Жексенбi, 30 Сәуір 2017 г. 01:19

Аудандық мәслихат депутатының жұмыс барысы

Сарыөлең ауылдық округінен сайланған аудандық мәслихат депутаты «Төретоғам» ЖШС директоры Қасымханов Нұрлан Есімханұлы ағымдағы жылдың 6-7 сәуір күндері ауылдық округ орталығындағы дәрігерлік амбулатория ұжымымен кездесіп, күндізгі емдеу, емшара бөлмелерінің жұмыстарымен танысты. Шымкент көпсалалы колледжінің түлегі, жас маман Роза Садықовамен әңгімелесті.
Көктемгі мал жайылымын, егіс жұмыстарын ұйымдастыру, ауыл тазалығы, мал ұстау ережелері мен тәртібі туралы сұрақтар қаралған  Барақ батыр, Бірлік негізгі орта мектептері партиялық топтарында, Сарыөлең ауылдық мәдениет үйінде  өткен жиындарға  аудандық мәслихат депутаты Н.Қасымханов, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы С.Ашманов, жер қатынастары бөлімінің бас маманы Е.Ашимов, аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Б.Нурумова, ауылдық округ әкімі Е.Мәжібаев, ауылдық округ бойынша учаскелік инспектор полиция майоры А.Хайруллиннің қатысуларымен өткізілді.

  • Прошла встреча
  • Прошла встреча
  • Прошла встреча
Парақтар өзгертілді: 14-04-2017