Жұма, 23 Маусым 2017 г. 11:09

Мүлікті жария ету

Мүлік пен капиталды жария ету Акциясы аяқталуға жақын *.doc 10 MB
Уақыт әлі бар! Мүлік пен ақшаны жария ет! *.doc 395 KB
Ақшаны жария ету тәсiлдерi 07 қыркүйек 2016 жыл *.doc 24 KB
Жария ету 07 қыркүйек 2016 жыл *.doc 23 KB
Мүлiктi заңдастыру 07 қыркүйек 2016 жыл *.doc 26 KB
Ақша қашан жария етiлдi деп саналады? 07 қыркүйек 2016 жыл *.doc 25 KB
Мүлікті жариялау – соңғы мүмкіндік, бұдан кейін ешқандай жеңілдік болмайды 07 қыркүйек 2016 жыл *.doc 26 KB
Назар салыңыз!!! Жария ету баршамызға қолжетімді жеңілдетілді! *.doc 28 KB
Мүлік пен капиталды жария ету – тиімді, қолжетімді және Заңмен кепілденген! *.doc 256 KB
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі жария етудің орны *.doc 324 KB
Өскемен қаласында ақша мен мүлікті жария ету туралы *.doc 248 KB
Күршім ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы МӘЛІМ ЕТЕДІ...№ исх: 807 от: 22.06.2016 *..doc 192 KB
Легализация *.ppt 192 KB
Мүлікті жария етуге асығайық! *.doc 29 KB
Мүлікті заңдастыру акциясы  
Заңдастыр да жайлы өмір сүр!  
Мүлікті заңдастыру акциясы (Видео) *.mp 10 MB
Видео *.mp 2 MB
Мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссия құрамы *.doc 34 kb
Мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссия туралы ереже *.doc 37 kb

Мүлікті жария ету

Мүлікті жария ету

Мүлікті жария ету

Мүлікті жария ету

Мүлікті жария ету

Мүлікті жария ету

Мүлікті жария ету

Мүлікті жария ету

Мүлікті жария ету

Мүлікті жария ету

Мүлікті жария ету

Мүлікті жария ету

Мүлікті жария ету

Мүлікті жария ету

Мүлікті жария ету

Мүлікті жария ету

Жария ету!
Назар салыңыз! Жария етудің жеңілдетілген шараларын  пайдаланып, қарапайым әдіспен өз ақшаңызды көлеңкеден шығарыңыз.    
Алымды төлемей банктегі ағымдағы шотқа ақшаны салып, немесе  10%-дық алым төлеп шотқа салмай көрсетіп, мемлекеттік кірістер басқармасына декларация тапсырып, заңдастырылған ақшаны кез келген уақытта өз қалауыңыз бойынша жұмсаңыз.
Толық ақпарат алу үшін  (8 7232) 244793 телефонына хабарласыңыз.

Жария ету!
Назар салыңыз! Жария ету Жарнасы  жылдың аяғына дейін ұзартылды! 
Шет елдегі мүлікті заңдастыру үшін өзіңіз белгілеген құннан 10% алым төлеп, мемлекеттік кірістер басқармасына декларация табыс ету жеткілікті.
Сондай-ақ, рақымшылықтар мен кепілдіктер қарастырылған.
Жария етудің жеңілдетілген шараларын пайдалануға асығыңыз! 
Толық ақпарат алу үшін  (8 7232) 244793 телефонына хабарласыңыз.

Жария ету!
2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін мүлік пен капиталды заңдастыр! Ол тәркіленуге жатпайды, жария ету субъектілері және объектілері туралы мәліметтерді қылмыстық қудалау үшін пайдалануға тыйым салынады, қылмыстық, әкімшілік тәртіптік жазадан босатылады.

 

Құпиялар қалайда ашылады...

Ұлан ауданы бойынша мемлекеттік кірістір басқармасымен ағымдағы жылдың 25 тамызында мүлікті және ақшаны жария ету бойынша брифинг өткізілді.
Брифинг барысында Ұлан ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы  Абдрахманов Солтанғазы Сатыбалдыұлы бүгінгі күні Әкімдіктегі комиссияға құндық бағасы 20 млн.теңгеден асатын 43 арыз түсіп, оның 27 бойынша оң шешім қабылданғаның мәлім етті.  Солтанғазы Сатыбалдыұлы, тіркелмеген мүлікті комиссияға жүгіну арқылы жария етудің ерекшеліг, бірнеше инстанцияларға жүгінудің болмауы және алым төлеу қажет еместігін мәлім етті.
"Біздермен жарнаны насихаттауда бұқаралық түсіндіру жұмыстары  белсенді жүргізілсе де, Ұлан ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына шет елдегі мүлік пен ақшаны заңдастыруға жүгіну болмай тұр. Ал мемлекет өз тарапынан бізге мүмкіншілік беріп отыр. Осылайша, шет елдегі жылжымайтын мүлікті жария ету тәртібі жеңілдетілді - құндық бағаны енді жария ету субъектісі өзі белгілеп, содан 10%-дық алым төлейді; декларация қабылданды деп саналған соң, ақшаны банктік шоттан алып өз қалауы бойынша кез келген қажеттіліктерге жұмсай алады. Ең бастысы  сіздерге "қайдан келді?" деген сұрақ туындамайды. Сондай-ақ, кепілдіктер мен жеңілдіктер қарастырылған. Сонымен бірге, жария ету субъектілерінің ыңғайлығы үшін "бір терезе" әдісі іске асырылды, ол арқылы азаматтар сәйкес декларация мен қарастырылған құжаттарды мемлекеттік кірістер органына бармай-ақ, банк арқылы жөңелтуге болады. Сондықтан шет елде мүлік пен ақша болған жағдайда жария етудің жеңілдетілген нормаларын барынша пайдаланған жөң. Осылайша Сіздер өз мүлкіңіз бен капиталыңызды қорғайсыз, сұрақтарсыз тыныш өмірді қамтамасыз етесіз.  Құпиялар қалайда ашылатындығын ұмытпаған абзал, бұған тек уақыт керек, өйткені таяу арада жалпыға ортақ декларациялау да жақындап келеді".
Брифингті қорытындылай келе: "Мүлік пен капиталды көлеңкелі экономикадан шығару, экономика тұрақтылығының және кез келген мемлекеттің дамуының негізгі көрсеткіші болып табылатындығын есте сақтау керек деп ", Солтанғазы Сатыбалдыұлы назар аударды. 

 

«Қазақстандағы жария етудің тәртібі, мақсаттары және ерекшеліктері туралы», Риддер қ. бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Бауыржан Мысаевич Бабышев айтып өтті. Ағымдағы жылдың  5 қыркүйегінде өткізілген брифинг барысында басқарма басшысымен  мүлікті және капиталды жария ету бойынша ресми бағдарламаның аяқталуына санаулы айлар қалғаны түсіндірілді, сондықтан,бұртпала жолдармен алынған мүлік пен ақша болған жағдайда тездетіп осы жарнаны пайдаланған жөң. Яғни, заңды айналымнан бөлінген мүлік пен капитал болса, қолжетімді қарапайым тәсілдермен заңдастыруға мүмкіншілік беріліп отыр. Өйткені, мемлекет өз тарапынан жария ету субъектілеріне барынша жеңілдетілген тәсілдер, кепілдіктер мен жеңілдіктер беруде,  неге десеңіз жария етудің негізі мақсаты – жария етілген мүліктің арқасында экономикаға қосымша қаражаттарды енгізу.
Басқарма басшысының айтуынша 2016 жылғы 5 қыркүйектегі жағдай бойынша Риддер қ. мүлікті жария етуге сомасы 143 млн. 834 мың теңгеге 50 өтініш түсті, оның ішінде 137 млн. 534 мың теңгеге 41 объект заңдастырылды.

 "Шет елдегі мүлік пен ақшаны заңдастыруға жүгінулер әзірше жоқ.  Сондықтан барлық риддерліктерді шет елде мүлік пен ақша  болған жағдайда  жария ету субъектісінің тұрғылықты жері бойынша  түсіндірме алып, жария етуге шақырамын.  Бұл науқан аяқталған соң, барлық шет елдегі шоттар және жылжымайтын мүлік бойынша ақпарат тексерілетін болады. Жария ету-бұл соңғы мүмкіндік, осы мүмкіндікті пайдаланыңыздар!» деп,  брифингтің аяғында Бауыржан Мысаевич Бабышев атап өтті.

