Жексенбi, 23 Қыркүйек 2018 г. 17:16

Мемлекеттік мекемелер

Өрт сөндіру бөлімі

Өрт сөндіру бөлімінің бастығы - Ерлан Болатұлы Қаматаев   

Туған жылы 27 қаңтарда 1973 ж Шығыс Қазақстан облысында Күршім ауылында дүниеге келдім.
Ұлтым қазақ.
Еңбек қызметін 1990 жылы Күршім ауылының совхозында ұста болып бастадым.1991 жылы Кеңес Социялистік Респупликалық Одағы қарулы күштер қатарына шақырылдым.№14248 Беларус әскери аумағында механик-атқыш болып әскери қызметімді атқардым.Әскерден келгеннен кейін «Сельхоз-химия» АҚ күзетші болып жұмыс істедім. 1996 жылы наурыздың 2-ші жұлдызында Күршім ауылы №29 ӨСБ-не өрт сөндірүші болып жұмысқа тұрдым.1996 жылы 17-ші шілдеде әскери №40 ӨСБ-і болып құрылуына байланысты өрт сөндіруші лауазымын алып, қазір сол мекеменің бастығы болып жұмыс атқарудамын.
08.03.2009 жылы Айнұр Қайырхан қызы Зарқумановамен отау тіктім. Жұбайым 1978 жылы туған, ұлты қазақ, аудандық әкімшілікте жұмыс істейді қазір үйде балаға қарап отыр.

Бірінші жұбайым Гүльмира Танырбергенқызы Қаматаева (Сайлюбаева) 1975 жылы туған, мінезіміз келмегеннен кейін айрылыстық.
Әкем Болат Қаматаевич Қаматаев 1938 жылы туған, зейнеткер, соңғы жұмыс істеген жері Күршім аудандық әкімшілігінде ауыл шаруашылық бас маманы болып жұмыс атқарған.Апайым Ләйлә Болатқызы Ниетбаева (Қаматаева) 1965 жылы туған, Өскемен қаласында тұрады Михаэлиса 12-ші үй, 45-ші пәтерде альтернативтік медициналық орталықта нарколок дәрігер қызметін атқарады. Жұбайымның әкесі Қайырхан Зарқұманович Зарқұманов 1951 жылы туған, Күршім ауылы Первамай көшесі 11-ші үйде тұрады, уақытша жұмыссыз.Жұбайымның шешесі Маруа Қүмаровна Зарқұманова 1953 жылы туған,  Күршім ауылы Первамай көшесі 11-ші  үйде тұрады, уақытша жұмыссыз.

Мекен-жайы: Күршім ауылы Лесников көшесі 9
Байланыстелефоны: 8(72339)22016

2010 жылдың 1-ші жартыжылдығынды атқарылған жұмыс қорытындылары бойынша  есебі

Күршім ауданының табиғи ерекшіліктері, аумақтардың кеңдігі және елді-мекендер мен телімдердің алыс орналасуы көптеген түрлі төтенше жағдайлар шығуына ықтимал етеді.

Төтенше жағдайлар мен оқиғалардың басымы өрттер болып табылуда. 2010 жылдың бірінші Жартыжылдығында барлығы 7 өрт тіркелді, бұл көрсеткіш 2009 жылмен (5өрт) салыстырғанда 40 % өсті, немесе 1,4 есе көп сонымен қатар өрт ретінде есепке алынбайтын 4 оқиға тіркелді . 2009 жылмен салыстырғанда өрттерден келген шығын 6,1 есе көбейіп, 305300 теңгені құрады (2009 жылдың осы мерзімінде – 50000 теңге).
2010 жылдың 1-ші жартыжылдығында адам өлімі, бақытсыз оқиғалар тіркелген жоқ  2010 жылдың қыс-көктем аралық мерзімінде ауа райының қолайсыздығына байланысты қардың өте көп болуынан аудан бойынша  жолдарды қар алып бірқатар Төтенше жағдайлар орын алды.
№ 40 ӨСБ бөлімшелері наурыздың 7-ші жұлдызында Күршім ауылы мен Ақсуат ауылы арасындағы «Арқауыл» телімінде қалған 4 автокөлікті жолға шығарып, 7 адамға көмек көрсетті.

2010 жылда көп жауған қардың көктемде ауа райы күрт жылынуына байланысты ауылдарды су басу қаупі күшейіп, Қалғұты ауылдық округіндегі Қаратоғай,Ақши ауылдары, Сарыөлең ауылдық округіндегі Бірлік, Барақ батыр ауылдары, Күршім ауылдық округі бойынша Алғабас, Топтерек ауылдары, Абай ауылдық округі бойынша Бурабай ауылы, Маралды ауылдық округі бойынша Маралды ауылы, Теректі ауылдық округі бойынша Теректі, Қарашілік ауылдары, Боран ауылдық округі бойынша Боран, Жиделі, Қазақстан, Жаңа-ауыл ауылдарында № 40, 39 ӨСБ-ң жеке құрамдары бөгет жұмыстарына болысып, адамдарды көшіруде көптеген үлестерін қосты. Қолданыстағы заңнаманы ескере отырып, Күршім ауданының № 40, 39 ӨСБ жұмысы тұрғындар арасында бұқаралық ақпараттық құралдар арқылы үгіттеу жұмыстары тұрғын үйлерді аралау, су тасқыны кезінде қауіпсіздік шаралары және өрт қауіпсіздігі бойынша жадынамалар мен ұсыныстарды әзірлеу бағытында ұйымдастырылды. 1505 үй мен пәтерлердің тұрғындарымен нұсқаулықтар жүргізілді. АІІБ және жергілікті атқарушы органдарымен жұмыс күшейтілді.

№ 40, 39 ӨСБ-ң жеке құрамдары Күршім және Теректі ауылдарында  тазалық жұмыстарымен айналысты, көше бойындағы шөптерді шапты,  ауыл тұрғындарын өз үйлерінің маңайын тазалауға жұмылдырды. 
2010 жылдың 1-ші жартыжылдығында адам көп жиналатын объектілерде 4 өрт-тактикалық жаттығулар және 18 өрт-тактикалық сабақтар жүргізілді.  
№ 40, 39 ӨСБ-ң жеке құрамдары «Көктем-2010» Республикалық командалық штабтық жаттығуларға қатысты.
№ 40, 39 ӨСБ бөлімшелерінің есеп беріп отырған мерзімдегі жауынгерлік жұмысын «қанағаттанарлық» деп бағалауға болады. Жеке құрам адамдар мен бағалы заттарды құтқару мен көшіру кезінде сауаттылық пен қайсарлығын білдірді. 
Сонымен қатар, жыл ішінде гарнизонның жауынгерлік даярлығын жоғарлатуға бағытталған біршама жұмыстар атқарылған:

  1. ауданның әр түрлі қызметтерін қатыстырумен өрт сөндіру аудандық жоспары ойнатылды;
  2. № 40, 39 ӨСБ аулалары көріктендіріліп, көгалдандырылды;
  3. № 40, 39 ӨСБ қызметтік жайларының, ғимараттарының сыртқы жөндеулері жасалды, өрт сөндіру техникалары жөндеуден өткізілді;
  4. бөлімшелердің өрт сөндіру техникасы жазғы мерзімге даярланды.


Парақтар өзгертілді: 24-12-2015