Дұйсенбi , 21 Тамыз 2017 г. 10:49

Көңіл сергіткен жоспарлы шара

28 шілде күні Марқакөл ауылының №1 Марқакөл орта мектебінің кіші футбол алаңында «Аумақтық әлеуметтік көмек көрсету орталығы» және Мәдениет, тілдерді дамыту, дене-шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен 18 жастан асқан психоневрологиялық патологиясы бар азаматтармен, азаматшалар арасында кіші футболдан жарыс өтті. Жарыстын мақсаты мүмкіндігі шектеулі жандардың уақытын тиімді өткізу және спортқа деген қызығушылықтарын ояту. Жарыс өте көңілді болды, оған қатысқан Астана және Қайрат командалары болды. Әсіресе ептілікпен, жылдамдықпен Қайрат командасы ерекшеленді. Жарысқа қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
Қызықты да тартысты өткен сайыста, жарысқа қатысқан қос команда ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Осындай іс-шаралар қош-көңіл жаңдардың көңілдерін бір аулап тастады. Салауатты өмір салтын қалыптастыру өз қолымызда екенін ұмытпайық.

  • Көңіл сергіткен жоспарлы шара
  • Көңіл сергіткен жоспарлы шара
Парақтар өзгертілді: 04-08-2017