 

Зырян ауданында жария ету бойынша брифинг

Зырян ауданында жария ету бойынша брифингЖария ету айналым алуда! Зырян ауданында Әкімдіктегі Комиссияға құндық бағасы 884млн.теңгеден жоғары тіркелмеген мүлікті заңдастыруға 287 арыз түскен. Оның құны 645 млн. сомадан асатын 226 объект  заңдастырылды. Ол туралы 21 сәуір күні өткізілген брифинг барысында Зырян ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Ержан Мырзаханұлы Шәкенов мәлім етті.
«Адамдарға жария етуден, жинақтар мен мүліктің қалай пайда болғаны туралы сұрақтардан қорқудың керек еместігін түсіну қажет. Кепілдіктер мен рақымшылқ беретін осы Жарна шеңберінде Заңның жеңілдетілген нормаларын пайдаланып, заңды түрде пайда болғаның дәлелдей алмайтын мүлік пен ақшаны заңдастыру қажет», - деп хабарлады брифинг барысында Ержан Мырзаханұлы.  
Оның айтуынша, осы Жарнаның насихатталуына және жарықтандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, басқармаға ақшаны және шет елдегі мүлікті жария етуге жүгінулер түспепті. Дегенмен, жария ету туралы Заңның арқасында және мемлекетпен берілген мүмкіндіктің көмегімен қазіргі уақытта 12 коммерциялық объект жария етілді, оның 4-уі бойынша құндық баға 87 млн. теңгені құрады. Осы мүмкіндікті пайдаланған тұлғалар Заңды айналып өткен жоқ және рәсімдеу үшін жылдамдату жолдарын іздеген жоқ, олай дейтінім,  бір объектіні заңдастыру үшін бірнеше мекемелерге жүгіну  қажет, онда әр қайсының өз қарастыру мерзімдері, талаптары бар және т.б. Ал  Жарна шеңберінде объект иелері Комиссияға арыз беріп, заңдастырып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын қалыптастырып, заңды түрде мемлекет қазынасына сәйкес салықтарды төлеп отыр.
Сонымен бірге,  Ержан Шәкенов негізгі назарды ақша мен шет елдегі мүлікті  заңдастыру тәртібінің мағыналы женілдетілгеніне бөлді. «Енді, ақшаны 5 жыл жинақтау шотында сақтау керек емес. Оны банктегі шотқа аударып, немесе, аударғыңыз келмесе жария етілетін сомадан 10%-дық алым төлеу керек. Шет елдегі  мүлікті бағалаушыларсыз өзіңіз құның анықтап, одан 10% алым төлейсіз. Екі жағдайда да салық қызметі органына арнайы декларация тапсырылады. Осылайша, мемлекет көлеңкеден шығуға, заңды айналымға жасырын мүлікті қайтаруға мүмкіндік беріп отыр. Өйткені, жария етілген мүлік тәркіленбейді, мәліметтердің құпиялығы сақталады, субъектілер құқық қорғаушы және басқа мемлекеттік органдар тарапынан заңсыз іс әрекеттерінен қорғалаған. Әшкерелеуді тоспаңыз, Заңның алдында жауап бергенше, қол жетімді және қарапайым жолмен заңдастырған жөн» -  деп, Ержан Мырзаханұлы  брифингті қорытындылай келе атап өтті.

Ұлан ауданы бойынша МКБ жария ету бойынша брифинг

Брифинг по легализации в Уланском районеҰлан ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасымен ағымдағы жылдың 20 сәуірінде мүлікті және ақшаны жария ету бойынша брифинг өткізілді.
Брифинг барысында, Ұлан ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Раддим Худжамжаров негізгі назарды ақшаны жария ету тәртібінің мағыналы женілдетілгеніне бөлді. Енді, жаңа Заңға сәйкес, ақшаны бұрынғыдай 5 жыл ағымында қаржы ұйымдарында сақтаудың қажеті жоқ, және ақша   отандық  банктердің шотына аударылса алымның төленуі талап етілмейді, немесе банктік шотқа салмай, 10%-дық алым төлеу арқылы заңдастыруға болады. Екі жағдайда да салық қызметі органына арнайы декларация тапсырылатындығын хабарлады.
Сондай-ақ, Раддим Акильжанович, шет елдегі мүлік бойынша құндық бағаны растау керек еместігін мәлімдеді. Ол үшін, жария ету субъектісі мүлік құнын өзі анықтап, осы құннан 10% алым төлеп, сәйкес құжаттарды қоса табыс ете отырып арнайы декларацияны мемлекеттік кірістер органдарына тапсырады. Сонымен қоса, ҚР аумағында орналасқан, басқа тұлғаға немесе жария ету субъектісіне рәсімделген объектілер бойынша алым төленбейді.
Раддим Худжамжаровтың айтуынша, Ұлан ауданында бүгінгі күні құндық бағасы 19млн.теңгеден асатын тіркелмеген мүлікті заңдастыруға түскен 32 арыздың 17-сі бойынша Әкімдіктегі Комиссиямен оң шешім қабылданып, 3 арыз қарастырылуда, 12 арыз талаптарға сәйкес келмеу себебімен қайтарылды. Тіркелмеген мүлікті жария етуде Жарнаның ерекшелігі, бірнеше мекемелерге жүгінудің  қажетсіздігі, алымның  жоқ болуы. Сонымен қатар,  Ұлан ауданы бойынша басқармаға шет елдегі мүлік пен ақшаны жария етуге арыз түспеген.   
Брифингті қорытындылай келе, - «Жария ету субъектілеріне кепілдіктер мен рақымшылықтар мемлекетпен қамтамасыз етіледі. Мүлік пен капиталды заңдастыру үшін  мемлекетпен берілген қолайлы жағдайды жіберіп алмай,  жария етудің жеңілдетілген нормаларын пайдаланыңыз,  өйткені жарна аяқталған соң, жасырын мүлік пен капитал анықталып, оның пайда болу табиғатың дәледей алмаған жағдайда, заң алдында жауап беруге тура келеді. Өйткені, мүлік пен капиталды көлеңкелі экономикадан шығару және оны заңдастыру экономика тұрақтылығының және кез-келген мемлекеттің табысты дамуының түйінді көрсеткіші болып табылады» - деп, Р.  Худжамжаров атап өтті.

 

Мүлікті жария етуге асығайық!

Өткен жылдың 13 қарашасы күні Елбасы «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңға қол қойды (ары қарай – Заң.)
Тиісті өзгерістер мен толықтырулар ен­гізіл­ген бұл Заң мүлікті жария етуді жүзеге асы­рудың жаңа процедуралық ерекше­лік­терін айқындап берді.
Яғни, мүлкін жария етуші субьектілерге бұрынғы заңдармен са­лыс­тырғанда, көптеген жеңілдіктер қарас­ты­рылған. Осыған орай тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары кеңі­нен жүргізіліп жатыр.
Жалпы, мүлікті жариялау жөнінде әң­гі­ме қозғаған кезде, «Қандай жеке құн­ды­лық­тар жариялау арқылы заңдастыруға жа­та­ды?» деген заңды сұрақ туатыны сөзсіз. Атал­мыш сұрақтың жауабы осы Заңның 3 бабында нақты айқын­дал­ған. Атап айтсақ, ақша, бағалы қағаздар, заң­ды тұлғаның жарғылық капиталындағы үле­сі, басқа біреудің атына рәсімделген жыл­­­жымайтын мүлік, еліміздің аумағындағы, шетелдегі жыл­жы­май­тын мүліктер мен қаржылар жариялау ар­қылы заңдастыруға жатады.
Осы орайда, пай­­далану құқығы сотпен қаралып жатқан мү­ліктер, несиеге алынған қаражат, мем­ле­кет пайдасына берілуге тиісті мүлік, бюджет қа­­ражатына салынған обьектілер, жемқор­лық­пен байланысты қылмыстық жолмен келген мүлік, т.б. заңдастыруға жатпай­ты­нын еске сала кеткен орынды.
Сонымен қа­тар, мүліктерді заңдастыру акциясы 2016 жыл­дың 31 желтоқсанына дейін жүргі­зіл­гені­мен, мүм­­­кіндікті тиімді пайдаланудың жарты жылдан ғана аса мерзімі қалғанын ұмытпаған жөн.
«Мүлікті жариялау – соңғы мүмкіндік, бұдан кейін ешқандай жеңілдік болмайды» - деген Елбасымыз.
Бұған қоса, 2017 жылдан бастап, жалпыға ортақ декла­рация­лау процессі басталады. Мүлікті уақытында жарияламаған субъектілерге сол кезде заң ал­дында жауап беруге тура келеді. Сондық­тан да мүлікті жариялауға байланысты бар­лық мүмкіндіктерді қарастырып отырған Заң алдында жалтақтық танытпай, ертеңгі күн­нің қамын бүгіннен ойлау керек. Тура­сын айтқанда, заң алдында жауап бергеннен гөрі, заң жолымен жүрген адамның әрдайым ме­рейі үстем болатынын ұмытпаған абзал.

