Дұйсенбi , 23 Қазан 2017 г. 03:08

Қарттарын қадірлеген ел ардақты

1 -қазан Қарттар күнімерекесіне орай, Марқакөл ауылдық кітапханасының кітапханашылары айтулы мерекеге өз үлестерін қосты. «Қарттарын қадірлеген ел ардақты»  демекші ауыл қариялары көп балалы ана, тыл ардагері- Алпысова Қаншайым әжеге,  Тыл ардагері Ұлы Отан соғысы ардагерінің жұбайы Башабаева Бағила апаға барып, сұхбаттасып, ескерткіш сыйлықтар тапсырып қайтты. Үлкен қария әжелеріміз  қонақтарына баталарын берді.

Бүгін біз қарттарымызға құрмет көрсетіп, құттықтаумен бірге, ардагерлерімізге жан-жақты қолдау мен ыстық ықыласқа толы алғыс сезімін білдіреміз, яғни олар өздеріне деген шынайы қамқорлықты сезінуі қажет. Қазақ халқының ұлттық менталитетінің жарқын белгісі қашанда үлкенге – құрмет, кішіге ізет көрсету десек, бұл игі дәстүр лайым жалғасын таба берсін. Ардагерлерімізді ардақтап, оларды қашанда, қамқорлық аясынан тыс қалдырмау, Мемлекет басшысының сөзімен айтқанда, «Біз бен сіздің парасатты парызымыз әрі қастерлі міндетіміз»!