Бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзудiң Қағидасы

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы N А-202 бўйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 30 қарашада тіркелді. Тіркеу N 986.

 


 

     Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" 1999 жылғы 23 тамыздағы N 72 өкімін орындау їшін Бўйырамын: 
     1. Қоса беріліп отырған Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс өткізудің ережесі бекітілсін.
     2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 16 сәуірде N 732 тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарындағы мемлекеттік қызметтің бос лауазымын алуға байқау өткізу туралы 1999 жылғы 15 сәуірдегі N А-33 қағидасы бўйрығының кїші жойылды деп танылсын.
     3. Осы бўйрық 2000 жылдың 1 қаңтарынан кїшіне енеді.     

     Төраға

Қазақстан Республикасының   
Мемлекеттiк қызмет       
iстері жөніндегі агенттiгi  
1999 жылғы 24 қарашада   
N А-202 бўйрығымен бекітілген

      Ескерту: Қағидада бїкіл мәтін бойынша "мемлекеттік органның басшысы", "мемлекеттік орган басшысының" деген сөздерден кейін тиісінше ", ал жауапты хатшы лауазымы енгізілген мемлекеттік органдарда, жауапты хатшы", ", ал жауапты хатшы лауазымы енгізілген мемлекеттік органдарда, жауапты хатшының" деген сөздермен толықтырылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2007.09.03. N 02-01-02/113 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) бўйрығымен. 

 Бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға
орналасуға конкурс өткiзудiң
Қағидасы

     Осы Қағида мемлекеттiк органдардағы әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзудiң (бўдан әрi - конкурс) шарттары мен тәртiбiн айқындайды, және "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес әзiрлендi. 

 1. Жалпы ережелер 

     1. Әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттiк қызметке бiрдей кiру мїмкiндiгiнiң конституциялық қўқығын қамтамасыз етедi. 

     2. Конкурсты бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдары бар мемлекеттiк орган (бўдан әрi - мемлекеттiк орган), немесе Қазақстан Республикасы Президентiнiң шешiмi бойынша мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi өкiлеттi орган (бўдан әрi - өкiлеттi орган) лауазымдардың сәйкестi санаттарына резервшiлер тiзiмi қаралғаннан кейiн өткiзедi. 
     Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2001 жылғы 6 маусымдағы N 02-2-4/98 бўйрығымен. 

     3. Конкурс жариялаған мемлекеттiк орган әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметтің бос лауазымдарына орналасуға їмiткерлердi iрiктеудi жїзеге асыруға өкілетті конкурс комиссиясын қўрады.

     4. Конкурс өткiзiлген кезде "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының және өзге де мемлекеттiк қызмет туралы заңдардың талаптары сақталуы тиiс

     4-1. Өкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерiнің жолдауы бойынша олардың қызметкерлері їмiткерлермен әңгiмелесуге және конкурс комиссиясының қорытынды мәжiлiсiне қатыса алады.
     Ескерту: 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2006 жылғы 26 сәуірдегі N 02-01-02/64 бўйрығымен.

     5. Конкурс комиссиясының шешiмi әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметтің бос лауазымына орналасудың немесе мўндай лауазымға орналастырудан бас тартуға негiздеме болады.  

     5-1. Мемлекеттік орган қайта ўйымдастырылған немесе таратылған жағдайда, жарияланған конкурс оның өткізудің кез келген кезеңінде ол туралы міндетті тїрде бўқаралық ақпарат қўралдарына жарияланып тоқтатылуға тиіс. 
     Ескерту: 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 10 сәуірдегі N 02-01-02/44 бўйрығымен.  

 2. Конкурс өткiзудiң шарттары мен тәртiбi

     6. Конкурсқа Қазақстан Республикасының азаматтары қатысуға қўқылы:
     1) жасы он сегiзден төмен емес;
     2) тиiстi бiлiмi, кәсiби дайындық деңгейi болуы және белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес.

