Дұйсенбi , 21 Тамыз 2017 г. 10:49

Ойды озық еткен дойбы

Марқакөл ауылдық кітапханасында ұлы ақын, композитор, философ,  ағартушы, қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың туған күніне орай «Ойды озық еткен дойбы» атты ауыл студенттері, мектеп ұстаздары және ауыл тұрғындары, жастар  арасында дойбыдан  жарыс өтті. Шара барысында кітапханашы С.Тимкенева ойынның шығу тарихы және ойнау ережесі туралы қысқаша түсінік беріп өтті.  
Жарыс  қорытындысы бойынша 1-орынды №1 Марқакөл орта мектебінің  география пәнінің мұғалімі Құмаш Табысбек,   2-орынды Шығыс Қазақстан экономикалық колледжінің мұғалімі Арайлым Абдыгалымова, 3-орынды Марқакөл ауылдық округі әкімшілігінің операторы Болбадаев Алмат иеленді. Шара  соныңда кітапхана қызметкерлері жарысқа қатысушыларға естелік сыйлық табыс етті.
Студенттер атынан Тотенаев Мадияр жазғы демалыс кезінде дойбыдан қызықты спорттық жарыс ұйымдастырған кітапхана ұжымына алғысын айта отырып, келешекте  осындай шаралар жалғасын тапса екен деді.

 

Ойды озық еткен дойбы

Ойды озық еткен дойбы

Ойды озық еткен дойбы

Парақтар өзгертілді: 10-08-2017