Аягөз ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

 

Назар салыңыз! Жария ету Жарнасы жылдың аяғына дейін ұзартылды!  
Шет елдегі мүлікті заңдастыру үшін өзіңіз белгілеген құннан 10% алым төлеп, мемлекеттік кірістер басқармасына декларация табыс ету жеткілікті.
Сондай-ақ, рақымшылықтар мен кепілдіктер қарастырылған.
Жария етудің жеңілдетілген шараларын пайдалануға асығыңыз!  
Толық ақпарат алу үшін (8 7232) 244793 телефонына хабарласыңыз.

ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

 

Назар салыңыз! Жария етудің жеңілдетілген шараларын  пайдаланып, қарапайым әдіспен өз ақшаңызды көлеңкеден шығарыңыз.    
Алымды төлемей банктегі ағымдағы шотқа ақшаны салып, немесе  10%-дық алым төлеп шотқа салмай көрсетіп, мемлекеттік кірістер басқармасына декларация тапсырып, заңдастырылған ақшаны кез келген уақытта өз қалауыңыз бойынша жұмсаңыз.
Толық ақпарат алу үшін (8 7232) 244793 телефонына хабарласыңыз.

ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Мүлікті жария ету жалғасуда! Өз мүлкінді, капиталыңды қорға!

Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, тұрғындардың назарына «Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және ҚР тұруға ықтиярхаты бар тұлғалардың мүлікті жария етуіне байланысты оларға рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңына сәйкес,  2014 жылдың 1 қыркүйегінен мүлік пен капиталды жария ету басталды (ары қарай - Заң).
2015 жылдың 13 қарашасында мемлекетіміздің Елбасымен мүлікті жария етуді іске асыру жолында жаңа тәсілдер анықталған өзгерістер және толықтырулармен Заңға қол қойылды.   
Өзгертілген Заңның күшіне енген уақытынан  бастап, мүлікті және ақша қаражаттарың жария ету тәсілдері маңызды жеңілдетілді.
Бұрын, ақша қаражаттарың жария ету екінші деңгейдегі банктер және «Казпочта» АҚ (ары қарай – қаржы ұйымдары) арқылы іске асырылатын, онда міндетті, жария етілген ақша 5 жыл ағымында қаржы ұйымдарында сақталуы талап болып табылатын, сондай-ақ, ақша қаражаттарың жария етудің шарты бойынша 10% алымның төленуі болған.
Енді, егер ақша отандық  банктердің шотына аударылса, алымның төленуі қажет емес. Осымен бірге, жария етуге қатысушыларға ақшаны жария ету тәсілдерін таңдауға мүмкіндік берілді, 1-сі – алымның төленуінсіз банктік шотқа ақша қаражаттарын салу арқылы, 2-сі – ақша қаражаттарың банктік шотқа салмай, 10%-дық алым төлеу арқылы.
Екі жағдайда да жария ету субъектісі тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органына арнайы декларацияны тапсырады.
Жария етілген ақшаны жария ету субъектісі өз қалауы бойынша жұмсауға құқылы. Яғни, ақша қаражаттарын өзгеріс енгізге дейінгі Заңға сәйкес жария етсе, және қаржы ұйымымен бес жылдық сақтуға келісім-шарт жасалса, қазір осы келісімдердің бәрі банктермен қайта қарастырылып, жария ету субъектісі жария етілген қаражатпен өз қалауымен және кез-келген уақытта қажеттіліктеріне жұмсай алады.
Сондай-ақ, мүлікті жария ету шаралары барынша жеңілдетілді.
Аумақтардағы әкімдіктердегі комиссияларға азаматтар ҚР аумағында орналасқан және сәйкес рәсімделмеген, яғни, тіркелмеген  жылжымайтын мүлік объектілерін жария ету үшін жүгінеді.

Мемлекеттік кірістер департаменті арқылы сәйкес декларацияны тапсырып, келесі жылжымайтың мүліктер жария етуге жатады:
- Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және басқа түлғаға немесе жария ету субъектісіне рәсімделген мүлік (мүлікті заңдастыру декларацияға қоса жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, жария етілетiн мүлiкке жария ету субъектісінің меншік құқығын белгілейтін құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі, басқа тұлғаның жария ету субъектісіне (басқа тұлғаға ресiмделген мүлiктi жария еткен жағдайда) мүлікті өтеусiз немесе өзге де нысанда меншік құқығын бергені туралы шарттың нотариат куәландырған көшірмесі табыс етіледі);
- шет елдерде орналасқан мүлік бойынша (декларациямен қоса жоғарыда көрсетілген құжаттар көшірмесі бірге табыс етіледі) мүлік құнынан 10% алым сомасы төленгенің растатйын құжаттың көшірмесі. Сондай-ақ, мүлік құны жария ету субъектісімен өзімен анықталып, тексерілуге жатпайды.

Бұл ретте, мемлекеттік кірістер органдары  арнайы декларацияны тапсырған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде себебін көрсете отырып, арнайы декларацияны қабылдаудан жазбаша бас тартуды береді.
Мемлекеттік кіріс органы жария ету субъектісіне жазбаша бас тартуды жібермеген жағдайда арнайы декларация қабылданған деп есептеледі.
ҚР аумағындағы мүлік бойынша арнайы декларация қабылданған соң, жария ету субъектісі мүлікті өтеусiз немесе өзге де нысанда меншік құқығын бергені туралы шарттың нотариат куәландырған көшірмесімен ҚР заңнамасына сәйкес мүлікті тіркеу үшін әділет органдарына жүгінеді.
Сонымен қатар, мемлекеттік кірістер органдарында Заңмен қарастырылған кұжаттарды қоса табыс етіп (жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, меншік құқығын белгілейтін құжаттың көшірмесі) және арнайы декларация тапсыру арқылы ҚР аумағындағы және одан тыс жердегі бағалы қағаздарды, заңды тұлғаның жарғы капиталдында қатысу үлесін заңдастыруға болады.

Жария етудің қарапайым тәсілдерін есепке ала отырып, мемлекетпен берілген қолайлы жағдайды жіберіп алмай, тұрғындарды бірегей мүмкіндікті пайдалануға шақырамыз!

Мүлікті жария ету туралы шағын ақпарат

«Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңға Мемлекет басшысымен  2014 жылғы 30 маусымда  қол қойылғаны бізге мәлім, ол 2014 жылғы 1 қыркүйектен қолданысқа енгізілді.
Бірінші кезекте, мүлікті жария ету дегеніміз табыстарды жасыру мақсатында заңды экономикалық айналымнан шығарылған және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген не тиісті емес тұлғаға ресімделген мүлікке құқықтарды мемлекеттің тану рәсімі екендігін атап өту қажет. Сонымен бірге, жария етілген капитал түрінде  экономикаға қосымша қаражатты тарту оның басты мақсаты болып табылады. Науқан бар мүлікті жария етуге және заңды айналымға енгізуге мүмкіндік береді.
Осы науқанға қатысуға заңмен белгіленген тәртіпте мүлкін жария ететін Қазақстан Республикасы азаматтарының,  оралмандардың және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдардың құқығы бар.
Сондай-ақ, Жария ету туралы Заңмен жария етуге жататын мүлікпен қатар, жария етуге жатпайтын да мүліктің барынша толық түсінігі белгіленген.
Атап айтқанда, Заң Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жердегі мүлікті жария етуге мүмкіндік беретінін назар аудару қажет деп санаймыз.
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жылжымайтын мүлік болып айқындалатын мүлікке ұқсас мүлік Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлік болып танылатындығын атап өткен жөн.