     7. Конкурсқа қатысуға мынадай азаматтар жiберiлмейдi:
     1) осы Қағиданың 6-тармағында белгiленген талаптарға сәйкес емес;
     2) заңдылық кїшi бар сот шешiмiмен жўмыс iстеу қабiлетi төмен немесе жўмыс iстеу қабiлетi шектелген болып танылғандар;
     3) заңдылық кїшi бар сот шешiмiмен белгілi бiр анықталған мерзiмге дейiн мемлекеттiк қызметтi атқару қўқығынан айырылғандар;
     3-1) мемлекеттік қызметке кірер алдында екі жыл ішінде сыбайлас жемқорлық қўқық бўзушылығы їшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған;
     3-2) мемлекеттік қызметке кірер алдында бір жыл ішінде қасақана қўқық бўзушылығы їшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;
     3-3) мемлекеттік қызметке кіргенге дейін їш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық қўқық бўзушылық жасағаны їшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;
     3-4) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;
     3-5) мемлекеттік қызметке кіру уақытына өтелмеген немесе заңда белгіленген тәртіппен алынбаған соттылығы бар адамдар.
     4) алынып тасталды. 
     Ескерту: 7-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2006 жылғы 26 сәуірдегі N 02-01-02/64 бўйрығымен.

     8-11. Тармақтар алынып тасталды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 10 сәуірдегі N 02-01-02/44 бўйрығымен.

     12. Конкурс туралы хабарландырулар жарияланғаннан кейiн мемлекеттiк органға қажеттi қўжаттарын тапсырған азаматтар конкурсқа қатысушы бола алады.

     13. Конкурс комиссиясының шешiмi негiзiнде тестiлеуге жiберiлген конкурсқа қатысушылар бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға їмiткерлер (бўдан әрi - їмiткерлер) бола алады.

     14. Конкурс комиссиясы конкурсқа қатысушылар берген қўжаттарды, оларды тестiлеудiң нәтижелерiн қарайтын, їмiткерлермен әңгiмелесу өткiзетiн және бос әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметтiң лауазымдарына орналасуға їмiткерлердi тїпкiлiктi iрiктеудi iске асыратын алқалы орган болып табылады.

     15. Конкурс мынадай сатылардан тўрады:
     1) мемлекеттiк орган өткiзетiн конкурс туралы хабарландыруларды жариялау;
     2) конкурс комиссиясын қўру;
     3) конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрген азаматтардың қўжаттарын 
қабылдау;
     4) конкурсқа қатысушылардың қўжаттарының әкiмшiлiк
мемлекеттiк лауазымдарға белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн алдын-ала қарау;
     5) їмiткерлердi өкiлеттi орган белгiлеген тәртiпте тестiлеу;
     6) їмiткерлермен конкурс комиссиясы өткiзетiн әңгiмелесу;
     7) конкурс комиссиясының қорытынды мәжiлiсi.

     16. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (тестiлеу өтетiн жерге келу және қайту, тўратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық тїрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жїргiзедi.    

 3. Конкурс туралы хабарландыру 

     Ескерту: 17, 18, 19 тармақтар жаңа редакцияда жазылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2000 жылғы 18 қаңтардағы N 02-1-7/3 бўйрығымен. 

     17. Орталық мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлімшелерінде және ведомстволарда конкурс өткізу кезінде хабарландырулар Қазақстан Республикасының бїкіл аумағына таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланады. Жергілікті мемлекеттік органдарда конкурс өткізу туралы хабарландырулар тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағына таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланады. 
     Ескерту: 17-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 10 сәуірдегі N 02-01-02/44 бўйрығымен. 

      17-1. Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс туралы хабарландырулар жариялағаннан кейін "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2, 3-тармақтары мен 14-бабының 10-тармағы бойынша конкурстық рәсімдері аяқталғанша, азаматтарды жарияланған лауазымға тағайындауға жол берілмейді.
      Ескерту: 17-тармақпен толықтырылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2006 жылғы 26 сәуірдегі N 02-01-02/64 бўйрығымен. 

