Дұйсенбi , 25 Қыркүйек 2017 г. 15:50

Жеңіс күні мерекесіне орай халық қалаулылары қарттарды құттықтады

Жеңіс күні мерекесіне орай халық қалаулылары қарттарды құттықтадыҰлы Отан соғысындағы Жеңістің 72 жылдығына орай «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясы маслихат депутаттары «Ардагерледі ардақтайық» партиялық жобасы аясында тыл ардагерлерін, қарт тұрғындарды құттықтады.
№7 Сарыөлең сайлау округінің депутаты «Төретоғам» ЖШС-нің директоры Қасымханов Нұрлан Есімханұлы мереке қарсаңында Сарыөлең ауылының ең қарт тұрғыны, 1926 жылы туған тыл ардагері Изамеденова Бикенді және Бірлік ауылының тұрғыны Галиева Чаукенді, №10 Марқакөл сайлау округінің депутаты, «Мұрагер» ш/қ басшысы Садуов Нұрлыбек Ахмадиұлы тыл ардагері, «Алтын алқа» иегері, 93 жастағы 9 баласы, 20-дан артық немересі бар Алпысова Қаншайым апаны, №13 Боран сайлау округінің депутаты, ауылдық амбулатория меңгерушісі Рапикова Лиза Советбекқызы балалық шағынан аянбай еңбек еткен Боран ауылындағы тыл ардагерлерінің бірі, Универсал-2 тракторымен жер жыртып, арық тартқан, кейіннен алып НАТИ тракторымен тұқым сеуіп, комбайнмен егін де орған ардагер ана, соғыс ардагерінің жесірі Жанасова Чамей әжейді, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, №6 Қалғұты сайлау округінің депутаты Нурумова Бибихан Қабылқанқызы Қаратоғай ауылында тұратын 1920 жылы туған, кешегі колхозшы, совхозда жұмыс  істеген, Зырян қаласындағы ФЗО-да  болған, өмірі еңбекпен ғана өрнектелген қарт Нұрмұхамбетова Күлән  әжені құттықтап қайтты.

  • Жеңіс күні мерекесіне орай халық қалаулылары қарттарды құттықтады
  • Жеңіс күні мерекесіне орай халық қалаулылары қарттарды құттықтады