Дұйсенбi , 23 Қазан 2017 г. 02:51

Кіші футболдан өткен жарыс

2017 жылдың 4 тамыз күні Күршім ауылының «Сартау» стадионында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында кіші футболдан жарыс өтті. Спорттық іс-шараны «Аумақтық әлеуметтік көмек көрсету орталығы» мен Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырды. Жарыстың мақсаты мүмкіншілігі шектеулі жандардың  арасында спортқа деген қызығушылығын оятып, бос уақыттарын тиімді өткізуге жағдай жасау. Жарысқа «Кайрат» және «Ертіс» командалары қатысты. Жарыс барасында «Қайрат» командасы жылдамдықпен және ептілікпен ерекшеленіп жеңіске жетті. «Қайрат» командасынан  Магатаев Жандос 3 гол салып көзге түсті, «Ертіс» командасынан Ыдырышев Самарқан 1 гол салып көзге түсті. Қос команданың ойыншылары жарыстын тартысты және қызықты өткенін айтып, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Жарыс соңында ойыншыларға салқын сусынмен балмұздақ ұсынылыпн, салтанатты түрде марапатталды.

  • Кіші футболдан өткен жарыс
  • Кіші футболдан өткен жарыс