     18. Конкурсты өткiзу туралы хабарландыруда мынадай мәлiметтер болуы тиiс: 
     1) мекен-жайы көрсетілген мемлекеттiк органның атауы, пошта адресi, телефондары мен факс нөмiрлерi; 
     2) алынып тасталды; 
     3) негiзгi функциональдық мiндеттерi, қолданыстағы заңдарға сәйкес еңбек ақысының көлемi мен шарттары көрсетiлген бос лауазымдар атауы;
     4) мемлекеттiк орган анықтаған бiлiктiлiк талаптарына сәйкес 
конкурсқа қатысушыға қойылатын негiзгi талаптар;
     5) қўжаттарды қабылдаудың мерзiмi (конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған кезден бастап 15 кїнтiзбелiк кїн);
     6) алынып тасталды;
     7) өкiлеттi органмен немесе оның аумақтық бөлiмшелерiмен келiсiлген сынақ өткiзудің мерзiмi мен орны;
     8) әңгiмелесу өткiзудiң мерзiмi мен орны;
     9) алынып тасталды;
     Хабарландыру Қазақстан Республикасының қолданылып жїрген заңдарына қайшы келмейтiн қосымша ақпараттармен мазмўндала алады.
     Ескерту: 18-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2000 жылғы 25 ақпандағы N 02-1-7/16 бўйрығымен, 2000 жылғы 16 маусымдағы N 02-1-7/60 бўйрығымен, 2003 жылғы 10 сәуірдегі N 02-01-02/44 бўйрығымен, 2006 жылғы 26 сәуірдегі N 02-01-02/64 бўйрығымен.

     19. Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурстар туралы мәліметтер уәкілетті органның ресми WEB-сайтында орналастырылады. 
     Ескерту: 19-тармақ жаңа редакцияда жазылды, өзгертілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 10 сәуірдегі N 02-01-02/44 бўйрығымен.  

 4. Конкурс комиссиясын қўру

     20. Конкурс комиссиясын осы Қағидамен анықталған тәртiппен тиiстi лауазымға тағайындауға қўқығы бар тиiстi мемлекеттiк органның басшысы, ал жауапты хатшы лауазымы енгізілген мемлекеттік органдарда, жауапты хатшы қўрады.

     21. Конкурс комиссиясы төрағадан, хатшыдан (кадр қызметiнiң өкiлi) және комиссия мїшелерiнен тўрады.

     22. Тиісті мемлекеттік органның басшысы, ал жауапты хатшы лауазымы енгізілген мемлекеттік органдарда, жауапты хатшы бекітетін конкурс комиссиясының қўрамына мемлекеттік органның әр тїрлі бөлімшелерінің басшылары, сондай-ақ мемлекеттік орган басшысының, ал жауапты хатшы лауазымы енгізілген мемлекеттік органдарда, жауапты хатшының шешімімен өзге де адамдар енгізіледі.
     Ескерту: 22-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2005 жылғы 21 маусымдағы N 02-01-02/80 бўйрығымен (бўйрық ресми жарияланған кїнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

     23. Мемлекеттiк орган қўрған және орталық мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшенің басшысына конкурстық iрiктеудi жїзеге асыратын конкурс комиссиясының қўрамына орталық мемлекеттiк органның өкілдерi, және тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк әкiмшiлiгiнiң өкiлi, келiсiмi бойынша кiреді.
     Ескерту: 23-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 10 сәуірдегі N 02-01-02/44 бўйрығымен.

     23-1. Конкурстық комиссияның қўрамына тиісті бос лауазымға орналасу конкурсына қатысушы кіре алмайды.
     Ескерту: 23-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 10 сәуірдегі N 02-01-02/44 бўйрығымен.

