Жұма, 26 Мамыр 2017 г. 13:17

Депутаттық сый жасалды

Ағымдағы жылдың 17 сәуірі күні Сарыөлең ауылдық округінен сайланған Күршім аудандық мәслихатының депутаты, «Төретоғам» ЖШС-ның директоры Қасымханов Нұрлан Есімханұлының өтініші бойынша «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында Сарыөлең ауылдық округіне қарасты Бірлік ауылының тұрғыны бала жастан мүгедек Жармұхамбетова Наинаға аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Б.Нурумова, ауылдық округ әкімі Е.Мәжібаев бөлме арбасын, спорттық костюм, аяқ киім, жеңіл куртка, тәтті тағамдар мен жеміс-жидектер сыйлап, жақсы көңіл күйге бөледі.
Наина өзіне ағалық қамқорлық көрсеткен Нұрлан Есімханұлына алғысын білдіріп, ризашылық танытты.

  • Депутаттық сый жасалды
  • Депутаттық сый жасалды
  • Депутаттық сый жасалды
Парақтар өзгертілді: 20-04-2017