Дұйсенбi , 21 Тамыз 2017 г. 10:50

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2017 жыл 29 шілде 
Астана қ.

Халықаралық гепатитпен күрес күні

Орталық коммуникациялар қызметінде Халықаралық гепатитпен күрес күнінің аясында жүргізіліп отырған, Қазақстан мен әлемдегі гепатит мәселесіне арналған баспасөз конференция өтті. Конференцияға ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің әлеуметтік маңызды аурулар кезінде медициналық көмек көрсету басқармасы басшысы Гүлнәр СӘРСЕНБАЕВА, ҰОТҒО профессоры, медицина ғылымдарының докторы, бауырды зерттеу бойынша Еуропалық қауымдастықтың мүшесі, “International HepatoTransplantGroup” Қауымдастығының президенті Күлпәш ҚАЛИАСҚАРОВА, Ұлттық онкология мен трансплантология ғылыми орталығының гепатология және гастроэнтерология бөлімінің меңгерушісі, м.ғ.к Қахарман ЕСМЕМБЕТОВ, "AGEP'C" ҚФ директоры Сергей БИРЮКОВ қатысты.
Жыл сайын 28 шілдеде әлемнің көптеген елдері гепатитпен күрес күнін атап өтеді (World Hepatitis Day). Бұл күн В гепатитінің вирусын ашқаны үшін Нобель сыйлығының лауреаты болған америкалық дәрігер Барух Бламбергтің туған күні. Ең алғаш бұл күн Халықаралық гепатитке қарсы альянстың қолдауымен 2008 жылы атап өтілді. 2011 жылы Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) осы күнді өз күнтізбесіне енгізіп, Халықаралық гепатитпен күрес күні ресми дәрежеге ие болды. ДДҰ аталмыш күнде әлем дәрігерлерін халық арасында ағарту жұмыстарын жүргізіп, гепатит туралы және оның асқынуынан болатын аурулар туралы айтуға шақырады. Себебі алдын алу шараларының, оның ішінде диагностикалық тексерулер мен гепатитке қарсы екпелердің маңызы зор.
Вирусты гепатиттер адам денсаулығына әсер ететін негізгі қауіп-қатер факторларының бірі болып саналады. ДҰҰ мәліметтері бойынша, гепатит вирусы әлемде 2 миллиардқа жуық адамға жұққан. Бұл ғаламшардың әрбір үшінші тұрғыны. Адамдарға алдын-алу іс-шаралары жайлы айтып, ақпараттық   материалдар таратып және күмәнді іс-әрекеттен аулақ болуға шақырамыз.
Сондықтан халықаралық гепатитпен күрес күні ең алдымен қалың жұртшылық пен мамандардың назарын осы мәселеге аударуға, әрбір елдің азаматын гепатиттің алдын-алу шараларын жасатуға шақыруға бағытталған.

Бұл күні Астанада «Есіл» ауданы әкімшілігінің аумағында тұрғындардың әлеуметтік аз қамтылған топтарына В және С гепатитіне скрининг-тест, ішкі құрылыс мүшелерін ультрадыбыстық тексеру жасау жоспарланып отыр. Бұл іс-шараға «University medical center» копоративті қорының және Ұлттық онкология мен трансплантология ғылыми орталығының мамандары ат салысады.

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Парақтар өзгертілді: 31-07-2017