Дұйсенбi , 23 Қазан 2017 г. 03:09

 Аудан әкімі жүлдесіне турнир өтті

2017 жылдың 5 қазаны күні Күршім ауылында аудан әкімінің жүлдесі үшін 2006-2007 жылы  туған жасөспірімдер арасында кіші футболдан аудандық турнир ұйымдастырылып өткізілді. Бұл турнирге ауданымыздың  9 мектебінен атап айтар болсақ, Күршім №1, Күршім  №4, №3 Күршім  гимназиясының, Сарыөлең, Марқакөл №1, Үшбұлақ, Құйған, Қойтас, Қайыңды мектептерінің командалары қатысты.  Аса тартысты өткен    жарыс барысында финалдық кезеңге Күршім  №4, Үшбұлақ, Құйған және Марқакөл №1 орта мектептерінің  командалары шықты. Барлық қарсыластарынан басым түскен №4 Күршім орта мектебінің  командасы бірінші орынды, Құйған  орта мектебінің командасы екінші орынды, Марқакөл №1  мектебінің командасы үшінші орынды иеленді.

Турнирдің «Үздік шабуылдаушысы» болып №4 Күршім орта мектебінің ойыншысы  Арсен Ескермесов, «Үздік қорғаушысы» болып  Құйған орта мектебінің ойыншысы Жандос Маратов, «Үздік қақпашысы» болып Марқакөл №1 орта мектебінің  ойыншысы Зейін Дакенов танылды. Жеңімпаз командаларға  және  үздік ойыншыларға  аудан әкімі  атынан ақшалай  сыйлықтарды  осы турнирді ұйымдастырушы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт  бөлімінің басшысы Б.Өлмесеков табыстады.