Сейсенбi, 17 Шілде 2018 г. 15:46

 

Мемлекеттік мекемелер

“Шығыс Қазақстан облысы Статистика департаменті” ММ-нің Күршім ауданы бойынша статистика басқармасы

Бастығы – Хамитов Бекболат Әменұлы

1 қаңтар 1968 жылы  Шығыс  Қазақстан облысы Күршім  ауданы    Қаратоғай  ауылында  дүниеге  келген.  1975 -1985 жылдар аралығында Қаратоғай  орта  мектебінде  оқыды. 1986-1988  жылдары Совет армиясы қатарында әскери міндетін атқарды. 1989-1990 жылдары Қаратоғай кеңшарында жай жұмыскер болып істеді.
1991 жылы Семей  қаржы – экономика техникумына  түсіп  1993  жылы бітіріп , қаржыгер  мамандығын  алған.
1994- 1995  жылдары  Күршім аудандық қаржы бөлімінде экономист болып қызмет атқарды.
1995-1997 жылдары  Күршім аудандық халықты әлеуметтік қорғау бөлімінде зейнетақы қорында бас маманы қызметін атқарды.
1997–1999 жылдары  Күршім аудандық салық бөлімінде зейнетақы қорының бас маманы қызметін атқарды.
1999-2000 жылдары Күршім аудандық салық комитетінде заңды тұлғалар бөлімінің салық төлеушілермен жұмыс істеу секторында аға салық инспекторы қызметін атқарды.
2000-2002 жылдары Күршім аудандық салық комитетінде салық төлеушілермен жұмыс істеу бөлімінде жетекші салық инспектор қызметін атқарды.
2002-2003  жылдары Күршім аудандық салық комитетінде салық төлеушілермен жұмыс істеу бөлімінің жанама салық және өндіріп алу секторының жетекшісі қызметін атқарды.
2003-2006 жылдары Күршім аудандық салық комитетінде салық төлеушілермен жұмыс істеу бөлімінің бастығы қызметін атқарды.
2006-2010  жылдары “Шығыс Қазақстан облысы салық департаменті” ММ-нің Күршім аудандық салық басқармасы бастығының орынбасры міндетін атқарды.
2010 жылы “Шығыс Қазақстан облысы статистика департаменті” ММ-нің Күршім аудандық статистика басқармасының бастығы болып тағайындалды.

1.Негізгі міндеттер
1 Респонденттердің  статистикалық нұсқаулықтарға қажеттіліктерін қанағаттандыру;
2 Әдіснамалық және консультативтік қолдауға сұранысты қанағаттандыру;
3 Респонденттерден әдіснамаға сәйкес  бекітілген бастапқы статистикалық ақпараттарды жинауды қамтамасыз ету;
4 басқарма құзыретіне кіретін статистикалық байқаулар бойынша бастапқы статистикалық  деректердің базасын қалыптастыру;
5 Бекітілген әдіснамаға сәйкес бастапқы статистикалық мәліметтердің сапасын қамтамасыз ету;
6 Басқарманың қызметін орындау аясында материалды-техникалық, бағдарламалық құралдарды тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;
7 Сапа саласында мақсатқа қол жеткізу.

Мекен-жайы: 071200 Күршім ауылы Барақ Батыр 25
Қабылдау күндері: дүйсенбі-жұма сағат 09-12 дейін
Телефон: (8-72339) 2-14-45

Статистикалық ақпарат

 

 

Парақтар өзгертілді: 15-09-2015