(Материал ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетінің ресми солітынан алынған http://kgd.gov.kz/kk/content/mulikti-zhariya-etu-turaly-shagyn-akparat-1)

 

Мүлікті жария ету азаматтар үшін де, ел үшін де тиімді

Ақшаны жария ету бойынша науқан екі жаққа да жария етуші азаматтарға да, ел экономикасы үшін де тиімді.
Көбі білетіндей, жария етудің жақсы жақтарының бірі, атап айтқанда, ол ақшаға қатысты, жария етілген ақша кіріс болып танылмайды да оларға салық жүгі түспейді.
Осылайша, өзіңізге берілген ақшаны жария ету құқығын пайдаланып, сіз өзіңіз үшін жария етілетін ақша сомасынан он пайызды үнемдей аласыз.
Әрине, сіз қарсылық білдіріп, сізге сол он пайызды төлеу бойынша міндеттеме жүктелетіні туралы айтуыңыз мүмкін, бірақ мен сізбен бұл жерде келіспеймін, себебі заң шығарушы алымды төлеу бойынша жеңілдіктер көздеген.
Яғни, егер сіз ақшаны, жария ету мақсаты үшін ашылатын жеке банк шотына аударымдар (ақша) енгізу жолымен жариялаған болсаңыз, онда 10% алым бюджетке төленбейді. Жария ету үшін алым шетелдегі мүлікті, сондай-ақ шетелдегі, немесе Қазақстандағы ақшаны жария еткен, бірақ оларды жеке банк шотына орналастырмаған жағдайда төленеді.
Сондай-ақ мүлікті жария етуді өткізу табыстылығының факторы осы науқан барысында алынған мәліметтер құпиялылығын сақтау болып табылады. Осындай ақпараттың құпиялылығы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес кепілдендірілді. Банктік, салықтық және қызметтік құпияны сақтау ескеріледі.

(Материал ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетінің ресми солітынан алынған http://kgd.gov.kz/kk/content/mulikti-zhariya-etu-azamattar-ushin-de-el-ushin-de-tiimdi-1)

 

 

Жауапкершілікке тартылудан қорқынышсыз мүлікті жария ету

Жұртшылықта «Не үшін жария ету қажет?» деген сұрақтар туындап отыр.
Қандай мүлік жария етілуі мүмкін дегенді түсіну үшін, егер кінәлі деп тану не жауапкершілікке тарту туралы акті орындалса, ӘҚбК немес ҚК қандай баптары бойынша адамдар жауапкершіліктен босатылатынын қарау жеткілікті.
Көрсетілген заң бойынша әкімшілендірілетін құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың тізбесі кішкентай деуге болмас.
Осылайша, егер заңнама талаптарын бұза отырып алынған кірістер болса, онда бұл жауапкершілікке тартылмаудың, оған қоса мұндай ақша қаражатын өзінде сақтап қалудың үлкен мүмкіндігі.
Заңмен жария етілетін мүлікке салықтық рақымшылық қарастырылған. Бұл жария етілетін мүлік салық салу объектісі болып табылмайтынын және жария ету фактісі бойынша азаматтарға жария етілген мүлік және ақша құнынан 10% табыс салығы есептелмейтінін білдіреді.
Рақымшылықты өзіне қабылдай отырып алдағы уақытта жауапкершілікке тартыламын, кесілемін деп қорықпауға, және өз қызметін одан әрі жалғастыруға болады. Әрине, осыдан кейін қызметті заңнамаға сәйкес және еліміз үшін жүзеге асыру қажет.

(Материал ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетінің ресми солітынан алынған http://kgd.gov.kz/kk/content/zhauapkershilikke-tartyludan-korkynyshsyz-mulikti-zhariya-etu-1)

 

 

Жария ету, соның ішінде ол – мемлекеттік тіркеу рәсімін жеңілдету

«Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен жария етуге    құрылыс нормалары мен қағидаларына, сондай-ақ өздері орналасқан, жария ету субъектісіне меншік құқығында тиесілі жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған үйлер (құрылыстар, ғимараттар) жатады.
Сонымен бірге, жария ету үшін мүлікті жария ету алымын төлеу қажет Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан осындай ғимараттар мүлік тізбесіне енбейді.
Мүлікті жария ету жария ету субъектілерімен комиссияға құжаттар тапсыруы арқылы өткізілетіндігі Заңда айтылған.
Аталғандардан барлық қажетті құжаттарды жинау, осындай құжаттарды қоса беріп өтініш беру жеткілікті екендігі және комиссия шешім шығаруы тиіс екендігі белгілі болды.
Яғни, осылайша, маған енді бір органнан екінші органға жүгіріп, осылар үшін өз уақытымды кетірудің қажеті жоқ,  тек бір жерден құжаттарды берсем дайын болады!
Мен бұл заңды көбіне мүлікті тіркеу рәсімдерін жеңілдету жолы деп атаушы едім. Былай қарасаң, барлық қажетті құжаттар ұсынылады, ол өздігінен мүлікті тіркеудің заңдылығы туралы айтады, ал субъектілермен жұмыс барынша аз жүргізіледі. Адамдар ұзақ апталар бойы кабинеттерден өтуден шаршап жүрген кезде осы туралы армандайды, ал ақыры енді осы күн туды. 
Аталғандардың кепілі ретінде Заңның 15-бабы саналады, онда Заңмен белгіленген талаптарды бұзу заңмен көзделген жауапкершілікке әкеп соғады делінген. 
Айтылғандарды қорытындылай отырып, бар даусыммен айқайлап: «Адамдар, тезірек мүліктеріңді жария етуге жүгіріңдер!» және «Осы Заң үшін рахмет» деп айтқым келеді.

(Материал ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетінің ресми солітынан алынған http://kgd.gov.kz/kk/content/zhariya-etu-sonyn-ishinde-ol-memlekettik-tirkeu-rsimin-zhenildetu-1)

 

Жария етудің өзі – әлемдік тәжірибеде жаңалық емес

2014 жылғы 11 сәуірдегі Ұлттық инвесторлар кеңесінің отрысында Мемлекет басшысы берген тапсырмаға сәйкес Қаржы министрлігі Ұлттық Банкпен және басқа мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп Қазақстан Республикасының Президенті 2014 жылғы 30 маусымда қол қойған «Қазақстан Республикасы азаматтарының ақшаны жария етуіне байланысты оларға рақымшылық жасау туралы» Заңы әзірленді және 2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді.
Жария етудің өзі – әлемдік тәжірибеде жаңалық емес.
Еуропаның бірқатар елдері, АҚШ-тың көптеген  штаттары осындай шараны бірнеше рет өткізген, себебі капиталды көлеңкеден шығару бүкіл әлем бойынша барынша өзекті мәселе болып табылады. Анықтама үшін: Үндістанда – 5 рет, Португалияда – 4 рет,  Франция, Австрия, Ирландияда –  2 реттен, АҚШ-та (40 штат) - 62 рет, Италияда – бірнеше рет.
Жария етуді өткізу тәжірибесі Қазақстанда да бар. Ол бізде екі рет өткізілді.
 2001 жылы ақшаны жария ету өткізілді, оның барысында заңды айналымға  480 млн-нан астам АҚШ доллары қайтып келді.
2006-2007 жылдары ақшадан басқа жылжымалы және жылжымайтын мүлік те жария етілді. Ақшалай түрде шарадан түскен нәтиже 845 млрд. теңгені, немесе 7 млрд. АҚШ долларын құрады, яғни сол жылғы ЖІӨ 8,3%. Жария ету үшін салынған алым сондай-ақ екінші шараның ерекшелігі болды. Бюджетке 60 млрд. теңге көлемінде қаражат түсті.
Мемлекет Басшысы атап өткендей, инвестиция және сауда теңгерімінің төмендеуімен сипатталатын әлемдік экономикада жалғасудағы  тұрақсыздық пен оның Қазақстан экономикасына ықпал ету үрдістерін ескере отырып, экономикаға қосымша ресурстар тартудың өткір қажеттілігі туындауда.
Сондықтан отандық экономиканың ішкі  ресурстарын көлеңкеден шығару аталған мақсатқа қол жеткізудің нақты құралы болып табылады.

