Дұйсенбi , 23 Қазан 2017 г. 02:47

Тақырыптық кеш өтті

2017 жылдың 10 тамызы күні  аудандық кітапхананың онлайн орталығында  кітапханашы  Г.Жаменкенова   жастар мен  мектеп оқушылар арасында  «Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла» атты тақырыптық кеш өткізді.
Кеш барысында  ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы – Абай Құнанбайұлы  туралы  мәліметтер берілді.
Абайдың  өлеңдері, поэмалары, әндері, қара сөздері, аудармалары тұралы кеңінен айтылды.
Абайдың «Күз», «Қыс» өлеңдерін №1 орта мектептің 3 сынып оқушылары Т. Жүнісбек, А.Токенова  оқыса , «Татьянаның хатын»  жастар  орталығынан І.Талғатқызы   оқып берді. Жетінші қара сөзі, «Желсіз түнде жарық ай» әні, Грейс Гаретт пен Полина Тыринаның  қазақ тілінде Абайдың әнінің орындауында бейне роликтер арқылы көрсетілді.  Абайдың өлендері   өзге ұлт өкілдері де сүйіп орындайтын әндердің бірі. Шара барысында   қонақтар топпен  Абайдың   « Көзімнің қарасы» атты әнін орындады.  «Дана Абай» атты слайд көрсетілді. Келген оқырмандар «Халықтың хәкім Абайы» атты кітап көрмесімен таныстырылды.
Ұлы ақын, сазгер, философ,  ағартушы,қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абайға арналған кеш, Жидебайдағы әдеби- мемориалдық мұражайы тұралы бейне ролигімен аяқталды.

Тақырыптық кеш өтті

Тақырыптық кеш өтті

Тақырыптық кеш өтті