айында Астана қаласында «Алтын ұрпақ» өндірістік білім беру орталығы ұйымдастарған Республикалық «Ярмарка талантов» интернет - байқауына 3 сынып оқушысы  Шумилина Настя «Бисермен жұмыс» номинациясы бойынша «Құс» атты жұмысымен қатысып,
ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
2018 жыл наурыз айында «Tolendi» инновациялық білім беру» ұйымы ұйымдастырған «Наурыз-Көктем» атты Республикалық сырттай қолөнер байқауына Сарсембаева Мадина «Алтыбақан» атты жұмысымен  қатысып, жүлделі ІІ орынға ие болды.
2018 жылы сәуір айында «Алтын ұрпақ» өндірістік білім беру орталығы қашықтықтан ұйымдастырған республикалық «Педагогикалық тәжірибе» атты конкурста «Үздік сабақ презентациясы» номинациясында «Айрис фолдинг» сабақ тақырыбы бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

«Жас техник» үйірмесі
2017 жылы қараша айында «Өнеге» интеллектуалды білім порталының Республикалық  қашықтықтан өткізілген «Баба мұрасы - қолөнер» атты конкурста 3 сынып оқушысы Тұрсын Дарын «Домбыра» атты жұмысымен  және 6 сынып оқушысы Әлібеков Нұрлы  «Бесік» атты жұмысымен
І орындарды иеленіп, дипломдармен марапатталды.
2018 жыл ақпан Астана «Алтын ұрпақ» өндірістік білім беру орталығы ұйымдастарған Республикалық «Ярмарка талантов» интернет-байқауына
5 сынып оқушысы  Токаев Рауан «Күн тәңірі» атты жапсырма жұмысымен қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталды.
2018 жыл наурыз «Қос қыран» білім мен шығармашылықты дамыту орталығы ұйымдастырған «Ұлттық өнер - ұрпаққа аманат» атты республикалық қолөнер интернет - байқауына 5 сынып оқушысы  Токаев Рауан «Қазақ елі» жұмысымен қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталды.
2018 жыл наурыз  ҚР БҒМ  РҚББОӘ орталығы ұйымдастырған «Шебер қолдар» атты республикалық интернет - конкурста «Жарамсыз материалдан жасалған бұйым» номинациясы бойынша 5 сынып оқушысы  Садуов Әлихан  «Ай машинасы «Марс» атты жасаған жұмысымен қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталды.
2018 жыл наурыз айында «Tolendi» инновациялық білім беру» ұйымы ұйымдастырған «Наурыз - Көктем» атты Республикалық сырттай қолөнер байқауында Зарықпаев Еркебұланның жасаған «Наурыз» атты сыйкәделік бұйымы жүлделі ІІ орынға ие болды.
2018 жылы сәуір айында «Алтын ұрпақ» өндірістік білім беру орталығы қашықтықтан ұйымдастырған республикалық «Педагогикалық тәжірибе» атты конкурста «Үздік сабақ презентациясы» номинациясында «Қалдық заттардан паровоз жасау технологиясы» тақырыбында жасаған сабақ презентациясы І дәрежелі дипломмен марапатталды.
2018 жылы мамыр айында ҚР БЖҒМ РҚББОӘ орталығы ұйымдастырған «Қалдықтардың екінші өмірі» атты Республикалық интернет байқауда «Ойыншық» номинациясы бойынша  6 сынып оқушысы Калиякперов Альмансурдың «Поровоз» жұмысы І дәрежелі дипломмен марапатталды.

«Шешендік өнер» үйірмесі
2017 жылы желтоқсан айында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қыс қамын жаз ойла» Республикалық интернет-байқауында «Құстар қайтып барады» атты өлең конкурсына 7 сынып оқушысы Болашаққызы Айдана қатысып І дәрежелі дипломға ие болды.
2018 жылы мамыр айында «Алтын ұрпақ» өндірістік білім беру орталығы қашықтықтан ұйымдастырған Республикалық «Помним, гордимся нашими героями» атты конкурста «Герои великой Победы» номинациясында «Ата жеңісінің ұрпағымын» атты жұмысымен Тоқаев Рауан қатысып, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

«Дойбы-Шахмат» үйірмесі 2013 жылдан бастап өз жұмысын бастады.  Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, бос уақытын тиімді ұйымдастыра отырып, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру.

 

 

Парақтар өзгертілді: 01-11-2018