Дұйсенбi , 25 Наурыз 2019 г. 08:22

Төтенше жағдайлар

 

Аудан тұрғындарының назарына!!!

«Қызыл Ту» өткелі арқылы өтетін паром қозғалысының тоқтатылғандығын, негізгі жол қатынау бағыттары Үлкен-Нарын және Зайсан арқылы жүргізілетіндігін хабарлаймыз.

«Қалқымалы өткел» ЖШС-нің директоры Т.Ерубаев

 

Құрметті аудан тұрғындары

2018 жылдың 10 желтоқсандағы арнайы комиссияның тексеру жұмыстарының қорытындысы бойынша, «Қызыл Ту» өткелінде мұз қалыңдығы көлік қатынауына сай келмейтіндіктен,  арнайы пост қойылып, жабылды. Облыс орталығына қатынау «Қызыл Ту» өткеліндегі паром арқылы жүзеге асырылады.

 

Күршім ауданының қысқаша сипаттамасы:

Күршім ауданы Шығыс Қазақстан облысының шығыс жақ бөлігінде орналасқан, әкімшілік орталығы Күршім аулы. Солтүстігінде ШҚО Катон-Карағай ауданымен, батысында ШҚО Көкпекті ауданымен, оңтүстігінде ШҚО Зайсан мен Тарбағатай аудандарымен және шығысында ҚХР шектеседі.
Аудан аумағы 23,5 мың шаршы шақырымды алып жатыр.
Күршім ауданы негізі ауылшаруашылық өнімдерімен және балық аулау саласымен айналысады.
Аудан аумағында 583 шаруашылық қожалықтар және бір қатар жеке кәсіпкерлердің күнбағысты өңдеу кәсіпорындары бар.
Табиғи апаттың, аварияның немесе катастрофалардың болған жағдайында, өрттер мен жарылыстар сияқты қайталама факторлары болуы мүмкін. Олар ЖМҚС, тіршілікпен қамтамасыз ету, қазандықтар нысандарында орын алуы мүмкін.
Ауданда 12 ауылдық округтердің қатарына кіретін 52 ауылдар бар.
Аудан тұрғындарының саны – 27940 адам, олардың 14134 ер адам, 13806 әйел. Тұрғындардың орташа тығыздығы 1 шаршы километрге 1,7 адамд. 35 пайыз ауыл тұрғындары тұратын, тығыз орналасқан тұрғындар ауданның батыс жақ бөлігінде.
Қысқы мерзімде қарашадан наурызға дейінгі айларда ауа температурасы – 25-30 градус, жазда +25-30 градус болады. Төменгі температура -50 градус ауданның таулы аймақтарында белгіленеді. Грунттің қату тереңдігі 1,5 метр. 1 шақырым және одан да жоғары биіктіктегі желдің жылдамдығы 15-тен 20 м/сек. дейін.
Жел бағыттарының басымы солтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс бағыттарында. Желтоқсан мен ақпан айларының аралығында боран мен бұрқасын болуы мүмкін. Аяз кезеңі – қаңтар-ақпан айлары.
Кейбір жылдардың қысқы уақытында ауыл округтерімен, аудан орталықтарымен және облыспен жол қатынасын қиындататын қардың көп түсуі мүмкін.
Күршім-Маралды, Теректі-Төсқайың автомобиль жолдарында қар көшкінінің жүру қаупі бар.
Күз айларында қардың тез еруі, Күршім мен Қалжыр өзендерінің жағалауларындағым дамбыларды бұзған жағдайда, Күршім, Барақ-Батыр, Бірлік, Бурабай, Маралды, Қалжыр, Боран, Қалғұты және Ақши ауылдарын су басуына әкелуі мүмкін.
Маусым аралық және жаз мезгілдерінде ауданның экономикасына көп шығын әкелуі мүмкін жылдамдығы 30-35 м/с-тан жоғары желдер болуы мүмкін.
Теректі ауылдық округінде « Орта Теректі» өзенінде көлемі 1 млн. текше.м су қоймасы бар. Аудан өртке қауіпті аумаққа жатады. Өртке қауіпті кезең маусымнан қазанға дейінгі 130-150 күн аралығында құрғақ ауа райына байланысты орын алады. Ауданның территориясының 187 мың га орман мен көп ауданын орман дала алып жатыр.
Аудан 7 балға дейінгі қарқындылықтағы сейсмикалық қауіпті ауданға жатады.
Ауданның Көкпекті ауданымен шекарасында Бұқтырма су қоймасы, ауданның оңтүстігінде Зайсан көлі, шығысындағы Төсқайың ауылдық округінің территориясында Марқакөл көлі бар.
Қатты жамылғыжолдармен қамтамасыз етілмеген елді-мекендердің саны -28, қара жолдар қанағаттандырарлық жағдайда;
Елді-мекендер толық байланыс құралдарымен қамтамасыз етілген;
Елді-мекендер ауыз сумен толық қамтамасыз етілген. Орталықтандырылған су жүйелерімен Күршім, Теректі ауылдары жартылай қамтамасыз етілген.
Ауданда газбен жабдықтау- баллонмен тасымалданатын газ. ЖК А.А.Рахман жеткізеді және іске асырады;
Статегиялық обьектілердің саны-3;
Облыс орталығымен көліктік байланыстар Күршім-Үлкен-Нарын-Зырян-Өскемен, Күршім-Қалжыр-Зайсан-Көкпекті-Өскемен, қыс мезгілінде Қызыл Ту мұз өткелі арқылы Күршім-Самар-Өскемен, ал жаз уақытында паром өткелі бойынша;

Төтенше жағдайлар бойынша Комиссияның құрамы: төраға-аудан Әкімі Д.З.Қажанов., 2-14-00, 21800; Орынбасарлары- аудан Әкімінің орынбасары-К.З.Азимбаев., 22-106, Күршім ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы А.Р.Абдрахманов., 23-583, хатшы- Күршім ауданының ТЖ бөлімінің бас маманы Б.А.Оразғалиев.сот 87052681399 жұмыс телефоны 23-583; күршім ауданы әкімі аппартының АҚ пен ТЖ бойынша бас маман Д.Адилбеков сот 87051404602 жұмыс телефоны 21782

 

Парақтар өзгертілді: 21-12-2018