Дұйсенбi , 23 Қазан 2017 г. 03:09

Мұғалімдер  күні аталып өтті

2017  жылдың 6 қазаны күні аудандық Мәдениет үйінде мұғалімдер күніне орай “Ұстазым-ұлағатым,үлгі-өнегем“-атты  салтанатты жиын өтті.    Мерекеге зейнетке шыққан ұстаздар,  аудан мектептерінің ұстаздары, мекеме, бөлім  басшылары, БАҚ өкілдері,  зейнеткерлер, аудан жастары, аудан тұрғындары қатысты. Күршім аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Қ.Слямова  баяндама жасап, аудан әкімі С.Чукаев   ұстаздарды мерекелерімен құттықтап,  аудан әкімінің «Құрмет» грамотасымен және алғыс хаттарымен  марапаттады. Күршім аудандық мәслихаттың депутаты Н.Қасымханов, Күршім орталық аудандық ауруханасының бас дәрігері М.Блейменов, Күршім ауылының тұрғыны, ардагер ұстаз Р.Нұралданова, көп балалы ана К.Жалдыбаева, жас маман, Күршім №1 орта мектебінің ағылшын пәнінің мұғалімі Д.Уәлиханова жылы лебіздерін білдіріп, мереке иелерін құттықтады.
Мерекенің барысы  аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары мен бишілерінің ән-шашуымен ұласты.