Дұйсенбi , 23 Қазан 2017 г. 03:07

Әлем таныған Мұхтар Әуезов

Қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, филология ғылымының тұңғыш докторы, профессор, Қазақ КСР - ның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Мұхтар Әуезовтің туғанына 120 жылдық мерейтойына арналған әдеби кеш аудандық кітапханада  кітапханашылар Г.Жаменкенова мен Ж.Қабаеваның ұйымдастыруымен өткізілді. Кешке Күршім №1, №4 орта мектептер мен  гимназия  8-9 сынып оқушылары  қатысты.

Кітапханашылар жазушының өмірбаянымен, шығармашылығымен таныстырды. Әдеби кешке келген оқырмандар №1 орта мектеп 8-9 сынып оқушылары: Е.Домбаев, А.Калымбеков, Б.Сейілхан, Қ.Кенжеханов, Н.Қинаятовтар жетекшісі Ғ.Т.Ашманова  дайындаған М.Әуезовтың «Қараш –қараш» повесінен қойылған екі көріністі қызыға тындап тамашаласа, Ш.Серікқызы, М.Жұмағулова  «Абай жолынан» Абай, әке мен бала, халық, табиғат бейнелеріне байланысты үзінді оқыды.

А.Карсакова «Көксерек» повесін  мәнерлеп, мазмұнын айтып берді. Кеш барысында  жазушының өмірбаяны мен шығармашылығы туралы , «Көксерек» фильмінен үзінді көрсетіліп  «Ұлан даланың –ұлы жыршысы» атты слайд көрсетілді.

 Кеш соңында  қазақ тілі мен әдебиет пәнінің ұстазы  Ғ.Т.Ашманова  жазушының шығармашылығы туралы айта келе,осындай  мәдени шараны өткізген кітапхана қызметкерлеріне алғыстарын білдіріп,еңбектеріне жеміс тіледі. Кітапхана меңгерушісі Г.Смаилова келген оқырмандарға рахметін айтып, алған мағлұматтар оқу барысына ықпалын тигізетініне сенім білдірді.