Жұма, 28 Шілде 2017 г. 08:33

Төралқа мәжілісі өтті

Очередное заседание2017 жылдың 11 мамырында аудандық ардагерлер ұйымы кеңесінің кезекті төралқа мәжілісі өтіп, онда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы туралы аудандық ардагерлер ұйымы Кеңесінің төрағасы – Есманбек Адайұлы Ақтекенов баяндама жасады. Төралқа мүшелері: Н.Қайыров, Е.Жангүдеев, ардагерлер: Г.Нукушева, Н.Қисамбин, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының орынбасары Б.Қ.Нұрымовалар сөйлеп, өз пікірлерін ортаға салды. Ардагерлер бірауыздан Елбасының мақаласын қолдап, жұртшылық арасында түсіндіру жұмысына белсене қатысатындықтарын білдірді.
Сонымен қатар биылғы жылдың 4 айында атқарылған жұмыстар мен  алдағы міндеттер жөнінде ақпарат берілді. Қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Парақтар өзгертілді: 17-05-2017