(Материал ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетінің ресми солітынан алынған http://kgd.gov.kz/kk/content/zhariya-etu-ozdiginen-lemdik-tzhiribede-zhanalyk-emes-1)

 

Жария ету – 2014 айырмашылықтары

«Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы»     Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 30 маусымдағы Заңы  мемлекеттің мүлікті, оның ішінде бұрын жариялы экономикалық айналымнан шығарылған ақшаны жария ету жөніндегі біржолғы акция өткізуіне байланысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдардың табыстары мен мүлкін декларациялауға көшуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.
Осылайша, мүлікті жария ету қолда бар мүлікті жария етуге және заңды айналымға енгізуге мүмкіндік береді. Біріншіден, бұл алда тұрған жалпыға ортақ декларациялауға енгізумен байланысты,  азаматқа кейін оны  декларацияда саспай көрсетуі үшін мүлкін қазір жария етуге құқық беріледі. Екіншіден, шетелде орналасқан мүлікті жария ету үшін мемлекет бюджетіне жария етілетін мүліктің құнынан  10% көлемінде жария етілгені үшін алым түседі.
Сонымен бірге, 2006 жылғы жария етуден айырмашылығы - заңды тұлғалар алдағы тұрған жария ету субъектілері болып табылмайтындығын  атап өткен жөн. 
Бұдан басқа, жария етілген мүлікті ресімдеумен байланысты барлық шығыстарды  жария ету  субъектілері өздері көтереді.
Сондай-ақ мемлекеттік тіркелуге жататын жылжымалы мүлік пен жер учаскелерінің  жария ету құқығының болмауы кезекті айырмашылығы болып табылады.         
Өз кезегінде, Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрған үйлерді (құрылыстар, ғимараттарды) жария ету шартының бірі жария ету субъектісіне меншік құқығында тиесілі жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес келетіні болып табылатындығына назар аударған жөн.
Осы аталғандардың бәрі алдағы мүлікті жария ету науқаны тәртібінің, шарттарының, субъектілер, объектілердің бұдан бұрын өткізілгендерден айқын айырмашылықтарын көрсетеді.
Осылайша, алдағы мүлікті жария ету науқанының нәтижелері алға қойылған міндеттерге қол жеткізеді және тиісінше, жария етілген капитал ретінде  экономикаға қосымша ресурстар тартады деп санаймыз.

(Материал ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетінің ресми сайтынан алынған http://kgd.gov.kz/kk/content/zhariya-etu-2014-ayyrmashylyktary-1 )

 

Елдегі өткен жария ету қорытындылары туралы


Қазақстан Республикасындағы алғашқы ақшаны жария ету  2001 жылғы 14 шілдеден 14 тамыз аралығында өтті.
Оны өткізу тәртібі мен мерзімдері «Қазақстан Республикасының азаматтарына олардың ақшаны жария етуіне байланысты рақымшылық ету туралы» ҚР 2001 жылғы 02 сәуірдегі Заңымен реттелді.
Ақшаны жария етуді өткізу кезінде ҚР азаматтары екінші деңгейлі банктердегі арнайы есепшоттарға ақшаларын енгізу арқылы біржолғы науқан ретінде өткізілді.
Осы Заңға сәйкес, ақшаны жария етуді растау екінші деңгейлі банктермен оның арнайы есепшотына жария етілген ақшаны енгізгенін растайтын берілген құжат болып табылады.
Заңмен ақшаны жария еткен субъектілердің жария етілген кірістерге салық төлеуден және тиісті жауапкершіліктен босатылауына кепілдік берілді. Рақымшылық нәтижесінде 3 мыңдай ҚР азаматы 480,0 млн. астам АҚШ долларын жария етті.
2006-2007 жылдардағы жария етуге тек ақша ғана емес жылжымалы және жылжымайтын мүлік те жатты.  Осы ерекшелікті және мерзімдерді ұзартуды ескере отырып, науқан 2006 жылғы 3 шілдеден 2007 жылғы 1  тамызға дейін ұзақ сипат алды.
Мүлікті жария етуді өткізу тәртібі «Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР 2006 жылғы 05 шілдедегі Заңымен (бұдан әрі – Заң) реттелді.
2006 жылғы Заң нормаларына сәйкес,  мүлкiн жария еткен азаматтар мен заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жекелеген қылмыстар әкімшілік құқық бұзушылықтар мен тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшiн жауапкершiлiктен босатылады.
Сонымен бірге, 2006 жылғы Заңмен мүлікті жария етуді өткізу үшін мүлiктi жария еткенi үшiн жария етілген мүліктің құнынан 10% көлемінде алым көзделді. Осы науқанды өткізу нәтижесінде:
 - 844,7 млрд теңгеге, немесе  6,8 млрд АҚШ долларына (8,3%  2006ж. ЖІӨ) мүлік жария етілді, соның ішінде, – 538,4 млрд теңге (барлық мүліктен 63,7%), жылжымайтын мүлік –  236,2 млрд теңгеге;
- республикалық  бюджетке 59,6 млрд. теңге, немесе 483 млн АҚШ доллары түсті (мүлікті жария еткені үшін алым).

(Материал ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетінің ресми солітынан алынған http://kgd.gov.kz/kk/content/eldegi-otken-zhariya-etu-korytyndylary-1)

 

Қазақстанда мүлікті жария ету тәртібі туралы

Осылайша, мемлекет «Жария ету  2014» бағдарламасының форматында барлық тілек білдіргендердің өзінің мүлкін, соның ішінде бұрын заңды экономикалық айналымнан шығарылған ақшаны да  заңды жүзінде жария етуді көмектесуге шақыратын бір жолғы науқанын өткізеді.
Баспа шығарылған  заңда жария етуге тиіс мүліктің тізбесі анық жазылады. Оның ішіне: ақша, құнды қағаздар, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдағы қатысу үлесі, жылжымайтын мүлік, құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес келетін Қазақстанның аумағындағы ғимараттар, сонымен қатар республиканың аумағынан тыс жылжымайтын мүлік кіреді.
Алайда, көрсетілгеннің барлығы жария етілуге мүмкін емес. Ол құқыққа, адамның бостандығына қарсы жасалған қылмыстар, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық және қылмыстар, сонымен қатар жалған ақша, құнды қағаздар мен құжаттарды заңсыз жасау нәтижесінде алынған мүлік және ақша жатады.
Жария етуге, сондай-ақ, құқығы сот тәртібінде немесе заңды түрде дауланып жатқан  мүлік жария етуге жатпайды. Оған, сондай-ақ, несие ретінде алынған ақша, мемлекеттің пайдасына тапсыруға тиіс мүлік, құрылысының аяқталуы  бюджеттік қаражаттың есебінен іске асырылатын жылжымайтын мүлік объектілеріндегі тұрғын және тұрғын емес үй – жайлар жатады.  
Әкімдіктер жанындағы комиссияларға, азаматтар тиісті өтінішті және заңнамамен белгіленген құжаттардың тізбесін ұсына отырып, Қазақстанның аумағында тиісті түрде ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария ету мәселесі бойынша жүгінуде.
Қазақстан аумағындағы да, шетелдегі де қалған барлық мүлікті (ақша, бағалы қағаздар, заңды тұлғалардағы қатысу үлесі, жылжымайтын мүлік) тиісті өтінішті және заңнамамен белгіленген құжаттардың тізбесін ұсынумен тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына жүгіне отырып жариялауға болады.
Ақшаны екі тәсілмен заңдастыруға болады.
Бірінші: Оларды банк шоттары арқылы көрсету және өзінің кез келген мұқтаждықтарына пайдалану, мысалы: бизнеске салу, жылжымайтын мүлікті сатып алу және т.б., және соңында, жай ғана шешіп алуға болады. Және осының барлығы 10% алымды төлемей жүргізілетін болады.
Екінші тәсіл: Шетелдегі немесе қолма-қол айналымдағы ақшаны өтініш беру нысанда, оларды банк шоттарында көрсетпей, жария ету. Бірақ, бұл ретте бюджетке 10% алым төленеді.
Егер де, ақшалай қаражат қылмысты жасау нәтижесінде алынғаны анықталған болса ақшалай қаражатты жария ету заңсыз деп танылу фактісіне назар аудару керек.
Өзінің мүлкі мен ақшасын жария етуді қалаған барлық адамдар олардың сақталуына және табыс салығын салуды ықтимал деп  алаңдамауларына болады.  Олар табыс ретінде көзделмейтіні, ал ақша өз кезегінде депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалғаны Заңмен әлде қайда қарастырылған. 
Сонымен қатар, адамдарды әкімшілік немесе қылмыстық тәртіпте қудалау үшін мемлекеттік органдарынан және лауазымдық адамдардан алынған ақпаратқа қатысты маңызды кепіл Заңмен көзделгеніне назар аудару керек.
Бұдан бұрын айтылғандай, «Жария ету 2014» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады.

