Дұйсенбi , 21 Тамыз 2017 г. 10:49

Баспасөз хабарламасы

2017 жылғы 13 шілде Астана қ.

Орталық коммуникациялар қызметінде Каратэ-до бойынша өтетін ересектер арасындағы  XIV Азия чемпионаты және кадеттер мен жастар арасындағы  XVI Азия чемпионатына арналған  брифинг өтті.   «Қазақстан» РТРК» АҚ осы шараның бас ақпараттық демеушісі.

Шараға «Қазақстан» РТРК АҚ Басқарма төрағасы  Ерлан Қарин,  ҚР каратэ-до федерациясының вице-президенті Санауов Жасталап Әбдіқаниұлы,  Бүкіләлемдік Каратэ-до федерациясының президенті Антонио Эспиноз, Бүкіләлемдік Каратэ-до федерациясының бас хатшысы Нагура Тошихиса қатысты.
Айта кетсек, Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында каратэ-до олимпиадалық спорт түрі бойынша 13-16 шілде аралығында Азия чемпионаты өтеді. Бұл байрақты бәсекеге 30-дан аса елдің  700-ден астам  үздік спортшылары бақ сынасады деп жоспарланып отыр. Азия біріншілігі елімізде тұңғыш рет өтетінін атап өткен жөн. Бұған дейін  Малайзия, Сингапур, Жапония мен Қытай сынды алпауыт мемлекеттерде ұйымдастырылған. Бұдан бөлек,  бұл континеттік чемпионатта рейтингтік ұпайлар беріледі. Яғни, Токио-2020 олимпиада ойындарына спортшыларлдың ұпай жинауға мүмкіндіктері бар.
Сонымен қатар, каратэ-додан Қазақстанның Ұлттық құрамасынан әлем және Азия чемпиондары мен жүлдегерлерінен құралған 70  үздік спортшы ел намысын қорғайтын болады.  Олардың арасында  кадеттер мен жастар арасында әлем чемпионы, Азия ойындарының чемпионы және үш дүркін Азия чемпионы Сағындықов Ринатта бар.  Оның жалпы ұпай саны – 1215.  Ол  67 келі салмақта өз шеберлігін көрсетпек.

«Қазақстан» РТРК АҚ құрамына кіретін «Kazsport» телеарнасы 13-16 шілде аралығында өтетін жарысты жан-жақты насихаттауға атсалыспақ. Жаңалықтар қызметі арнайы сюжеттер әзірлейді.
Ал, 16-шілде күні 19 шілде күні, сағат 20:40-та «Kazsport» телеарнасының эфирінде Азия чемпионатының финалдық кездесулері көрсетілетін болады.  

Анықтама үшін:
2016 жылдың 3 тамызында Рио-де-Жанейродағы Олимпиада комитетінің отырысында «WKF каратэ-до» 2020 жылы Токио Олимпиадасында көрсетілген олимпиадалық спорт түрлерінің тізіміне енді.

 

 «Қазақстан» РТРК» АҚ

«Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы «Қазақстан» Ұлттық телеарнасын, республикалық «Балапан» және «Кazsport» арналарын, Қазақ радиосын, «Шалқар», «Астана», «Classic» радиолары мен аймақтық телерадиокомпанияларды біріктіреді. Корпорацияның ресми сайты www.kaztrk.kz. Корпорацияның әлеуметтік желілердегі парақшалары: https://www.facebook.com/Kaztrk.kz,https://vk.com/kaztrk_kz,https://www.instagram.com/kaztrk_kz/, https://twitter.com/kaztrk_kz, https://www.instagram.com/kaztrk_kz/.

 


Баспасөз хабарламасы

Баспасөз хабарламасы

Баспасөз хабарламасы

Баспасөз хабарламасы

Баспасөз хабарламасы

 

Парақтар өзгертілді: 17-07-2017