Дұйсенбi , 21 Тамыз 2017 г. 10:49

«Өзің үшін» атты экологиялық акция

8 тамыз күні Жастар орталығының және «Жас Отан» ЖҚ-ның ұйымдастыруымен «Жастар Отанға» партиялық жобасы аясында «Өзің үшін» атты экологиялық акция өткізілді. Оған ауылдың белсенді жастары қатысты. Акция барысында жастар бар ынтасымен көпшілік демалатын Күршім ауылына кіре-берістегі Пантон көпірінің сол жақ жағалауын қоқыстан тазартып, «Күршім» КММ-нің Газ 53 көлігіне тиеп, арнайы орынға апарды.
Ауыл тұрғындарының көбі демалыс уақыттарында табиғат аясына шығып демалып, серуендеп қайтқанды жөн көреді. Алайда өздерінің соңынан бос бөтелкелерді, азық – түлік қалдықтарын, тамақтан қалған қағаздарды, қоқыстарды жинап жүру керектігін бәрі ескере бермейді. Адамдардың ойланбай жасаған әрекеттері қоршаған ортаның ластануына әкеп соғады. Табиғатқа құрметпен қарау - әр адамның парызы екенін ұмытпаған жөн

 

«Өзің үшін» атты экологиялық акция

«Өзің үшін» атты экологиялық акция

Парақтар өзгертілді: 11-08-2017