Дұйсенбi , 21 Тамыз 2017 г. 10:49

Мақалалар

Басты міндет – елге қызмет

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі қысқа мерзімнің ішінде қоғамның өмір тіршілігін өзгертіп, жаңа саяси жүйе қалыптастыруда, экономика мен әлеуметтік салаларды реформалауда іргелі табыстарға қол жеткізді. Ұтымды әрі кезең – кезеңімен жүйелі түрде жүргізіліп жатқан қомақты іс – шаралардың оң нәтижелері еліміз таңдаған жолға деген халықтың сенімін нығайтуда.
Өркендеп келе жатқан қоғамның әрі қарай жоғарғы қарқынмен дамуы мемлекеттік басқару ұғымымен тікелей байланысты. Мемлекеттік басқару атқарушы билікті жүзеге асырудың нысаны болып табылады.
Еліміз егемендік алған алғашқы күннен бастап, мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтің қазіргі заманғы тиімді жүйесін қалыптастыруға баса назар аударылды.  Осы орайда Елбасы «Қазақстан- 2050» Стратегиясында  мемлекеттілікті одан әрі нығайту халыққа және мемлекетке қызмет етуді барлығынан жоғары қоятын кәсіпқой мемлекеттік аппарат қалыптастыру міндеті тұрғанын атап өтті. 
Сондай-ақ, Елбасының Жарлығымен Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдары және мемлекеттік қызметшілердің жұмыс пен тұрмыстағы жүріс-тұрыстарының қалыптары регламенттелген мемлекеттік қызметшілердің жаңа Әдеп кодексі қабылданды.
Қазақстан Республикасының Президенті   жариялаған Ұлт жоспары «100 нақты қадамның» алғашқы он бес қадамы «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» деп аталып, мемлекеттік қызметтің мәнін, жаңа жағдайда оған қойылатын талаптарды белгілеп берді. Қазіргі уақытта аталмыш қадамдардың басым көпшілігі орындалды.
 Жоғарыда аталған құжаттардың барлығы еліміздің  дамыған мемлекеттердің отыздығына кіру мүддесін көздейді.  Бүгінгі таңда мемлекетіміз өркендеп-дамудың Үшінші кезеңін жүзеге асыруға кірісті. Осы тұрғыда бәсекеге қабілетті, білімді де білікті, халық сенімін ақтайтын,  ел келешегі- жастарды тәрбиелеу мақсатында рухани жаңғырту жұмысы басталды.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінде «Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің адамгершілігіне және моральдық-әдептік бейнесіне жоғары талаптар қояды»,– делінген.
Сарабдал саясаттың жемісін ел игілігіне жарату жолында мемлекеттік қыз­метшілерге зор міндеттер жүктелуде. Мемлекеттік  қызметшіге қойылар талап  қатаң, оған сыншы да мол. Сонда адамды осы жүгі ауыр қызметте не ұстайды? деген орынды сауал туындап жатады. Мемлекеттік қызметшінің басты мақсаты – халыққа адал қызмет ету. Бұл жолда  олар халықтың мүддесін жоғары қойып, әділ шешім қабылдап, қарапайымдылық, адамгершілік танытуы тиіс.
Әдепті, сабырлы да шыншыл, әрі ұлтжанды қасиеттері мол азаматтардың мемлекеттік қызметті адал атқаруы еліміздің өркендеп- өсуіне зор үлес қосады,  халық арасында мемлекеттік қызметшінің  беделін нығайып, оған деген халықтың сенімі артады.  
Сол себепті, мемлекеттік қызметші болу – зор құрмет.
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев  «Мемлекеттік қызметке біз жұмыс істеу үшін шақырамыз. Себебі, халқымыз бізді өзіне жұмыс істеу үшін жалдайды. Сондықтан, біз өзіміздің халықтың қызметшісі екенімізді ұмытпайық. Мансапқорлық  көрсетпей, халыққа жақын, әр істе әділ болып, әрбір адамның мұң-мұқтажын қолдан келгенше түсініп, оны дәл сол кезде орындай алмасаң да түсіндіріп, дұрыс жауап беріп, шығарып салу – біздің парызымыз. Сонда әкімшілік те, мемлекеттік қызметкерлер де халыққа жақын болады»,-деп бірнеше мәрте айтты. Елбасының айтқан бұл сөздері әрбір мемлекеттік қызметші үшін басты қағидаға айналуы тиіс.
Сонымен қатар, Ел көшбасшысы  ұсынған «Мәңгілік ел-қазақ халқының ұлттық идеясын»  жүзеге асыру  да   мемлекеттік қызметшілерге  жүктелген.
Қорыта айтқанда, мемлекеттік қызметшілер  Мемлекет Басшысы айқындап берген басымдықтарды зор жауапкершілікпен іске асырулары тиіс.  Мемлекеттік қызметшілердің бұл  мүддеден  абыроймен шығатынына сенімім мол.

 

Абдукаримова Гүлжан Есенжарқызы-Күршім ауданының мәдениет,
тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы

 

Парақтар өзгертілді: 01-06-2017

Информация по теме