Дұйсенбi , 23 Қазан 2017 г. 03:08

Дария кеуде тау мүсін, қарттарым аман саумысың?

Марқакөл  №1 орта  мектебінің оқушылары  қарттар күніне  орай  «Дария кеуде тау мүсін, қарттарым аман саумысың?» атты шығарма жазды.

Шара барысында  кітапханашы Қ.Ибраймова « Қарттары бар жұрттың қазынасы бар. Қарттар бізге және өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа өмір жолдары өнеге, еңбек жолдары үлгі боларлық данагөй тұлға, саялы бәйтерек. Ісі ұрпаққа үлгі - өнеге болатын қадірменді қариялардың елге сіңірген ерен еңбектерінің ешқашан өшпей, ұрпақтар санасында мәңгілік сақталынып, олардың жалпы өзекті мәселелерді шешуде даналық ақыл-кеңестерінің, ағалық ақылдары мен иманды сөздері маңыздылығын жоймайды»,- деп айтып өтті. 

Жас оқырмандар  шығармада өздерінің аяулы да, асыл, құрметті ата, әжелері туралы толғаныспен жазды. Атап айтқанда Мағулбекова Балнұр, Әскербекова Ақерке,Болатбекова Еркежан шығармаларын атап айтпасқа болмайды.

«Қарты бар үйдің -қазынасы бар» дейді, -халқымыз. Отбасының тірегі әрі ұйтқысы немерелеріңіздің қорғанышы, балаларыңыздың ақылшысы, асқар тауы да әрине сіздерсіздер. Ғұмырларыңыздың ең қызықты да жарқыраған жастық шағын еліміздің өркендеуіне, келер ұрпақтың игілігіне арнадыңыздар. Бүгінде қарттар күнін атап өту, оларға құрмет, қолдау көрсету дәстүрлі іс-шаралардың біріне айналды. Асқар таудай панамыз болып ортамызда аман-сау жүре беріңіздер. Құттықтаймыз мейрамдарыңызбен аталар, әжелер,- деп осы мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімі  Г.Шаяхметова мереке соңында ой толғады.