Жұма, 26 Мамыр 2017 г. 13:21

Аттестация

E-R-4  санаты бойынша әңгімелесуден өткізудің жүйелік кестесі

1 маусым
бейсенбі
10.00
Күршім ауданының экономика және қаржы бөлімі– 1.

Аппарат басшысының міндетін уақытша атқарушы Ж.Мәжібаев

 

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттаудан өткізудің қорытындысы

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттаудың мақсаты олардың кәсіби дайындық деңгейін және атқаратын лауазымдарына сәйкестігін айқындау болып табылады.
«Ұлт жоспары-100 нақты қадамның» 15 қадамына, Қазақстан Республикасы  Президентінің  2016 жылғы 30 желтоқсандағы  «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттауды өткізу туралы» №404 Жарлығына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасының  2016 жылғы 31 желтоқсандағы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттауының кейбір мәселелері туралы» №112 бұйрығына  сәйкес, Күршім ауданының жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын  мемлекеттік органдарының 96 мемлекеттік әкімшілік қызметшісін  және Күршім аудандық мәслихаты аппаратының 3 мемлекеттік әкімшілік қызметшісін аттестациядан өткізу жоспарланды.
98 мемлекеттік қызметші тестілеуден өткізіліп, 17 -«өте жоғары», 80- «тиімді», 1-«қанағаттанарлық» деңгейлерін көрсетті. Денсаулығына байланысты 1 бас маман  тестілеуден өтпеді.
Е-1, Е-2, Е-R-1 санатындағы 20 мемлекеттік қызметші екінші деңгейде облыс әкімі аппаратында әңгімелесуден өткізілді.  Барлық мемлекеттік қызметшілерге Шығыс Қазақстан облысы бойынша  екінші деңгейдегі аттестаттау комиссиясының   «атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келеді» деген қорытынды шешімі берілді.
2017 жылғы 10 сәуірде Күршім ауданы  әкімінің «Бірыңғай аттестаттау комиссиясының құрамын бекіту туралы» №20 ө ж/қ өкімі қабылданды.  Е-3, Е-4, Е-5, Е-R-2, Е-R-4, Е-R-5, Е-G-1, Е-G-3, Е-G-4 санатындағы   78 мемлекеттік қызметші үшінші деңгейде аудан әкімі аппаратында әңгімелесуден өткізілді. Үшінші деңгейдегі Бірыңғай аттестаттау комиссиясының  76 мемлекеттік қызметшіге «атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келеді», 2 мемлекеттік қызметшіге «атқаратын мемлекеттік лауазымына сай емес және қызметтен шығаруға ұсынылады» деген қорытынды шешімі шығарылды.
Күршім ауданының «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілерін  аттестациядан  өткізу жұмысы   жоғары деңгейде ұйымдастырылып жүзеге асырылды.

Күршім ауданы әкімінің орынбасары,
Бірыңғай аттестаттау комиссиясының мүшесі М.Қалелов

Мемлекеттік қызметшілерді аттестаттаудан өткізу бойынша Бірыңғай аттестаттау комиссиясының  жұмысы туралы

Қазақстанның дамыған 30 елдер   қатарына енуі бағдарланған «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасында, Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында, «Ұлт жоспары- 100 нақты қадамда» белгіленген стратегиялық міндеттерді орындауда мемлекеттік қызметшілерге үлкен жауапкершілік жүктеледі.
Бірыңғай аттестаттау комиссиясы ағымдағы  Заң талаптарын басшылыққа алып, Күршім ауданының «Б» корпусы мепмлекеттік қызметшілерінің  кәсіби дайындық деңгейлерін және атқаратын лауазымдық қызметтеріне сәйкестігін анықтау үшін олармен  әңгімелесу өткізуді әділетті түрде жүзеге асырды.
Әңгімелеу барысында аттестатталушының жалпы қабілетіне, жаңашылдық көзқарастары мен ұстанымдарына баса назар аударылды. Аттестатталушылардың құқықтары толық сақталды.
Атқарылған жұмыстар нәтижесінде  Күршім ауданының «Б» корпусы мепмлекеттік қызметшілерін аттестаттаудан өткізу жұмысы жоғары деңгейде өткізілді.

«Нұр Отан» партиясы Күршім аудандық филиалы
төрағасының бірінші орынбасары,
Бірыңғай аттестаттау комиссиясының мүшесі Б.Нұрымова

Мемлекеттік қызметшілерді аттестациядан өткізу бойынша пікір

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру кезеңдерінің бірі - мемлекеттік қызметшілерді кешенді аттестаттаудан өткізу. Аттестаттау мемлекеттік қызметшілердің құзыреттілігі мен білім деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін кадрлармен жұмыстың ықпалды шарасы болып табылады.
Осындай кешенді шарада «Күршім ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілері де атқарып отырған лауазымдық міндеттеріне сәйкестігі мен қабілеттіліктерін анықтау мақсатында аттестациядан өткізілді. Ауылдық округ әкімі аппаратының 8 мемлекеттік қызметшісі тестілеуден және әңгімелесуден ойдағыдай өтіп, атқарып отырған  лауазымдарына сай екендіктерін дәлелдеді.
Бірыңғай аттестаттау комиссиясы мүшелері  әңгімелесуден өткізу барысында  аттестатталушыларға  әділдік, әдептілік танытты.   Мемлекеттік қызметшілерді  қолайлы жағдайлармен  толық қамтамасыз етіп,  аттестациядан өткізу жұмысы жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызмет көрсету қоғам тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатындықтан,  өткізілген маңызды шараның нәтижесінде халыққа қызмет көрсетудің сапасы артады.  Мемлекеттік қызметшілердің бұл  мүддеден  абыроймен шығатынына сенімім мол.

Күршім ауылдық округінің
бас маман-іс басқарушысы С.Қабиденова

 

Мемлекеттік қызметшілерді
аттестациядан өткізу бойынша пікір

«Ұлт жоспары-100 нақты қадамның» 15 қадамында  мемлекеттік қызметшілерді кешенді аттестаттаудан өткізу атап көрсетілген.
Ағымдағы жылы Марқакөл ауылдық округі әкімі аппаратының 4 мемлекеттік қызметшісін аттестаттаудан өткізу жоспарланған.   
24 сәуір күні Бірыңғай аттестаттау комиссиясы мүшелері ағымдағы заң талаптарын, әңгімелесуден өткізу қағидаларын сақтап, сұхбаттасу арқылы мемлекеттік қызметшілерді  әңгімелесуден өткізді. Оның шешімімен мемлекеттік қызметшілер «атқарып отырған мемлекеттік лауазымына сай келеді» деп бағаланды.
Әңгімелесуді өткізу орнына қойылатын талаптар сақталынды. Мемлекеттік қызметшілердің денсаулығын, жағдайын қарап, дер кезінде көмек беруге алғашқы медициналық көмек көрсету пункті ұйымдастырылды.
Халыққа адал қызмет ету, оның қажетілігін анықтау және қанағаттандыру, туындаған мәселелерді шұғыл шешуге ұмтылу- мемлекеттік қызметшінің басты міндеті. Мемлекеттік қызметшінің жұмысы терең білімділік пен іскерлікті ғана емес, үлкен жауапкершілікті де талап ететіні белгілі. Сол себепті мемлекеттік қызметшілердің кешенді аттестаттаудан өткізілгені дұрыс деп санаймын. Аттестациядан өткізу арқылы  мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дайындық деңгейлері және атқаратын лауазымдарына сәйкестігі анықталады.

Марқакөл ауылдық округі
әкімінің орынбасары А.Қасентаева

 

Парақтар өзгертілді: 25-05-2017