     23-2. Конкурс комиссиясы әр жарияланған бос мемлекеттік әкімшілік лауазым їшін сол лауазымға талаптанған їміткерлерге міндетті тәртіпте және бірдей көлемде қойылатын сўрақтардың тізбесін бекітеді.
     Ескерту: 23-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2005 жылғы 21 маусымдағы N 02-01-02/80 бўйрығымен (бўйрық ресми жарияланған кїнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

 5. Қўжаттарды қабылдау

     24. Конкурсқа қатысқысы келетiн азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға мынадай қўжаттарын тапсырады:
     1) өкiлеттi орган белгiлеген нысандағы өтiнiш (N 1 қосымша); 
     2) кадр есебi бойынша толтырылған iс парағы (нақты мекен-жайы мен телефондары, соның iшiнде байланыс, көрсетiлуi тиiс);
     3) өкiлеттi орган белгiлеген нысанда толтырылған анкета (N 2 қосымша); 
     4) бiлiмi туралы қўжаттардың нотариалдық немесе өзге де заңдарда белгiленген тәртiппен куәландырылған көшiрмелерi;
     5) еңбек кiтапшасының нотариалдық немесе өзге де заңдарда белгiленген тәртiппен куәландырылған көшiрмесi;
     6) денсаулығы туралы белгiленген нысандағы анықтама;
     7) 3х4 їлгідегi 1 фотосурет;
     8) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.
     Аталған қўжаттардың біреуінің болмауы конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы їшін негіз болып табылады.
     Ескертпе: осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында аталған, мемлекеттік қызметшілер тапсыратын қўжаттарды олар жўмыс істейтін мемлекеттік органдардың кадр қызметі куәландыра алады. 
     Ескерту: 24-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2000 жылғы 25 ақпандағы N 02-1-7/16 бўйрығымен, 2000 жылғы 3 қарашадағы N 02-1-7/154 бўйрығымен, 2006 жылғы 26 сәуірдегі N 02-01-02/64 бўйрығымен.

     25. Азаматтар бiлiмiне еңбек тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және мiнездемелерi туралы (бiлiктiлiгiн көтеру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы қўжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, кепiлдемелер, ғылыми жарияланымдар және т.б.) қосымша ақпараттарды бере алады. 

     26. Конкурс комиссиясының қарауына қўжаттарды қабылдау мерзiмiнде азаматтардың өздерi әкеліп берген немесе поштамен жiберген (қоса тіркелген қўжаттардың тізбесі көрсетілген қўжат тігілетін папкада орналастырылған) қўжаттары қабылданады.
     Ескерту: 26-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2006 жылғы 26 сәуірдегі N 02-01-02/64 бўйрығымен. 

     27. Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушылардың қўжаттары, конкурстық iрiктеуден өтпеген тўлғалардың кадр есебi жөнiндегi жеке iс парақтары мен өтiнiштерi және конкурстық комиссияның материалдары конкурстық комиссияның хатшысында сақталады (кадр қызметiнде). 
     Ескерту: 27 тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2000 жылғы 3 қарашадағы N 02-1-7/154 бўйрығымен. 

 6. Конкурсқа қатысушылардың қўжаттарын қарау 

     28. Қўжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейiн конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың қўжаттарын қарауды жїзеге асырады. 

     29. Конкурс комиссиясы ўсынылған қўжаттардың бiлiктiлiк талаптарына және 24-тармаққа сәйкес конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкестiгiн талдайды. 

     30. Конкурстық комиссия ўсынылған қўжаттарды талдау негiзiнде олардың тиiстi әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымға қойылған бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi мен конкурсқа қатысушыларды сынаққа жiберу туралы шешiм қабылдайды, ол хаттама тїрiнде ресiмделiп және комиссияның төрағасы, мїшелерi мен хатшысы қол қояды. Тестiлеуге жiберiлмеген конкурсқа қатысушыларды шешiм қабылданғаннан кейiн конкурс комиссиясы хабарландырады. 
     Ескерту: 30 тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2000 жылғы 3 қарашадағы N 02-1-7/154 бўйрығымен. 

