Жұма, 23 Маусым 2017 г. 11:03

Мәслихаты

Күршім аудандық мәслихатының хатшысы

Мұхтар Бекпосынұлы Сағанақов

Сағанақов Мұхтар Бекбосынұлы 1961 жылы 12 қантар Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданы, Тақыр ауылында дүниеге келдім.Ұлттым-қазақ. Білімім-жоғары. 1983 жылы Целиноград ауылшаруашылық институтын бітірдім.
1983-1987 жылдар аралығында Қалжыр ауылының Черняев бөлімшесінде агроном, Қалжыр ауылында гидротехник, 1987-1995 жылдар аралығында Қалжыр ауылында бас агроном, 1995 жылы Қалжыр ауылының Черняев бөлімшесінде басшы, 1997-1998 жылдары Қалжыр ауылында «Қалжыр-М» шаруа қожалығының мүшесі, 1998-2006 жылдар аралығында «Ефим» шаруа қожалығының басшысы, 2006-2009 жылдар аралығында Теректі ауылдық округі әкімінің орынбасары, 2009-2010 жылдары Төсқайың ауылдық округінің әкімі қызметтерін атқардым. 2010 жылдан бері Ақбұлақ ауылдық оқругінің әкімі болып қызмет етіп келемін. Отбасымда 2 бала тәрбиелеп, 3 немере сүйіп отырған қамқор әке, ардақты атамын.

Лауазымдық міндеттері

Өз құзыреті шегінде тиісті аумақты дамытудың жоспарларын, әлеуметтік және экономикалық, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану жөніндегі бағдарламаларының орындалуын, азаматтардың құқықтарының қорғалуын бақылайды. Mәслихат сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді ұйымдастырады.

  1. Аудан әкімімен және әкімдігімен бірлесіп тиісті аумақтың әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламалары, елді мекендерді көркейту, санитарлық жағдайды қамтамасыз ету, жерді және жасыл желекті қорғау ережелері, ауданның әкімшілік-аумақтық бөліністі басқару схемасын бекіту және басқа да мәселелердің жобасын зерделеп, сессия қарауына ұсынады.
  2. Сессияның шақырылу орны және уақыты туралы, сонымен бірге сессияда қарастырылатын мәселелер туралы аудан әкіміне, депутаттарға, жұртшылыққа хабарлайды. Сессия төрағасымен бірге мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген шешімдерге, өзге де құжаттарға қол қояды.
  3. Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары және тексеру комиссиясымен бірге жергілікті бюджет туралы шешімнің орындалуын бақылайды.Мәслихат шешімдерінің жариялануын қамтамасыз етеді, олардың орындалуына бақылау жасау жөніндегі іс-шараларды белгілейді.
  4. Мәслихат депутаттарының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді. Депутаттар сауалдарының және депутаттық өтініштердің қаралуын бақылайды. Депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтеріндегі жұмысқа қатысуы үшін қызметтік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты мәселелерді қарайды.
  5. Мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестіреді. Мәслихаттың жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады. Мәслихат аппаратының құрылымы және штатын мәслихат сессиясының бекітуіне ұсынады, мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды, оның қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады .
  6. Мәслихат шешімі бойынша өзге де міндеттерді орындайды. Сайлаушылар өтініштері туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат беріп отырады, өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкімдер шығарады.

Қабылдау уақыты және байланыс ақпараты

Қабылдау уақыты: – дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері, сағат 9.00 - ден 18.30 дейін.  
Телефон: 8(72339) 21792
Факс: 8(72339) 21805
Мекен жайы: 071200, ШҚО, Күршім ауылы, Ибежанов к., 23
E-mail: maslihat_kurchum@mail.ru

 

Парақтар өзгертілді: 07-10-2016