Дұйсенбi , 21 Тамыз 2017 г. 10:49

Күршім ауданының делегаттары «ЭКСПО-2017» көрмесін тамашалады

21-25 шілде күндері Астана қаласында Шығыс Қазақстан облысы күндеріне орай ауданнан ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Қасымбаева, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Нұрымова, жастар ресустық орталығының директоры Ш.Дабырбаева және аудан делегаттары қатысып қайтты.
21 шілде күні «Этноауыл» кешенінде қолөнер шеберлерінің көрмесінен басталды. Онда көрмеге келушілерге тоқыма тоқу, ағаштардан түрлі кесінділер жасау бойынша «Ата-бабалар мұрасы» атты археологиялық артефактер көрмесі, «Родной земли - многоголосье» атты фотокөрме, концерт жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Сондай-ақ Астана төрінде көкпар, қазақша күрес, аударыспақ, қыз қуу, теңге алу, жебе ату, тазы иттер жарысы, т.б. спорттық шаралар қызықты өтті.
Жалпы Шығыс Қазақстан облысының күндері «Бәйтерек» монументінің алдында күн сайын елімізге белгілі Шығыс Қазақстан облысынан шыққан эстрада жұлдыздарының концерті, ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылды.
25 шілде күні Шығыс Қазақстан облысының күні аясында «ЭКСПО-2017» көрмесіне ауданнан 31 оқушы, 18 Күршім ауданының тумалары қатысып, тамашалады.
Ол жерге жасаған саяхатымыз еріктілердің күліп қарсы алуынан басталды. Ең бірінші тамашалаған «Нұр Әлем» павильонында топ-топ болып қызықтағандардың қарасы да қалың.  Осы елдің азаматы болғандықтан, Қазақстанға деген осынау қызығушылық бізді сүйсіндірді.
«ЭКСПО-2017» көрмесінде әлемнің біраз мемлекеті өздерінің энергия саласындағы техникалық жетістіктерімен барша жұртты тәнті етті. Бірнеше жылды артқа тастап, «болашаққа барып қайтқандай» жақсы әсер алдық. Осы саладағы тың жаңалықтарға қанық болдық.  Сондай-ақ, әртүрлі мемлекеттің мәдениетімен, қолөнерімен таныстық.
Кешке амфитеатрда өткен «Шырайлы шығыстан атағы асқақ Астанаға» атты гала концертпен аяқталды. Концерттік бағдарламада Роза Рымбаева, Әли Оқапов, Ғибратшоу және Шығыс Қазақстанның үздік шығармашылық топтары ән шырқап, көрермендерге жақсы демалыс сыйлады.
Астана қаласында өткен Шығыс Қазақстан облысының күні осындай жағымды әсерлерге толы болды. Еліміздің аз уақыттағы айтулы жетістіктерін өз көзімен көру кім-кімді де таңдандырады деген ойдамыз.

Жастар ресурстық орталығының директоры
Шырақ Берікқанқызы

  • Күршім ауданының делегаттары «ЭКСПО-2017» көрмесін тамашалады
  • Күршім ауданының делегаттары «ЭКСПО-2017» көрмесін тамашалады
  • Күршім ауданының делегаттары «ЭКСПО-2017» көрмесін тамашалады
Парақтар өзгертілді: 02-08-2017