Жұма, 26 Мамыр 2017 г. 13:20

Облыстық турнирден жүлделі оралды

Облыстық турнирден жүлделі оралды2017 жылдың  2-5  мамыр аралығында Қасым Қайсенов кентінде  2004-2005 жылдары туылған жасөспірімдер  мен 2003-2004  жылдары туылған қыздар арасында  бокстан  Ұлы  Отан соғысындағы Жеңістің 72 жылдығына арналған ашық облыстық турнирі өтті. 

Турнирге Күршім аудандық бір топ спортшылары қатысты. Турнир қорытындысы бойынша Күршім №3 гимназиясының 5 сынып оқушысы Ермахан Қайратұлы 28 кг салмақ дәрежесінде 2 орынды, Күршім №1 орта мектебінің 5 сынып оқушысы  Каримов Ильяс- 30 кг салмақ дәрежесінде  3 орынды, иеленді.

Спортшыларды жарысқа аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт  бөлімі жіберді.

 

 

 

Парақтар өзгертілді: 16-05-2017