Дұйсенбi , 23 Қазан 2017 г. 02:47

Мектептердің есеп беру концерттері

Марқакөл Мәдениет үйінде мектептердің 2017 жылғы кезекті есеп беруі басталды. Мәдениет үйінде ең алғаш болып есепті кездесуді бастаған Марқакөл ауылдық округіне қарасты елді-мекендер мектептері, атап айтқанда Ақжайлау негізгі орта мектебі, Қарой орта мектебі, Қарашілік негізгі орта мектебі және Қайнарлы негізгі орта мектебі, №1 және №2 Марқакөл орта мектептері. Оқушылар берілген тақырыптан ауытқымай ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне, Қазақстан Қарулы күштерінің 25 жылдығы және Қазақстан Республикасы Рәміздерінің 25 жылдығына және Алаш партиясының құрылғанына 100 жылдығына орай әндер шырқалып, қойылымдар қойылды. Есепті кездесуде оқушылар бекітілген ережеге сәйкес  жанды дауыста ән шырқап, мың бұрала биледі. Қазақтың ұлттық аспаптарында күмбірлете  күй ойнап, ән шырқап, ұлдар және қыздар вокалы ән шырқады. Тарихқа да бір үңіліп, қойылымдар көрсетілді. Мектептердің есепті кездесу концерттері керемет әсерлі болып, көрермендердің көңілінен шықты.
Кеш соңында әділ қазылар  алқасының төрағасы шығып, мұғалімдер мен оқушыларға және де түсіністікпен қараған ата-аналарға алғысын білдіріп, әділ бағаларын берді. 

  • Мектептердің есеп беру концерттері
  • Мектептердің есеп беру концерттері