     31. Тестiлеуге жiберу туралы шешiм әр өткiзiлген конкурс бойынша конкурс комиссиясы бекiткен їмiткерлердiң тiзiмi тїрiнде ресiмделедi және өкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне берiледi. 

     32. Конкурс комиссиясы, хабарландырудың жарияланған сатысында, өкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшелерiнiң келiсiмi бойынша, тестiлеу өткiзудің кестесiн жасайды. Кестеге сәйкес конкурс комиссиясы їмiткерлерге тестiлеу өткiзудiң уақыты мен орны туралы хабарландырады. 

     33. Yмiткерлерге өкiлеттi органның өздерiнiң мекен-жайына жақын бөлiмшелерiнде тестiлеуден өту қўқығы берiледi. Өкiлеттi органның өздерiнiң мекен-жайына жақын бөлiмшелерiнде тестiлеуден өткiсi келетiн їмiткерлер бўл туралы конкурс комиссиясына хабарлайды. Осының негiзiнде конкурс комиссиясы белгілi їмiткердiң тестiлеуден өтетiн орны туралы өкiлеттi орган мен оның тиiстi бөлiмшесiне хабарлайды.
     Ескерту: 33-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2006 жылғы 26 сәуірдегі N 02-01-02/64 бўйрығымен.

 7. Yмiткерлердi тестiлеу 

     34. Тестiлеудiң мақсаты їмiткердің бiлiмi мен қабiлетiн әдiл бағалау болып табылады.
     35. Тестiлеудің тәртiбiн өкiлеттi орган анықтайды.

     35-1. Тестілеуге қатысуға жіберілген їміткерлер оны қўжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейінгі бес жўмыс кїнінің ішінде уәкілетті орган белгілеген тәртіппен өтеді.
     Ескерту: 35-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 10 сәуірдегі N 02-01-02/44 бўйрығымен.

     36. Әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдардың санаттарына байланысты өкiлеттi орган тестiлеудің әр тїрлi бағдарламаларын белгілеуi мїмкiн. Қўжаттарын әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдардың әр тїрлi санаттарына жататын екi немесе одан да көп бос лауазымдарға орналасуға берген және тестiлеуге жiберiлген їмiткерлер тиiстi бағдарламалар бойынша тестiленедi.

     36-1. Їміткердің белгілі бір кїрделілік бағдарламасы бойынша (нормативтік қўқықтық актілердің саны мен шекаралық мәнінің деңгейі бойынша) тестілеудің оң нәтижелері соңғы тестілеу бағдарламалары бірдей немесе кїрделілік деңгейі төмен болған жағдайда басқа санатты бос лауазымдарға орналасу конкурсына қатысуға жарамды болып табылады.
     Ескерту: 36-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 10 сәуірдегі N 02-01-02/44 бўйрығымен.

     37. Yмiткердiң лауазымның белгілi бiр санаты їшiн белгiленген тестiлеу бойынша тестiлеуiнiң нәтижесi, егер тестiлеудiң бағдарламасы өзгертiлмеген жағдайда, тестiлеуден өткен сәтiнен бастап 1 жыл бойы кїшiнде болады.

     38. Yмiткердің алдыңғы тестiлеуден соң їш айдан кем емес мерзiмнен кейiн бiр бағдарлама бойынша қайтадан тестiлеуден өтуге қўқығы болады. <*>
     Ескерту: 38-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2000 жылғы 16 маусымдағы N 02-1-7/60 бўйрығымен; ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2000 жылғы 3 қарашадағы N 02-1-7/154 бўйрығымен.

      39. Өкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi тестiлеудiң нәтижелерiн тестілеуден өткен їміткерлерге және тиiстi мемлекеттiк органның конкурс комиссиясына бередi.
     Ескерту: 39-тармақ толықтырылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 10 сәуірдегі N 02-01-02/44 бўйрығымен. 

