Дұйсенбi , 23 Қазан 2017 г. 03:00

Күршім ауданында Ұлы Жеңістің 72 жылдығына орай велошеру өтті

2017 жылы 8 мамыр күні Ұлы Жеңістің 72 жылдығына орай, Ұлы Жеңіс тарихын дәріптеу, Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата-бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеу, Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлердің рухына бас иіп, ардагерлерге құрмет көрсету мақсатында аудан орталығындағы Н.Жангудеев, П.Журба, Б.Бунтовских, Зангин, З.Көлбаев, Қ.Тоқаев, А.Ибежанов, Бауыржан Момышұлы  атындағы көшелер бойымен жастар арасында велошеру өтті.   

Әрбір көше бойында тарих пәнінің мұғалімдері жастарға аталған көше атаулары туралы мағлұматтар берді. Велосипед тепкен жастар осы көше бойымен жүріп өтіп, орталық алаңға Б.Момышұлы  ескерткішінің жанына жиналды. Аудандық кітапхананың кітапханашысы Р.Кенжеханова әскери қайраткер, ержүрек қолбасшы, жазушы, Кеңес одағының батыры, Қазақстанның халық қаһарманы Б.Момышұлы жайында көптеген мағлұматтар берді. Аудан әкімінің орынбасары М.Қалелов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Нұрымова, ардагерлер ұйымының төрағасы Е.Ақтекенов, Қ.Қабдуалиев велошеруге қатысушы жастарға ардагерлеріміздің ерлігі мәңгі есте сақталсын деп мерекелерімен құттықтады.

Іс-шара соңы мәдениет үйі әншілерінің мерекелік концертіне ұласты.

 

  • Күршім ауданында Ұлы Жеңістің 72 жылдығына орай велошеру өтті
  • Күршім ауданында Ұлы Жеңістің 72 жылдығына орай велошеру өтті
  • Күршім ауданында Ұлы Жеңістің 72 жылдығына орай велошеру өтті