(Материал ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетінің ресми солітынан алынған http://kgd.gov.kz/kk/content/kazakstanda-mulikti-zhariya-etu-trtibi-turaly-1

 

 

Наурыз - большой праздник казахского народа

Наурыз - большой праздник казахского народа

 

Банктерде ақшаны жария ету бойынша проблема жоқ

Ұлттық Банктің Шығыс Қазақстан филиалы 2016 жылғы 30 наурызда Өскемен және Семей қалаларында Қазақстан Республикасында мүлікті жария ету бойынша жалғастырылып жатқан акция мәселесі жөнінде банктердің филиалдарының өкілдерімен жұмыс кеңестерін өткізді. Осы акцияға (ақшаны жария ету бөлігінде) Шығыс Қазақстан облысындағы екінші деңгейдегі банктердің 27 филиалы мен «Қазпоста» АҚ қатысуда. Осы қаржы ұйымдарының барлығында қол жетімді жерде мүлікті жария ету бойынша ақпараттық материалдар бар. Банктердің барлық филиалдары арнайы дайындалған қызметкерлерді тағайындаған, олар ақшаны жария ету бойынша ағымдағы шоттар ашу бойынша қажетті түсініктер мен кеңестер бере алады.
Қазіргі уақытта ақшаны жария ету рәсімдеріне байланысты банктердің филиалдарында проблема жоқ. Бүгінгі күні біздің облыстың аумағында орналасқан банктердің филиалдарында 311,3 млн. теңге жалпы сомасына 3 ағымдағы шот ашылған.
Сонымен қатар, кеңестерде жария ету мәселелері бойынша клиенттермен белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыру қажеттігі атап өтілді. Мыналарды атап өткен маңызды:
1) мүлікті (оның ішінде ақшаны) жария етуші адамдар қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік жауапкершіліктен босатылады;
2) жария ету субъектісі арнайы декларацияны тапсырғаннан кейін өз ақшасына еркін иелік етеді;
3) мүлікті жария ету бойынша мәліметтер салықтық, банктік және заңмен қорғалатын басқа құпия болып танылады;
4) мүлікті жария етуге тілек білдірушілерге тездету қажет – акция 2016 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады.

 

Ақпаратты дайындаған
Ұлттық Банктің Шығыс Қазақстан филиалы

Құрметті шығысқазақстандықтар!

2015 жылдың 13 қарашасында Мемлекет басшысы мүлікті жария жніндегі Заңға енген өзгерістер мен толықтыруларды бекіткен болатын. Бұл ереже күшіне енген сәттен бастап ел аумағында ақша мен мүлікті жария етудің тәртібі айтарлықтай оңтайланды. Сондай-ақ мүлік пен қаржыны заңдастыруға рақымшылық мерзімі 2016 жылдың 31 желтоқсанынан дейін ұзартылған. Осыған байланысты тұрғындарды мемлекет тарапынан берілген мүмкіндікті жіберіп алмауға шақырамыз!
Қосымша ақпаратты Ұлттық банктің - www.nationalbank.kz сайтынан ала аласыздар («Мүлікті жария ету» - бөлімі).

Құрметті шығысқазақстандықтар!

«Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және ҚР тұруға ықтиярхаты бар тұлғалардың мүлікті жария етуіне байланысты оларға рақымшылық жасау туралы» Заңға сәйкес мүлікті жария ету шарасы 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылды.
Мүлікті жария ету акциясының пайдасы қандай? Ең бастысы, акция бір мүлікті жария ету және заңды айналымға шығаруға мүмкіндігін береді. Соның ішінде бұл алдымызда тұрған жалпыға бірдей декларациялаудың енгізілуіне байланысты азаматқа мүлкін ешқандай қорқынышсыз жария етіп алу құқығын береді. Екіншіден, шетелдегі мүлікті жария ету кезінде алынатын он пайыз мөлшеріндегі алым мемлекет бюджетіне түседі. Ал үшіншіден, субъекті қандай да бір жауапкершіліктерден босатылады.
Барлықтарыңызды мүлікті жария ету науқанына белсенді түрде қатысып, мемлекет беріп отырған мүмкіндікті жіберіп алмауға шақырамыз.
Қосымша ақпаратты Ұлттық банктің - www.nationalbank.kz сайтынан ала аласыздар («Мүлікті жария ету» - бөлімі).

Құрметті шығысқазақстандықтар!

Барлықтарыңызды мүлікті жария ету науқанына белсенді түрде қатысып, мемлекет беріп отырған мүмкіндікті жіберіп алмауға шақырамыз.
Мүлікті жария етудің пайдасы қандай? Біріншіден, жария етілген мүлік тәркілеуге жатпайды. Екіншіден, жария ету бойынша қылмыстық істер қозғауға тыйым салынады. Үшіншіден, жария ету субьектісінің берілгендері салықтық және банктік құпия болып табылады.
Мүлікті заңдастыру үшін азаматтар жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияларға арыз және тиісті құжаттарды беру қажет. Мүлікті (ақшадан басқа) заңдастыру үшін төлем алынбайды.
«Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және ҚР тұруға ықтиярхаты бар тұлғалардың мүлікті жария етуіне байланысты оларға рақымшылық жасау туралы» Заңға сәйкес мүлікті жария ету шарасы 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылды.
Барлықтарыңызды еліміз үшіне маңызы зор шарадан тыс қалмауға шақырамыз.
Қосымша ақпаратты Ұлттық банкінің - www.nationalbank.kz сайтынан ала аласыздар («Мүлікті жария ету» - бөлімі).

Құрметті шығысқазақстандықтар!

«Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және ҚР тұруға ықтиярхаты бар тұлғалардың мүлікті жария етуіне байланысты оларға рақымшылық жасау туралы» Заңға сәйкес мүлікті жария ету шарасы 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылғаны белгілі. Қазіргі уақытта еліміздің түкпір-түкпірінде мүлікті жария ету науқаны қызу жүріп жатыр.
Мүлікті жария етуден қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартыламын деп қорқуға еш негіз жоқ. Бұл жайт "Қазақстан Республикасы азаматтарына, оралмандарға және Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы” заңында анық көрсетілген. Яғни заңда жария етуді жүргізу үдерісі барысында алынған мәліметтер негізінде мүлікті жария етуші субъектіге жария етілген мүліктің шегінде қылмыстық қудалаудың, әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тарту мен мұндай әрекеттерге тыйым салынатындығына кепілдік берілген.
Барлықтарыңызды мүлікті жария ету науқанына белсенді түрде қатысып, мемлекет беріп отырған мүмкіндікті жіберіп алмауға шақырамыз.
Қосымша ақпаратты Ұлттық банктің - www.nationalbank.kz сайтынан ала аласыздар («Мүлікті жария ету» - бөлімі).

Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде орналасқан мүлікті жария ету.

Жария ету немесе заңдастыру – заңдық күш беру, ресми түрде мойындау, құжатты жария ету – құжатқа заңдық күш беретін әрекеттерді жасау болып табылады.
Мүлікті жария етудің мақсаты бекітілген тәртіпте меншік иесімен ресімделмеген немесе басқа адамға ресімделген мүлікті заңды экономикалық айналымға енгізу болып табылады. Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде орналасқан мүліктерді заңдастыруға арыз беру үшін жергілікті әкімдіктерге өтініш білдіру керек. Әкімдіктердің жанында ниет білдіруші кез-келген адам өтініш білдіре алатын арнайы комиссиялар құрылған.
Мүлікті жария ету туралы өтініш берген күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде қаралады. Нәтижесінде комиссия мүлікті заңдастыру немесе себебін көрсете отырып, бас тарту туралы шешім шығарады. Барлық ниет білдірушілерден құжаттар 2016 жылдың 30 қарашасына дейін қабылданады.
Жария етуге жатпайтын мүлік: жеке басқа, бейбiтшiлiкке және адамзат қауiпсiздiгiне, конституциялық құрылыс негiздерiне және мемлекет қауiпсiздiгiне, меншiкке, қоғамдық қауiпсiздiк пен қоғамдық тәртiпке, халықтың денсаулығына және имандылыққа қарсы жасалған қылмыстардың, мемлекеттiк қызмет пен мемлекеттiк басқару мүдделерiне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстардың нәтижесiнде алынған; құқықтары сот тәртiбiмен дауланып жатқан; Қазақстан Республикасының заңдарында құқық беруге жол берiлмейтiн мүлік; оның iшiнде кредит ретiнде алынған ақша жария етуге жатпайды.
Заңмен белгіленген тәртіпте жария етілген жер учаскесіне салық жария етілді деп танылғаннан кейін есептелінеді.
Мүлiктi жария еткенi үшiн алым (ақшадан басқа) төленбейді. Жария етуге жататын мүлік (ақшадан басқа) комиссия мүлiктi жария ету туралы шешiм шығарған кезден бастап жария етiлдi деп танылады.
Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде орналасқан мүлікті жария еткені үшін 10 пайыз алым төленеді.
Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде орналасқан мүлікті жария ету үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

