Дұйсенбi , 23 Қазан 2017 г. 03:09

Жеңіспен оралды

2017 жылдың 30 қыркүйегі - 2 қазан аралығында Тарбағатай ауданының Ақжар ауылында қол күрестен 1999-2001 жылы туылған жасөспірімдер арасында облыстық «Ақ барыс» турнирі өтті. Оған облысымыздың 10 ауданы мен қаласынан командалар қатысты. Осы жарысқа қатысқан Күршімдік жасөспірімдер зор жетістіктермен оралды. Мырзахмет Бақытжан, Қалиханова Мөлдір, Құрметхан Ғасыр турнирде барлық қарсыластарын жеңіп бас жүлдеге ие болды. Екінші орынды Құдайбергенов Ақжол, Советбеков Фархат иеленді. Ал жүлделі үшінші орынмен Батаева Баян, Секенов Мерхат, Советхан Ақжүніс, Қабен Елдар, Самарханов Нүртілеу марапаталды. Күршімдік  жас қол күресшілер өз қатарластары арасында облыста шоқтықтары биік екенін тағы да дәлелдеді. Спортшыларды жарысқа Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Әділбек Баймухамбетов, Қанат Қизатаев, Айгүл Сәбимолданова және Талғат Айдарбеков сынды бапкерлер дайындады.