Бейсенбі, 19 Қазан 2017 г. 16:36

«Менің таңдауым - балаларға көмек көрсету!»

2017 жылғы 31 шілде
Астана қ.

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Мектепке жол» жалпыреспубликалық акциясының басталуына орай баспасөз-конференциясы өтті. Шараға ҚР Білім және ғылым министрілігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Мәншүк Әбдікәрім, ҚР Білім және ғылым министрілігі Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры  Зейнеп Мақсұтова, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті Ювиналды полиция бөлімінің басшысы Әсет Оспанов, Әлеуметтік көмек департаменті азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау істері басқармасының басшысы  Максим Чаркин және «Нұр Отан» партиясының орталық аппараты Саяси жұмыс департаментінің директоры Марат Әбсәттаров қатысты.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жаңа оқу жылының басталуына бір ай қалғанда 2017 жылғы 1 тамыздан бастап 30 қыркүйекке дейінгі кезеңде дәстүрлі «Мектепке жол» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясын өткізетінін жариялайды.
Ағымдағы жылы Министрліктің әлеуметтік бағыттағы бұл бастамасы «Менің таңдауым - балаларға көмек көрсету!» ұранымен өткізілуде.
Акцияның басты идеологиясы аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ішінен оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу үшін көмек көрсету болып табылады.
Акция барысында мектепке бармайтын балаларды рейдтік іс-шаралар, пәтерлерді аралау арқылы анықтауға, мектепке дайындау бойынша әлеуметтік қорғалмаған отбасыдан шыққан балаларға көмек көрсетуге аса көңіл аударылады.
Еліміздің барлық азаматтарын, бизнесмендерді, кәсіпкерлерді, меценаттарды акцияға қосылуға және қиын жағдайға тап болған балаларға, отбасыларға көмек көрсетуге, сондай-ақ  мектепке өз жолын табуға қол үшін беруге шақырамыз.
Барлық акцияға қосылуға тілек білдірушілерге Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің телефонына – 8 (7172) 74 21 40, сондай-ақ облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларына хабарласуыңызды сұраймыз.

«Менің таңдауым - балаларға көмек көрсету!»

«Менің таңдауым - балаларға көмек көрсету!»

«Менің таңдауым - балаларға көмек көрсету!»

«Менің таңдауым - балаларға көмек көрсету!»

«Менің таңдауым - балаларға көмек көрсету!»

«Менің таңдауым - балаларға көмек көрсету!»