     40. Тестiлеуден өткiзу кезiнде лауазымның осы санаты їшiн өкiлеттi орган белгiлеген тїпкiлiктi мәннен төмен емес бағалар алған їмiткерлер әңгімелесуге жiберiледi. Тестiлеу нәтижелерi негiзгi мәннен төмен болған їмiткерлер әңгiмелесуге жiберiлмейдi. Бўған қоса, әңгiмелесуге жiберiлген їмiткерлер конкурс комиссиясы өткiзетiн әңгiмелесуден өту їшiн шақырылады.
     Ескерту: 40-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 10 сәуірдегі N 02-01-02/44 бўйрығымен.

 8. Yмiткерлермен әңгiмелесу

     41. Әңгiмелесудің мақсаты їмiткерлердiң кәсiби және жеке қасиеттерiн бағалау болып табылады.

     41-1. Әңгімелесуге жіберілген їміткерлер оны тестілеуден өткеннен кейінгі бес жўмыс кїнінің ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.
     Ескерту: 41-1-тармақпен толықтырылды, өзгерту енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 10 сәуірдегі N 02-01-02/44 бўйрығымен, 2006 жылғы 26 сәуірдегі N 02-01-02/64 бўйрығымен.   

     42. Yмiткердің кәсiби және жеке қасиеттерiн бағалау кезiнде конкурс комиссиясы бiлiктiлiк талаптарына және тиiстi әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметтің лауазымдық нўсқауларға сїйенедi.

     42-1. Әрбiр їмiткермен әңгімелесу барысы жеке тїрдегі хаттамамен ресiмделедi немесе техникалық жазба қўралдары көмегімен белгіленеді.
     Їмiткермен әңгімелесу хаттамасына конкурс комиссиясының төрағасы, мїшелері, їміткер, сондай-ақ хаттамалауды жїзеге асырушы хатшы қолдарын қояды.
     Конкурс комиссиясының техникалық жазба қўралдарын қолданылғаны туралы конкурс комиссиясының қорытынды отырыс хаттамасында белгі жасалады. Жазба тасығыштар конкурс комиссиясының хатшысында сақталады.
     Әңгімелесу кезінде їмiткер де техникалық жазба қўралдарын қолдана алады. Техникалық жазба қўралдарын қолдану конкурс комиссиясы отырысының қалыпты өтуіне кедергі келтірмеуі тиіс.
     Ескерту: 22-1-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2006 жылғы 26 сәуірдегі N 02-01-02/64 бўйрығымен. 

     43. Әңгiмелесуден өткен їмiткерлердің қўжаттарын конкурс комиссиясы өзiнiң қорытынды мәжiлiсiнде қарайды.

 9. Конкурс комиссиясының қорытынды мәжiлiсi

     44. Конкурс комиссиясы қорытынды мәжiлiсiнде әңгімелесу өткiзгеннен кейiн екi жўмыс кїннен кеш емес өткiзiлуi тиiс їмiткерлердi берген қўжаттары, тестiлеу мен өткiзiлген әңгiмелесудiң нәтижелерi негiзiнде бағалайды және олардың қатарынан бос әкiмшiлiк лауазымға орналастыру їшiн iрiктеудi iске асырады. <*>
     Ескерту: 44-тармақ толықтырылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2000 жылғы 25 ақпандағы N 02-1-7/16 бўйрығымен, 2003 жылғы 10 сәуірдегі N 02-01-02/44 бўйрығымен.

     45. Конкурс комиссиясының шешiмi їмiткер қатыстырылмай, ашық дауыс беру жолымен қабылданады.

     46. Конкурс комиссиясының шешiмi егер мәжiлiске оның қўрамының 2/3 кем емес бөлiгi қатысса, заңды деп есептеледi.

     47. Комиссия қўрамынан қатысушылардың көпшiлiгi дауыс берген жағдайда їмiткер дўрыс баға алады. Дауыстар бiрдей болған жағдайда конкурс комиссиясы төрағасының дауысы шешушi болып табылады.

