Дұйсенбi , 23 Қазан 2017 г. 03:07

Қазақстан-рухани татулық көпірі

Рухани келісім күніне орай 11 қазанда Марқакөл ауылдық кітапханасында кітапханашылардың үйымдастыруымен «Қазақстан-рухани татулық көпірі» атты лекция-әңгіме өтті.

Лекция-әңгімеге Марқакөл ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Қасентаева Ә.А., Марқакөл ауылдық мешітінің имамы Қыдырханов Серік қажы, «Теректі» шекара комендатурасының комендантының орынбасары Сауранбаев Е.К., №1 Марқакөл орта мектебінің  9-10cынып оқушылары, №1Марқакөл орта мектебінің  қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Ескендірова Е.З, тарих пәнінің мұғалімі Жанбосынова М.Қ, Жинебаева С.Б., география пәнінің мұғалімі  Құмаш Табысбек қатысты.

Марқакөл ауылдық мешітінің имамы Серік қажы қысқаша баяндама жасады. Сонымен қатар, оқушылардың қойған сұрақтарына Серік қажы толықтай ашып жауап беріп отырды.

Одан соң Марқакөл ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Қасентаева Әлия Ахметкәрімқызы келе жатқан рухани келісім күнімен құттықтап,оқушыларға  жан мен тәннің азығы туралы әңгімеледі, кітапханашы Ақсартова Г.А.еліміздегі діни ахуалдың тұрақтылығы мен бірлестіктер арасындағы келісім туралы, ал Тимкенева С.Қ ұлттар арасындағы татулық пен халықтар арасындағы достық жайын айтты.

Ибраимова Қ.У. «Рухани келісім-бейбітшілік кепілі» тақырыптық сөре ұйымдастырып, қысқаша шолу жасалды.

Проеторлық экран арқылы «Ұлтаралық келісім және дін жарастығы» атты слайд-презентация, «Рухани келісім тұғыры» атты деректі фильм жиналған қауымның назарына ұсынылды.