Дұйсенбi , 23 Қазан 2017 г. 03:05

Жеңіспен оралды

Жеңіспен оралды2000 және одан кейін туған жасөспірімдер арасындағы Шығыс Қазақстан облысының  қол күресінен біріншілігі 2017 жылдың 12-15 мамыры күндері  Семей қаласында өтті. Бұл біріншілікке Күршім ауданының құрама командасын  Күршім балалар жасөспірімдер  спорт мектебінің жаттықтырушысы,  Қазақстан Республикасына еңбек сіңрген жаттықтырушысы Әділбек Өмірбекұлы Баймұхамбетов  пен Сарыөлең орта мектебінің  мұғалімі  Талғат Айдарбекұлы айдарбеков  бастап барды. Тартысты өткен жарыс барысында барлық қарсыластарынан басым түскен Күршім №1 орта  мектебінің 10 сынып оқушысы Бақытжан Мырзахмет 80 кг-да . Күршім №4 орта  мектебінің 9 сынып  оқушысы  мөлдір Қаликанова  70 кг-нан жоғары салмақта чемпион  атанды. Екінші орындарды  Күршім №4 орта  мектебінің 10 сынып оқушысы Баян Батаева 45 кг салмақта, Сарыөлең орта мектебінің  10 сынып оқушысы Ғасыр Құрметқан 70 кг салмақта иеленді. Үшінші орынды Құйған орта мектебінің 8 сынып оқушысы  Ақжүніс Советхан 70 кг- нан жоғары салмақ дәрежесінде иеленді.