  1. Бекітілген үлгіге сәйкес екі данада мүлікті жария етуді жүргізуге арналған өтініш;
  2. Арыз берген кезде түпнұсқасын ұсына отырып, жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі;
  3. Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде орналасқан жылжымайтын мүлiктi, заңды тұлғалардағы қатысу үлесін, шет елде тіркелінген мүлiкке құқық белгiлейтiн құжаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
  4. бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алудың тиiстi жүйесiндегi есептiк шоттан үзiндiнi не резидентi бағалы қағаздардың эмитентi болып табылатын мемлекеттiң заңнамасында белгіленген осы бағалы қағаздарға меншiк құқығын растайтын өзге де құжат;
  5. мүліктің сатып алу немесе бағалау құнын растайтын құжат. Егер мүлікті сатып алу құны шетел валютасымен көрсетілген болса, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгенің Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі бекіткен ресми бағамы бойынша қайта есептелінеді арыз берген мерзімге;
  6. алымның төленгенiн растайтын құжат;
  7.  Шет тілде ресiмделген құжаттар мемлекеттiк тiлге немесе орыс тiлiне нотариат куәландырған аудармасымен табыс етілуге тиiс.

Мүлікті жария ету мәселелері бойынша қосымша ақпаратты қалалар мен аудандар әкімдіктерінің жанындағы комиссиялардан мекенжай, телефон біле аласыздар.

 

Күршім  ауданы бойынша МКБ мәлім етеді:

Жария ету күш жинауда! Сіздерге көмек көрсетуге даярмыз! Қазақстан Республикасында және одан тыс орналасқан мүлік пен капиталды жария ету жеңілдегені, ақшаны қарапайым тәсілмен заңдастыру, жария етудің ерекшеліктері мен жария ету субъектілеріне берілетін кепілдіктер туралы түсіндірулер береміз.
Күршім ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында 2016 жылдың әр аптасының сейсенбі және бейсенбі күндері тілек білдірген адамдарға «МҮЛІКТІ ЖӘНЕ АҚШАНЫ ЖАРИЯ ЕТУ ЖӨНІНДЕ АШЫҚ КҮН» өткізіледі.

Қажет ақпараттарды (8723 39) 22-026  телефоны арқылы білуге болады.

 

ШҚО тұрғыны шетелдегі мүлкін заңдастырды

Шығысқазақстандықтар мүлікті заңдастыру науқанына белсенді қатысуда. Осы уақытқа дейін қанағаттандырылған арыздар арасында Түркиядан құны 8 млн теңгеге мүлікті заңдастырған жайт та кездескен. Бұл жайлы баспасөз мәслихаты барысында ШҚО Қаржы басқармасының басшысы Лязиза Кенжетаева мәлімдеді.
Облыс бойынша жыл басынан бері жария етуге жалпы құны 10 011 417 мың теңгеге 2284 арыз қабылданды. Қазірдің өзінде әлі 81 арыз қарастырылуда. Одан бөлек құны 2 913 652 теңгеге 486 арыз қайтарылған.
– ШҚО-да мүлікті жария ету үрдісі әлі де жүріп жатыр. Қанағаттандырылған арыздардың арасынан айта кететіндігі, жуырда 8 млн теңгеге Түркиядағы мүлікті заңдастыруға арыз түскен, – деді Лязиза Кенжетаева.
Бұдан бөлек, ағымдағы жылы мүлікпен қатар ақшаны да заңдастыру үрісі жүріп, 308 264,0 мың теңгеге 3 есепшот заңдастырылды.

 

Мүлікті жария ету жалғасуда! Өз мүлкінді, капиталыңды қорға!

Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, тұрғындардың назарына «Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және ҚР тұруға ықтиярхаты бар тұлғалардың мүлікті жария етуіне байланысты оларға рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңына сәйкес,  2014 жылдың 1 қыркүйегінен мүлік пен капиталды жария ету басталды (ары қарай - Заң).
2015 жылдың 13 қарашасында мемлекетіміздің Елбасымен мүлікті жария етуді іске асыру жолында жаңа тәсілдер анықталған өзгерістер және толықтырулармен Заңға қол қойылды.   
Өзгертілген Заңның күшіне енген уақытынан  бастап, мүлікті және ақша қаражаттарың жария ету тәсілдері маңызды жеңілдетілді.
Бұрын, ақша қаражаттарың жария ету екінші деңгейдегі банктер және «Казпочта» АҚ (ары қарай – қаржы ұйымдары) арқылы іске асырылатын, онда міндетті, жария етілген ақша 5 жыл ағымында қаржы ұйымдарында сақталуы талап болып табылатын, сондай-ақ, ақша қаражаттарың жария етудің шарты бойынша 10% алымның төленуі болған.
Енді, егер ақша отандық  банктердің шотына аударылса, алымның төленуі қажет емес. Осымен бірге, жария етуге қатысушыларға ақшаны жария ету тәсілдерін таңдауға мүмкіндік берілді, 1-сі – алымның төленуінсіз банктік шотқа ақша қаражаттарын салу арқылы, 2-сі – ақша қаражаттарың банктік шотқа салмай, 10%-дық алым төлеу арқылы.
Екі жағдайда да жария ету субъектісі тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органына арнайы декларацияны тапсырады.
Жария етілген ақшаны жария ету субъектісі өз қалауы бойынша жұмсауға құқылы. Яғни, ақша қаражаттарын өзгеріс енгізге дейінгі Заңға сәйкес жария етсе, және қаржы ұйымымен бес жылдық сақтуға келісім-шарт жасалса, қазір осы келісімдердің бәрі банктермен қайта қарастырылып, жария ету субъектісі жария етілген қаражатпен өз қалауымен және кез-келген уақытта қажеттіліктеріне жұмсай алады.
Сондай-ақ, мүлікті жария ету шаралары барынша жеңілдетілді.
Аумақтардағы әкімдіктердегі комиссияларға азаматтар ҚР аумағында орналасқан және сәйкес рәсімделмеген, яғни, тіркелмеген  жылжымайтын мүлік объектілерін жария ету үшін жүгінеді.

Мемлекеттік кірістер департаменті арқылы сәйкес декларацияны тапсырып, келесі жылжымайтың мүліктер жария етуге жатады:
- Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және басқа түлғаға немесе жария ету субъектісіне рәсімделген мүлік (мүлікті заңдастыру декларацияға қоса жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, жария етілетiн мүлiкке жария ету субъектісінің меншік құқығын белгілейтін құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі, басқа тұлғаның жария ету субъектісіне (басқа тұлғаға ресiмделген мүлiктi жария еткен жағдайда) мүлікті өтеусiз немесе өзге де нысанда меншік құқығын бергені туралы шарттың нотариат куәландырған көшірмесі табыс етіледі);
- шет елдерде орналасқан мүлік бойынша (декларациямен қоса жоғарыда көрсетілген құжаттар көшірмесі бірге табыс етіледі) мүлік құнынан 10% алым сомасы төленгенің растатйын құжаттың көшірмесі. Сондай-ақ, мүлік құны жария ету субъектісімен өзімен анықталып, тексерілуге жатпайды.