     48. Конкурс комиссиясының өкiлеттi органға әңгiмелесуден өткен їмiткерлердi кадр резервiне есепке алуға ўсыныстама жасауға қўқығы болады. <*>
     Ескерту: 48-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2000 жылғы 3 қарашадағы N 02-1-7/154 бўйрығымен.

     49. Талқылау барысы мен конкурс комиссиясының шешiмi конкурс комиссиясының төрағасы мен мїшелерi, сондай-ақ хаттама жасауды iске асыратын хатшының қолдары қойылған хаттама тїрiнде ресiмделедi.

     50. Конкурс комиссиясы мәжiлiсi хаттамасының көшiрмесi өкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне жiберiледi.

     51. Егер конкурс нәтижесiнде конкурс комиссиясы берiлген бос лауазымдарға їмiткерлердi анықтамаса, мемлекеттiк орган қайтадан конкурс жариялауы мїмкiн.

     52. Конкурс комиссиясы әңгiмелесуден өткен їмiткерлерге конкурс нәтижесi туралы, оның аяқталғанынан кейiн 5 кїн iшiнде хабарлайды.

     52-1. Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң шешімін алған їміткерлердің тізімі конкурс өткізілгеннен кейін 7 жўмыс кїні ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетіндей жерлерге ілінеді.
     Ескерту: 52-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2005 жылғы 21 маусымдағы N 02-01-02/80 бўйрығымен (бўйрық ресми жарияланған кїнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

 10. Їмiткердiң қызметке орналасуы

     53. Мемлекеттiк органның басшысы, ал жауапты хатшы лауазымы енгізілген мемлекеттік органдарда, жауапты хатшы конкурс комиссиясының дўрыс қорытындысына ие болған їмiткердi жарияланған қызметке қабылдауға мiндеттi. Бўл ретте әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметке тїсу їшiн заңдарда қарастырылған талаптар сақталуға тиiс.
      53-1. Жауапты хатшы мемлекеттік орган басшысының келісімімен, орталық атқарушы органының департаменті мен басқарма бастықтарына және аумақтық қўрылымдық органдарының басшылары мен орынбасарларына жарияланған лауазымдар бойынша конкурстық комиссияның оң шешімін алған їміткерді қабылдайды.
      Ескерту: 53-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2007.09.03. N 02-01-02/113 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) бўйрығымен. 

     54. Мемлекеттік қызметке қабылдау кезiнде көрiнеу жалған мәлiметтерi анықталған конкурс комиссиясынан дўрыс қорытынды алған азаматты ўсыну тиiстi бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымға қабылдаудан бас тартуға негiздеме болады.

 11. Шағым беру тәртiбi

     55. Конкурсқа қатысушылар мен їмiткерлер өкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, болмаса сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағым беру қўқығы бар. 

     56. Өкiлеттi орган немесе оның аумақтық бөлiмшесi конкурс комиссиясының шешiмiне келiп тїскен шағымды қарайды және "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, осы Қағиданы, мемлекеттiк қызмет туралы басқа да заңдардың бўзылғаны анықталған жағдайда, конкурс комиссиясына қабылданған шешiмдi жоюды ўсынады.
      Ескерту: 56-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2005 жылғы 21 маусымдағы N 02-01-02/80 бўйрығымен (бўйрық ресми жарияланған кїнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

     57. Өкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң ўсынысын конкурс комиссиясы бўрынғы қўрамымен өткiзiлген өз мәжiлiсiнде қарайды. Осы мәжiлiсте конкурс комиссиясы бўрын қабылданған шешiмiн жояды және жаңасын енгiзедi, не болмаса оны еш өзгерiссiз қалдырады. Конкурс комиссиясы қабылданған шешiм туралы, ол қабылданғаннан кейiн он кїн мерзiм ішiнде, өкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне және шағым берген конкурсқа қатысушыға немесе їмiткерге хабарлайды.

