Дұйсенбi , 23 Қазан 2017 г. 03:07

Тұсау кесер кеші өтті

Күршім аудандық кітапхана, Мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен мамырдың 11 жұлдызында аудандық мәдениет үйінде Күршім ауданының тұрғыны, еңбек ардагері, кеңес одағы кезінде көптеген ұжымдарды заман талаптарына сай ұйымдастырған, іскер, білікті басшы беделді азамат, Күршімнің «Құрметті азаматы» Қабдыкәрім Нұрсадықовтың «Өмір-өзен асып та жатар,тасып та...» атты кітабының тұсау кесер кеші өткізілді. Аталған шараның жастар үшін маңызы зор болды,себебі бұл кітаптан бүгінгі жастар өткенге деген құрметті, бүгінге деген ниетті, келешекке деген ізетті көре алды деген сенімдеміз.

Кеш барысында Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, ардагер-ұстаз, Күршім ауданының «Құрметті азаматы" атағына ие болған Қ.Қ.Сембаев  және Б.С.Әлімғожин ағалар айтулы кітаптың тұсауын кессе, білім беру ісінің үздігі, еңбек ардагері М.Қ.Қасымбаева шолу жасады.

Кеш иесінің ұзақ жылдар үзеңгілес жүрген замандастары, сыныптас-достары, ауданымыздың беделді азаматтары С.Аухадиев, Т.Әшіманов, білім саласының ардагері С.Искаков, «Дидар» газетінің  меншікті тілшісі, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, ақын, аталған кітаптың редакторы Хасен Зәкария сахна төрінде жылы лебіздерін білдіріп, аудан әкімі С.Чукаев  ардагеріміздің иығына шапан жауып құттықтауын жолдады. Еліміздің түкпір-түкпірінде тұратын Қабдыкәрім ағаның туыс-жұрағаттары өз құттықтауларын бейне баян арқылы жолдады.

Кештің соңы мәдениет үйінің әншілерінің тамаша әндерімен өз жалғасын тапты.

 

  • Тұсау кесер кеші өтті
  • Тұсау кесер кеші өтті
  • Тұсау кесер кеші өтті