Бұл ретте, мемлекеттік кірістер органдары  арнайы декларацияны тапсырған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде себебін көрсете отырып, арнайы декларацияны қабылдаудан жазбаша бас тартуды береді.
Мемлекеттік кіріс органы жария ету субъектісіне жазбаша бас тартуды жібермеген жағдайда арнайы декларация қабылданған деп есептеледі.
ҚР аумағындағы мүлік бойынша арнайы декларация қабылданған соң, жария ету субъектісі мүлікті өтеусiз немесе өзге де нысанда меншік құқығын бергені туралы шарттың нотариат куәландырған көшірмесімен ҚР заңнамасына сәйкес мүлікті тіркеу үшін әділет органдарына жүгінеді.
Сонымен қатар, мемлекеттік кірістер органдарында Заңмен қарастырылған кұжаттарды қоса табыс етіп (жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, меншік құқығын белгілейтін құжаттың көшірмесі) және арнайы декларация тапсыру арқылы ҚР аумағындағы және одан тыс жердегі бағалы қағаздарды, заңды тұлғаның жарғы капиталдында қатысу үлесін заңдастыруға болады.

Жария етудің қарапайым тәсілдерін есепке ала отырып, мемлекетпен берілген қолайлы жағдайды жіберіп алмай, тұрғындарды бірегей мүмкіндікті пайдалануға шақырамыз!

 

Мүлікті жария ету
«Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлiктi жария етуiне байланысты рақымшылық жасау туралы» 2014 жылғы 30 маусымдағы №213 Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Күршім ауданының аумағындағы мүлікті жария етуді өткізу жөнінде комиссия құрылды.
Мүлікті жария ету субъектілері - мүлкін осы Заңда белгіленген тәртіпте жария ететін Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдар.

Жария ету өткізуге мынадай мүлік жатады:
1) ақша;
2) бағалы қағаздар;
3) заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі;
4) басқа адамға ресімделген жылжымайтын мүліктер;
5) құрылыс нормалары мен қағидаларына, сондай-ақ өздері орналасқан,жария ету субъектісіне меншік құқығында тиесілі жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған үйлер (құрылыстар, ғимараттар);
6) Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлік жария етуге жатады.
Мүлiктi жария ету мерзiмi 2014 жылғы 1 қыркүйектен басталады және 2015 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады.

Тарбағатай ауданы аумағында тұратын жылжымайтын мүлікке жария етуді өткізу үшін, заңға сәйкес құқығы рәсімделмеген, жылжымайтын мүлікке жария етуді өткізу үшін, өтінішті аудандық мүліктіжария етуді өткізу жөніндегі комиссияға ұсынылады. Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлікті жария етуді өткізу үшін, арызды салық органдарына ұсынылады. Жария етуді өткізу ақшасы екінші деңгейлі банктерде өткізіледі.
Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан жылжымайтын мүлікті жария еткені үшін алым қарастырылмаған.
Қазақстан Республикасының аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған мүліктің сатып алу құнының немесе бағалау құнының 10% мөлшерінде төленеді.
Мүлікке жария етуді өткізуді рәсімдеуге, жария ету субъектілерге байланысты барлық шығындарды өз бетінше жүзеге асырады.
Аудан аумағында тұратын, заңнамаға сәйкес құқығы рәсімделмеген, жылжымайтын мүлікке жария етуді өткізу үшін,жария ету субъектілері комиссияға келесі құжаттарды ұсынады:
-Заңда белгіленген , мүлікті жария етуді өткізуге өтініш (бұдан әрi - өтiнiш) форма бойынша екі данада;
-өтініш берген кезде салыстыру үшін түпнұсқасын көрсете отырып, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортын ұсынады;
- ғимараттар мен құрылыстарды объектінің құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкестігі тұрғысынан техникалық тексеруді жүзеге асыратын сарапшының қорытындысы;

Мүлікті жария ету үшін, басқа тұлғаға рәсімделсе, қосымша келесі құжаттар ұсынылады:
- мүлікке құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі (нотариат куәландырған);
- басқа тұлғаның мүлікті жария ететін жария ету субъектісіне мүлікті өтеусiз бергенi туралы шарттың көшірмесі (нотариат куәландырған).
Құжаттардың толық емес болған жағдайда, ұсынылған құжаттарда өшiрiп тазалау мен түзетулер болған жағдайда,заңнамада қойылатын талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда, арыз қайтарылуға жатады. Ұсынылған құжаттарды қайтаруға негiз болған себептердi жойған кезде тұлға қайтадан коммисияға арыз беруге құқылы.

Мүлiктi жария етуге өтінішті комиссия өтініш ұсынылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.Комиссияның құжаттарды қарастыру бойынша шешімі;
1) жария етуді өткізу жөнінде;
2) жария етуден бас тарту туралы.
Нысананың әрқайсысы бойынша жеке, мүлікке жария етуді өткізу жөнінде комиссия отырысының хаттамасы рәсімделуі немесе жария етуді өткізу жөніндегі бас тартуы туралы коммисия шешімі және барлық коммисия мүшелері қол қояды.
Нысананы жария етуді өткізу жөнінде – жеке тұрғын үй құрлысы (шаруашылық тұрмыстық құрылымдар да бірге), өндірістік немесе басқа да тағайындалған, қалақұрылысы регламенттіне сәйкес белгіленген жолмен негізделген жағдайы бойынша құрлыс жүйесіндегі орналастыру бөлігіне (жайғастыру) өртке қарсы және санитарлы-эпидемиялық талаптар бойынша қабылданады.
Мүлікке жария етуді өткізу жөнінде комиссияға құжатты қабылдау Күршім ауылы, Ибежанов көшесі 23, №1 кабинетінде, 21-044 телефондары арқылы консультациялар беріледі.

 

Тұрғындардың назарына!!!

Күршім ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы 2015 жылдың желтоқсан айынан бастап, 30.06.2014ж. № 213-V «Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және ҚР тұруға ықтиярхаты бар тұлғалардың мүлікті жария етуіне байланысты оларға рақымшылық жасау туралы» ҚРЗ жария ету шаралары маңызды жеңілдеткен жаңа ережелер күшіне енді.
1. Жария етудін ерекшеліктері:
- құқық қорғаушы және басқа да мемлекеттік органдардың тарапынан заңсыз әрекеттеріне қосымша кепілдік;
- жария етілген мүлік тәркіленгенге жатпайды;
- жария ету бойынша қылмыстық істер қозғауға тыйым салынады;
- жария ету субъектісінің берілгендері салықтық және банктік құпия болып табылады;
- мүлік пен капиталдың қалай пайда болғаны туралы сұрақсыз толық құпиялық.

2. Жаңа жылдан бастап ақшаны жария ету тіпті женіл!
Өйткені мемлекет жария етілген ақшаны өз қалауларыңыз бойынша екі қарапайым тәсілмен иелік етуге бірегей мүмкіндік пен құқық береді.
1 тәсіл – оларды банктік шоттар арқылы көрсетіп, 10%-дық алымның төлеуінсіз, өзініздің кез-келген қажеттіліктеріңізге жұмсауға болады;
2 тәсіл - 10%-дық алымды төлей отырып, банктік шотқа салмай көрсету.  
Екі жағдайда жария ету субъектісі банктың анықтамасымен қоса мемлекеттік кірістер органдарына сәйкес декларация табыс етеді.

3. Мүлікті жария ету шаралары барынша жеңілдетілді!
Енді, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және басқа түлғаға немесе жария ету субъектісіне рәсімделген мүлікті заңдастыру үшін мемлекеттік кірістер органдарына жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі,
жария етілетiн мүлiкке жария ету субъектісінің меншік құқығын белгілейтін құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі, басқа тұлғаның жария ету субъектісіне (басқа тұлғаға ресiмделген мүлiктi жария еткен жағдайда) мүлікті өтеусiз немесе өзге де нысанда меншік құқығын бергені туралы шарттың нотариат куәландырған көшірмесі қоса отырып, декларация табыс ету жеткілікті.
Аталған құжаттар тізімі шет елдегі мүлікті жария ету үшін де қажет, сонымен қатар, мүлік құнынан 10% алым сомасы төленгенің растатйын құжаттың көшірмесі қоса табыс етіледі. Сонымен қатар, мүлік құны жария ету субъектісімен белгіленіп, тексерілуге жатпайды.
Аумақтардағы әкімдіктердегі комиссияларға азаматтар тек сәйкес рәсімделмеген (тіркелмеген) жылжымайтын мүлік объектілерін жария ету үшін жүгінеді.

 

Тұрғындарды мемлекетпен берілген мүмкіндікті жіберіп алмауға шақырамыз!
Бүгін мүмкіндік бар, ертең кеш болуы мүмкін…
Сіздердің жарқын болашақтарыңыз және мүліктеріңізді қорғау
Жария етуден басталады!

 

Мүлікті жария ету

 

Парақтар өзгертілді: 21-12-2016