Бейсенбі, 19 Қазан 2017 г. 16:41

Аудандық Мәдениет Үйінің гастрольдік сапары

27-31 шілде күндері аудандық Мәдениет Үйінің әншілері Ұрынхайка, Ақжайлау ауылдарына, Қалғұты ауылдық округіне гастрольдік сапармен аралап қайтты. Мәдениет үйінің директоры Гулсум Садыққызының бастауымен аудандық Мәдениет Үйінің әншілері Б.Масалиев, М.Нүрпейісова, Ә.Чепенова, Б.Жидай, Е.Бақытбайұлы әннен шашу шашса, жас мамандар И.Бақытқанова, А.Ақанованың мың бұралған әсем биімен көрермен қауымның  ризашылығына бөленіп,  бір серпілтіп тастады. Концертті 400-ден аса көрермен тамашалады.

  • Аудандық Мәдениет Үйінің гастрольдік сапары
  • Аудандық Мәдениет Үйінің гастрольдік сапары
  • Аудандық Мәдениет Үйінің гастрольдік сапары