Жексенбi, 30 Сәуір 2017 г. 01:35

Жалпы мәліметтер

Жалпы сипаттамасы

Күршім ауданы әкімінің ресми сайтын пайдаланушы ханымдар мен мырзалар!

Мен Сіздерді ауданның ресми сайтында құрметпен қарсы аламын. Күршім ауданы 1928 жылы құрылды. 1997 жылдан бастап ауданымыз бұрыңғы Марқакөл ауданын біріктірді. Бүгінгі күнде ауданда 27104 адам тұрады. Ауданның жалпы аумығы 23,2 мың кв. км. Ауданда 53 елді мекен орналасқан.

Аудан су ресурстарына және де ауылшаруашылығын жүргізуге жарамды жерлерге бай, олардың жалпы көлемі 1558,6 мың гектар құрайды, оның ішінде 19,8 мың га суармалы егістіктер. Қалған бөлік  жоғары сапалы жайылымдар мен шаппалар. Ауданымыздың 420,0 мың гектар жерін орманды алқаптар алуда. Ауданымыздың экономикалық дамуының басты саласы ауылшаруашылық кешені, оның ішінде мал шаруашылығы саласы болып табылады. Бүгінгі күні ауданда мүйізді ірі қара саны 92185 басқа жетті, оның ішінде сиыр саны 37286 басқа, жылқы 26879 басқа, құс саны 49650 басқа, қой мен ешкі саны 266483 басқа жетті.
Ақпараттық технологиялардың дамуы аудан өміріне қызығушылық танытқандарға толық және жедел ақпарат алуға мүмкіндік береді. Күршімдіктерді қоғамдық-саяси, мәдени  өмірінен хабардар етеді. Сайтқа кірушілер кез келген сұрағы бойынша шұғыл жауап алуға мүмкіндігі бар.
Веб-сайттың басқы міндеттерінің бірі билікті халыққа ашық және айқын қылу. Сайт беттерінде әрбір  қатысушы әкімге сұрақ қойып  жедел ақпарат алуға мүмкіндігі бар.

Біздің сайтқа қош келдіңіз!

Күршім ауданына 80-жыл *.zip 39 Kb
Парақтар өзгертілді: 21-06-2016