Дұйсенбi , 25 Қыркүйек 2017 г. 15:51

Спорттық шаралар

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 72 жылдығына және Қазақстан Респрубликасы Қарулы күштерінің 25 жылдығына орай аудан орталығында спорттың әр түрлерінен спорттық шаралар ұйымдастырылып өз деңгейінде өтті. Атап  айтсақ – Қол күресінен, гір спортынан, волейболдан, жүгіруден, үстел теннисінен, арқан тартудан бәйге жарысы, көкпар тартудан жарыстар ұйымдастырылды.
2017 жылыдң 8 мамыры күні аудан орталығында бильярдтан өткен жарыста аудандық орталық ауруханананың тіс дәрігері Е.Қатияшов чемпион атанды, осы күні Ұлы Отан соғысының  ардагері А.Ибежанов атындағы волейболдан өткен турнирде  2535 әскери бөлімінің командасы 1 орынды иеленді.
9 мамыр күні өткен  ат жарысында 5 шақырымдық жорға жарысында – Сарыөлең ауылдық округінен У.Сексенбаевтың сәйгүлігі, 5 шақырымдық бәйгеден Үлкен Нарын ауылынан келген Р.Дәулетхановтың сәйгүлігі,  15 шақырымдық бәйге жарысында Сарыөлең ауылының тұрғыны Б.Игісіновтің тұлпары  мәре сызығын бірінші болып өтті. Көкпар тартудан  өткен жарыста Алғабас ауылының спортшылары чемпион атанды. Спорттық жарыстарда жүлделі орын алған спортшылар аудан әкімінің мадақтама грамоталарымен ақшалай сыйлықтарымен марапатталды.

  • Спорттық шаралар
  • Спорттық шаралар
  • Спорттық шаралар
  • Спорттық шаралар