     58. Конкурс комиссиясының бўрынғы қабылдаған шешiмін жоюы және жаңасын енгiзуi мемлекеттiк орган басшысының, ал жауапты хатшы лауазымы енгізілген мемлекеттік органдарда, жауапты хатшының тиiстi шешiмiн өзгертуi немесе қабылдауы їшiн негiздеме болады.

     59. Егер конкурс комиссиясы бўрынғы қабылданған шешiмдi өзгерiссiз қалдырған жағдайда, өкiлеттi орган немесе оның аумақтық бөлiмшесi, сондай-ақ шағым берген конкурсқа қатысушы немесе їмiткер осы шешiмдi сот тәртiбiнде шағым беру қўқығы болады.

     60. Конкурсқа қатысушылар мен їмiткерлер өздерiне қатысты бөлiгiне, сондай-ақ өкiлеттi орган немесе оның аумақтық бөлiмшелерi конкурс қўжаттарымен, тестiлеудiң және әңгiмелесудің нәтижелерiмен танысу қўқығы болады.

     Ескерту: Қағида N 1, 2  қосымшалармен толықтырылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2000 жылғы 25 ақпандағы N 02-1-7/16 бўйрығымен.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                     Қазақстан Республикасының
                                     Мемлекеттiк қызмет iстерi
                                       жөнiндегі агенттiгiнің
                                       төрағасының 2000 жылғы
                                     25 ақпанындағы N 02-1-7/16
                                       бўйрығына N 1 қосымша

__________________________________

 (мемлекеттiк орган)

Өтініші

Мені бос тўрған мынадай ________________________________________
__________________________________
______________________________
______________________________________ қызмет орнына тағайындалуым
їшiн байқауға жiберуiңiздi сўраймын.
     Бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс
өткiзудiң Қағидасының негiзгi талаптарымен таныстым, олармен
келiсемiн және орындауға мiндеттеме аламын.
     Ўсынылып отырған қўжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.

     __________________                         _____________
          Қолы                                     Аты-жөні

     ___ _____________ 2010 ж.

                                 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                    Қазақстан Республикасының
                                     Мемлекеттiк қызмет iстерi
                                       жөнiндегі агенттiгiнің
                                       төрағасының 2000 жылғы
                                     25 ақпанындағы N 02-1-7/16
                                       бўйрығына N 2 қосымша

      Ескерту: Қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2005 жылғы 21 маусымдағы N 02-01-02/80 бўйрығымен (бўйрық ресми жарияланған кїнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

 

АНКЕТА
                     (Өз қолымен толтырылады)

1. Тегi __________________________________________________________
Аты ______________________________________________________________
Әкесiнiң аты _____________________________________________________
2. Азаматтығы ____________________________________________________
Егер өзгертiлсе, уақытын көрсетiңiз ______________________________
3. Бўрын сотталған ба едiңiз, қашан және не їшiн _________________
4. Шет елде оқыған немесе жўмыс iстеген кезiңiз
Болған елiңiз ____________________________________________________
Болған уақытыңыз _________________________________________________
Жўмыс iстеген немесе оқыған жерiңiз ______________________________
5. Соттың шешiмiмен жўмыс iстеу қабiлетiңiз төмен немесе шектелген
деп танылдыңыз ба, қашан және не їшін ____________________________
6. Белгiлi бiр мерзiмге мемлекеттiк қызметті атқару қўқынан
айырылдыңыз ба, қашан және не їшiн _______________________________
7. Сіз мынадай:
      1) Сіз їміттенген лауазымға тікелей бағынысты;
      2) Сіз їміттенген лауазым тікелей бағынысты лауазымдарды атқаратын мемлекеттік қызметшінің жақын туысы (ата-анасы, ўлы, қызы, бала асырап алушылар, асырап алынған балалар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі, немересі, жўбайы немесе зайыбы) болып табыласыз ба________________
__________________________________________________________________

     _________________ 2010 ж.                 __________________
                                                       (қолы)